Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 346

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
9. Намаз уақыттары кітабыكِتَابُ مَوَاقِيتِ الصَّلَاةِ
бап
11. Күн батпай тұрып екінті намазының бір рәкәғатына үлгерген адам туралыبَابُ مَنْ أَدْرَكَ رَكْعَةً مِنَ الْعَصْرِ قَبْلَ الْغُرُوبِ
Нөмірі
№ 346 (Мухтасар реті) · Сахих: № 557
346
Бұхари, № 346 · Сахих: 557Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّمَا بَقَاؤُكُمْ فِيمَا سَلَفَ قَبْلَكُمْ مِنَ الْأُمَمِ كَمَا بَيْنَ صَلَاةِ الْعَصْرِ إِلَى غُرُوبِ الشَّمْسِ، أُوتِيَ أَهْلُ التَّوْرَاةِ التَّوْرَاةَ، فَعَمِلُوا حَتَّى إِذَا انْتَصَفَ النَّهَارُ عَجَزُوا، فَأُعْطُوا قِيرَاطًا قِيرَاطًا، ثُمَّ أُوتِيَ أَهْلُ الْإِنْجِيلِ الْإِنْجِيلَ، فَعَمِلُوا إِلَى صَلَاةِ الْعَصْرِ، ثُمَّ عَجَزُوا، فَأُعْطُوا قِيرَاطًا قِيرَاطًا، ثُمَّ أُوتِينَا الْقُرْآنَ، فَعَمِلْنَا إِلَى غُرُوبِ الشَّمْسِ، فَأُعْطِينَا قِيرَاطَيْنِ قِيرَاطَيْنِ، فَقَالَ أَهْلُ الْكِتَابَيْنِ: “أَيْ رَبَّنَا، أَعْطَيْتَ هَؤُلَاءِ قِيرَاطَيْنِ قِيرَاطَيْنِ، وَأَعْطَيْتَنَا قِيرَاطًا قِيرَاطًا، وَنَحْنُ كُنَّا أَكْثَرَ عَمَلًا؟” قَالَ: قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “هَلْ ظَلَمْتُكُمْ مِنْ أَجْرِكُمْ مِنْ شَيْءٍ؟” قَالُوا: “لَا”. قَالَ: “فَهُوَ فَضْلِي أُوتِيهِ مَنْ أَشَاءُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін хабарлаған: «Сендердің бұл дүниедегі қалған уақыттарың өздеріңнен бұрын өткен үмбеттердің уақытымен салыстырғанда, екінті намазынан күн батқанға дейінгі уақыт секілді. Тәурат иелеріне Тәурат берілді. Олар күннің тең жартысына дейін амал етті де, кейін әлсіреп, жалғастыра алмады. Сонда олардың әрқайсысына бір-бір қираттан сый берілді. Содан кейін Інжіл иелеріне Інжіл берілді. Олар екінті намазының уақытына дейін амал етті де, кейін әлсіреп, жалғастыра алмады. Сонда олардың әрқайсысына бір-бір қираттан сый берілді. Артынша бізге Құран берілді. Біз күн батқанға дейін амал еттік. Сөйтіп, әрқайсымызға екі-екі қираттан сый берілді. Сонда екі кітаптың иелері: “Уа, Раббымыз! Мыналарға екі-екі қираттан, ал бізге бір-бір қираттан бердің. Алайда біз олардан көбірек еңбек еттік қой”, – деді. Сонда Ұлы Алла: “Сендердің сыйларыңнан бір нәрсе кемітіп, сендерге әділетсіздік жасадым ба?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Сонда Алла: “Бұл – Менің кеңшілігім. Оны қалағаныма беремін”, – деді».