Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2125

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
80. Жүректі жұмсартатын нәрселер кітабыكِتَابُ الرِّقَاقِ
бап
11. Амал жасауда орта жолды ұстану және амалды тұрақты жалғастыру туралыبَابُ الْقَصْدِ وَالْمُدَاوَمَةِ عَلَى الْعَمَلِ
Нөмірі
№ 2125 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6463
2125
Бұхари, № 2125 · Сахих: 6463Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يُنَجِّيَ أَحَدًا مِنْكُمْ عَمَلُهُ». قَالُوا: «وَلَا أَنْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «وَلَا أَنَا، إِلَّا أَنْ يَتَغَمَّدَنِي اللَّهُ بِرَحْمَةٍ. سَدِّدُوا وَقَارِبُوا، وَاغْدُوا وَرُوحُوا، وَشَيْءٌ مِنَ الدُّلْجَةِ، وَالْقَصْدَ الْقَصْدَ تَبْلُغُوا».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ешқайсыңды өз амалың құтқара алмайды”, – деді. Адамдар: “Уа, Расулалла! Сізді де ме?” – деп сұрады. Ол: “Мені де, тек Алла Өз рақымына бөлесе ғана құтыламын. Туралықты көздеңдер әрі соған барынша жақындаңдар. Таңертең, кешке және түннің бір бөлігінде амал етіңдер. Орта жолды ұстаныңдар, орта жолды ұстаныңдар – сонда мұраттарыңа жетесіңдер”, – деді».