Хадис
كِتَابُ اِسْتِتَابَةِ الْمُرْتَدِّينَ

Діннен қайтқандарды тәубеге шақыру кітабы

Сахих әл-Бұхари, 88-кітап · 1 хадис · № 2198

بَابُ إِثْمِ مَنْ أَشْرَكَ بِاللَّهِ

1-бапАллаға серік қосқан адамның күнәсі туралы

2198
Бұхари, № 2198 · Сахих: 6921Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنُؤَاخَذُ بِمَا عَمِلْنَا فِي الْجَاهِلِيَّةِ؟» قَالَ: «مَنْ أَحْسَنَ فِي الْإِسْلَامِ لَمْ يُؤَاخَذْ بِمَا عَمِلَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، وَمَنْ أَسَاءَ فِي الْإِسْلَامِ أُخِذَ بِالْأَوَّلِ وَالْآخِرِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.): «Бір адам: “Уа, Расулалла! Жаһилия дәуірінде істеген істеріміз үшін жауапқа тартыламыз ба?” – деп сұрады. Ол: “Кім Исламды көркем ұстанса, жаһилия дәуірінде істегені үшін жауапқа тартылмайды. Ал кім Исламда жамандық жасаса, бұрынғысы үшін де, кейінгісі үшін де жауапқа тартылады”, – деді», – деген.