Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 286

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
43. Мешітте өлең айту туралыبَابُ الشِّعْرِ فِي الْمَسْجِدِ
Нөмірі
№ 286 (Мухтасар реті) · Сахих: № 453
286
Бұхари, № 286 · Сахих: 453

عَنْ حَسَّانِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ اسْتَشْهَدَ أَبَا هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنْشُدُكَ اللَّهَ، هَلْ سَمِعْتَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “يَا حَسَّانُ، أَجِبْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، اللَّهُمَّ أَيِّدْهُ بِرُوحِ الْقُدُسِ”؟» قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Хассан ибн Сәбит (р.а.) Әбу Һурайраны (р.а.) куәлікке шақырып: «Алланың атымен сенен сұраймын, Пайғамбардың (с.а.с.): “Уа, Хассан! Алла Елшісін қорғап, жауап бер. Уа, Алла! Оны Рухул-Қудуспен қолдай гөр!” – дегенін естідің бе?» – деп сұраған. Әбу Һурайра: «Иә», – деген.