Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2171

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
82. Анттар мен нәзірлер кітабыكِتَابُ الْأَيْمَانِ وَالنُّذُورِ
бап
6. Мойнында орындалмаған нәзірі бар күйінде қайтыс болған адам туралыبَابُ مَنْ مَاتَ وَعَلَيْهِ نَذْرٌ
Нөмірі
№ 2171 (Мухтасар реті) · Сахих: № 6698
2171
Бұхари, № 2171 · Сахих: 6698Риуаят етуші: Сағд ибн Убада (р.а.)

عَنْ سَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ اِسْتَفْتَى النَّبِيَّ ﷺ فِي نَذْرٍ كَانَ عَلَى أُمِّهِ، تُوُفِّيَتْ قَبْلَ أَنْ تَقْضِيَهُ، فَأَفْتَاهُ أَنْ يَقْضِيَهُ عَنْهَا.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Ұбададан (р.а.) риуаят етіледі: ол анасының мойнында қалған нәзір жайында Пайғамбардан (с.а.с.) пәтуа сұрады. Анасы нәзірін орындап үлгерместен қайтыс болған еді. Пайғамбар (с.а.с.) оған анасының орнына сол нәзірді өтеуге пәтуа берді.