Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 268

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
27. Имамның жамағатқа намазды толық орындау мен құбыла жайында насихат айтуы туралыبَابُ عِظَةِ الْإِمَامِ النَّاسَ فِي إِتْمَامِ الصَّلَاةِ وَذِكْرِ الْقِبْلَةِ
Нөмірі
№ 268 (Мухтасар реті) · Сахих: № 418
268
Бұхари, № 268 · Сахих: 418Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «هَلْ تَرَوْنَ قِبْلَتِي هَا هُنَا؟ فَوَاللَّهِ مَا يَخْفَى عَلَيَّ خُشُوعُكُمْ وَلَا رُكُوعُكُمْ، إِنِّي لَأَرَاكُمْ مِنْ وَرَاءِ ظَهْرِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Менің құбылам тек мына жақта деп ойлайсыңдар ма? Аллаға ант етемін, сендердің намаздағы ықыластарың да, рукуғтарың да менен жасырын қалмайды. Расында, мен сендерді ту сыртымнан да көріп тұрамын».