Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2142

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
80. Жүректі жұмсартатын нәрселер кітабыكِتَابُ الرِّقَاقِ
бап
24. Қиямет күні Алланың жерді уысына алуы туралыبَابُ يَقْبِضُ اللَّهُ الْأَرْضَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
Нөмірі
№ 2142 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6521
2142
Бұхари, № 2142 · Сахих: 6521Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى أَرْضٍ بَيْضَاءَ عَفْرَاءَ كَقُرْصَةِ نَقِيٍّ». قَالَ سَهْلٌ: «لَيْسَ فِيهَا مَعْلَمٌ لِأَحَدٍ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Қиямет күні адамдар тазартылған ақ ұннан пісірілген күлшедей, қызғылт реңі бар аппақ жерде жиналады”, – дегенін естідім», – деген. Сәһл: «Онда ешкімге жол нұсқайтын бірде-бір белгі болмайды», – деп айтқан.