Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 277

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
34. Қабірлер арасында намаз оқудың құпталмайтыны туралыبَابُ كَرَاهِيَةِ الصَّلَاةِ فِي الْمَقَابِرِ
Нөмірі
№ 277 (Мухтасар реті) · Сахих: № 435, 436
277
Бұхари, № 277 · Сахих: 435, 436

عَنْ عَائِشَةَ وَابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: لَمَّا نَزَلَ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ طَفِقَ يَطْرَحُ خَمِيصَةً لَهُ عَلَى وَجْهِهِ، فَإِذَا اِغْتَمَّ بِهَا كَشَفَهَا عَنْ وَجْهِهِ، فَقَالَ وَهُوَ كَذَلِكَ: «لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الْيَهُودِ وَالنَّصَارَى، اِتَّخَذُوا قُبُورَ أَنْبِيَائِهِمْ مَسَاجِدَ». يُحَذِّرُ مَا صَنَعُوا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) мен Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қайтыс болар сәті жақындағанда, ол жүзінің үстіне өзінің хамисасын жаба бастады. Одан тынысы тарылған кезде, оны жүзінен ашып тастайтын. Сол күйінде жатып: “Алланың лағынеті яһудилер мен христиандарға болсын! Олар пайғамбарларының қабірлерін мешітке айналдырды”, – деді». Ол (с.а.с.) осылайша олардың істеген ісінен сақтандырған.