Хадис
كِتَابُ الدِّيَاتِ

Құн төлеу кітабы

Сахих әл-Бұхари, 87-кітап · 7 хадис · № 2191–2197

Мазмұны: 6 бап
  1. 1«Әрі кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады» («Мәида», 32-аят) деген аят туралы
  2. 2Алла Тағаланың «Жанға жан, көзге көз» («Мәида», 45-аят) деген сөзі туралы
  3. 3Бір адамның қанын хақсыз төкпек болған кісі туралы
  4. 4Билеушіге жүгінбестен өз ақысын алу немесе қысас жасау туралы
  5. 5Саусақтардың құны туралы

Хадистер

2191
Бұхари, № 2191 · Сахих: 6862Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَنْ يَزَالَ الْمُؤْمِنُ فِي فُسْحَةٍ مِنْ دِينِهِ مَا لَمْ يُصِبْ دَمًا حَرَامًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мүмін біреудің қанын хақсыз төкпегенше, дініндегі кеңшіліктен айырылмайды”, – деді», – деген.

2192
Бұхари, № 2192 · Сахих: 6866Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِلْمِقْدَادِ: «إِذَا كَانَ رَجُلٌ مُؤْمِنٌ يُخْفِي إِيمَانَهُ مَعَ قَوْمٍ كُفَّارٍ، فَأَظْهَرَ إِيمَانَهُ فَقَتَلْتَهُ، فَكَذَلِكَ كُنْتَ أَنْتَ تُخْفِي إِيمَانَكَ بِمَكَّةَ مِنْ قَبْلُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Миқдадқа: “Кәпір қауымының арасында иманын жасырып жүрген бір мүмін иманын жария еткенде, сен оны өлтірсең, ол да сенің бұрын Меккеде иманыңды жасырып жүрген кезіңдегідей жағдайда болғаны”, – деді», – деген.

بَابُ ﴿وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا﴾ [الْمَائِدَةِ: 32]

1-бап«Әрі кім біреуді өлімнен құтқарып қалса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады» («Мәида», 32-аят) деген аят туралы

2193
Бұхари, № 2193 · Сахих: 6874Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَمَلَ عَلَيْنَا السِّلَاحَ فَلَيْسَ مِنَّا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Пайғамбар (с.а.с.): «Кім бізге қарсы қару көтерсе, бізден емес», – деген.

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿أَنَّ النَّفْسَ بِالنَّفْسِ وَالْعَيْنَ بِالْعَيْنِ﴾ [الْمَائِدَةِ: 45]

2-бапАлла Тағаланың «Жанға жан, көзге көз» («Мәида», 45-аят) деген сөзі туралы

2194
Бұхари, № 2194 · Сахих: 6878

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ دَمُ اِمْرِئٍ مُسْلِمٍ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ، إِلَّا بِإِحْدَى ثَلَاثٍ: النَّفْسُ بِالنَّفْسِ، وَالثَّيِّبُ الزَّانِي، وَالْمَارِقُ مِنَ الدِّينِ التَّارِكُ لِلْجَمَاعَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне және менің Алланың Елшісі екеніме куәлік ететін мұсылман адамның қанын үш жағдайдың бірінен басқа кезде төгуге болмайды: жанға жан алынғанда, некеде болған адам зина жасағанда және діннен шығып, жамағатты тастағанда», – дегенін жеткізді.

بَابُ مَنْ طَلَبَ دَمَ اِمْرِئٍ بِغَيْرِ حَقٍّ

3-бапБір адамның қанын хақсыз төкпек болған кісі туралы

2195
Бұхари, № 2195 · Сахих: 6882Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَبْغَضُ النَّاسِ إِلَى اللَّهِ ثَلَاثَةٌ: مُلْحِدٌ فِي الْحَرَمِ، وَمُبْتَغٍ فِي الْإِسْلَامِ سُنَّةَ الْجَاهِلِيَّةِ، وَمُطَّلِبُ دَمِ اِمْرِئٍ بِغَيْرِ حَقٍّ لِيُهَرِيقَ دَمَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Алланың алдында ең жеккөрінішті адамдар – мына үшеуі: Харам аумағында зұлымдық жасаушы, Исламда жаһилия дәуірінің жолын қайта жандандыруды қалаушы және бір адамның қанын хақсыз төгуге ұмтылушы», – дегенін жеткізді.

بَابُ مَنْ أَخَذَ حَقَّهُ أَوِ اِقْتَصَّ دُونَ السُّلْطَانِ

4-бапБилеушіге жүгінбестен өз ақысын алу немесе қысас жасау туралы

2196
Бұхари, № 2196 · Сахих: 6888Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَوِ اِطَّلَعَ فِي بَيْتِكَ أَحَدٌ وَلَمْ تَأْذَنْ لَهُ، خَذَفْتَهُ بِحَصَاةٍ فَفَقَأْتَ عَيْنَهُ، مَا كَانَ عَلَيْكَ مِنْ جُنَاحٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Егер біреу сенің рұқсатыңсыз үйіңе сығалап қараса, сен оған ұсақ тас лақтырып, көзін шығарып алсаң, саған ешбір күнә жоқ», – дегенін жеткізген.

بَابُ دِيَةِ الْأَصَابِعِ

5-бапСаусақтардың құны туралы

2197
Бұхари, № 2197 · Сахих: 6895Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «هَذِهِ وَهَذِهِ سَوَاءٌ». يَعْنِي الْخِنْصَرَ وَالْإِبْهَامَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мынау мен мынау тең», – дегенін баяндады. Ол (с.а.с.) шынашақ пен бас бармақты меңзеген еді.