Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 343

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
9. Намаз уақыттары кітабыكِتَابُ مَوَاقِيتِ الصَّلَاةِ
бап
10. Екінті намазын тәрк еткен адамның күнәсі туралыبَابُ إِثْمِ مَنْ تَرَكَ الْعَصْرَ
Нөмірі
№ 343 (Мухтасар реті) · Сахих: № 554
343
Бұхари, № 343 · Сахих: 554Риуаят етуші: Жәрир (р.а.)

عَنْ جَرِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ، فَنَظَرَ إِلَى الْقَمَرِ لَيْلَةً فَقَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَرَوْنَ رَبَّكُمْ، كَمَا تَرَوْنَ هَذَا الْقَمَرَ، لَا تُضَامُونَ فِي رُؤْيَتِهِ، فَإِنِ اِسْتَطَعْتُمْ أَنْ لَا تُغْلَبُوا عَلَى صَلَاةٍ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ غُرُوبِهَا فَافْعَلُوا». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ قَبْلَ طُلُوعِ الشَّمْسِ وَقَبْلَ الْغُرُوبِ﴾ [قٓ: 39].

Қазақша аудармасы

Жәрирдің (р.а.) айтуынша, олар Пайғамбардың (с.а.с.) жанында отырған. Бір түні Пайғамбар (с.а.с.) айға қарап: «Расында, сендер мына айды көріп тұрғандарыңдай, Раббыларыңды да көресіңдер. Оны көруде еш қиындыққа тап болмайсыңдар. Ендеше, күн шықпай тұрып және күн батпай тұрып оқылатын намаздарды өткізіп алмауға шамаларың жетсе, солай істеңдер», – деді. Содан кейін «Күн шықпастан бұрын һәм батпай тұрып Раббыңды ұлықтап, мадақта» («Қаф», 39) деген аятты оқыды.