Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2159

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
81. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
2. Алла Тағаланың «Алланың әмірі – әу бастан кесімді тағдыр» («Ахзаб», 38-аят) деген сөзі туралыبَابُ ﴿وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ قَدَرًا مَقْدُورًا﴾ [الْأَحْزَابِ: 38]
Нөмірі
№ 2159 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6604
2159
Бұхари, № 2159 · Сахих: 6604Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَقَدْ خَطَبَنَا النَّبِيُّ ﷺ خُطْبَةً مَا تَرَكَ فِيهَا شَيْئًا إِلَى قِيَامِ السَّاعَةِ إِلَّا ذَكَرَهُ؛ عَلِمَهُ مَنْ عَلِمَهُ، وَجَهِلَهُ مَنْ جَهِلَهُ. إِنْ كُنْتُ لَأَرَى الشَّيْءَ قَدْ نَسِيتُ، فَأَعْرِفُ مَا يَعْرِفُ الرَّجُلُ إِذَا غَابَ عَنْهُ فَرَآهُ فَعَرَفَهُ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бізге құтба оқып, Қиямет орнағанға дейін болатын нәрселердің ешқайсысын айтпай қалдырмады. Оларды білген адам білді, білмеген адам білмеді. Кейде сол айтылғандардың бірін ұмытып қалатынмын. Кейін оның жүзеге асқанын көргенде, көптен көрмеген танысын қайта кездестірген адамдай, оны бірден танитынмын».