Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 307

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
57. Мәдина жолдарының бойындағы мешіттер және Пайғамбар (с.а.с.) намаз оқыған орындар туралыبَابُ الْمَسَاجِدِ الَّتِي عَلَى طُرُقِ الْمَدِينَةِ وَالْمَوَاضِعِ الَّتِي صَلَّى فِيهَا النَّبِيُّ ﷺ
Нөмірі
№ 307 (Мухтасар реті) · Сахих: № 487
307
Бұхари, № 307 · Сахих: 487

وَحَدَّثَ عَبْدُ اللَّهِ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَنْزِلُ تَحْتَ سَرْحَةٍ ضَخْمَةٍ دُونَ الرُّوَيْثَةِ، عَنْ يَمِينِ الطَّرِيقِ، وَوِجَاهَ الطَّرِيقِ فِي مَكَانٍ بَطْحٍ سَهْلٍ، حَتَّى يُفْضِيَ مِنْ أَكَمَةٍ دُوَيْنَ بَرِيدِ الرُّوَيْثَةِ بِمِيلَيْنِ، وَقَدِ انْكَسَرَ أَعْلَاهَا، فَانْثَنَى فِي جَوْفِهَا وَهِيَ قَائِمَةٌ عَلَى سَاقٍ، وَفِي سَاقِهَا كُثُبٌ كَثِيرَةٌ.

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деп баяндаған: «Пайғамбар (с.а.с.) әр-Руәйсаға жетпей, жолдың оң жағындағы, жолға қарама-қарсы жатқан тегіс әрі жайпақ жерде өсіп тұрған үлкен сарха ағашының түбіне түсетін. Ол жер әр-Руәйсадағы жол бекетіне екі мильдей жетпей орналасқан шағын төбеден төмен түскен тұста еді. Ағаштың жоғарғы жағы сынып, ішіне қарай иіліп қалғанымен, діңінің үстінде тік тұрған. Оның түбінде көптеген құм үйінділері бар еді».