Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2161

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
81. Тағдыр кітабыكِتَابُ الْقَدَرِ
бап
4. «Алла қорғаған адам ғана қорғалады» деген сөз туралыبَابُ الْمَعْصُومُ مَنْ عَصَمَ اللَّهُ
Нөмірі
№ 2161 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6611
2161
Бұхари, № 2161 · Сахих: 6611Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا اُسْتُخْلِفَ خَلِيفَةٌ إِلَّا لَهُ بِطَانَتَانِ: بِطَانَةٌ تَأْمُرُهُ بِالْخَيْرِ وَتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَبِطَانَةٌ تَأْمُرُهُ بِالشَّرِّ وَتَحُضُّهُ عَلَيْهِ، وَالْمَعْصُومُ مَنْ عَصَمَ اللَّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбір халифа билікке келсе де, оның екі топ сырлас кеңесшісі болады: бір тобы оған жақсылықты бұйырып, соған ынталандырады; екінші тобы жамандықты бұйырып, соған итермелейді. Алла қорғаған адам ғана қорғалады», – деген.