وَفِي رِوَايَةٍ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَيْهِ الْآنَ، يَقْطُرُ رَأْسُهُ مَاءً، وَاضِعًا يَدَهُ عَلَى رَأْسِهِ، فَقَالَ: «لَوْلَا أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمَّتِي لَأَمَرْتُهُمْ أَنْ يُصَلُّوهَا هَكَذَا». وَحَكَى ابْنُ عَبَّاسٍ وَضْعَ النَّبِيِّ ﷺ يَدَهُ عَلَى رَأْسِهِ، قَالَ: فَبَدَّدَ أَصَابِعَهُ شَيْئًا مِنْ تَبْدِيدٍ، ثُمَّ وَضَعَ أَطْرَافَ أَصَابِعِهِ عَلَى قَرْنِ الرَّأْسِ، ثُمَّ ضَمَّهَا، يُمِرُّهَا كَذَلِكَ عَلَى الرَّأْسِ، حَتَّى مَسَّتْ إِبْهَامُهُ طَرَفَ الْأُذُنِ مِمَّا يَلِي الْوَجْهَ عَلَى الصُّدْغِ، وَنَاحِيَةِ اللِّحْيَةِ، لَا يُقَصِّرُ وَلَا يَبْطِشُ إِلَّا كَذَلِكَ.
Ибн Аббастан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с.) сыртқа шықты. Оның сол сәттегі бейнесі әлі де көз алдымда: басынан су тамшылап тұрды әрі қолын басына қойған еді. Сонда ол: “Үмбетіме ауырлық түспегенде, оларға құптан намазын дәл осы уақытта оқуды бұйырар едім”, – деді», – деп берілген. Ибн Аббас Пайғамбардың (с.а.с.) қолын басына қалай қойғанын көрсетті: саусақтарының арасын сәл ашып, ұштарын төбесіне қойды да, оларды біріктіре отырып, қолын басының үстімен жүргізді. Ақыры бас бармағы құлағының бетке таяу алдыңғы жағына, самайы мен сақалының тұсына жетті. Қимылын тым баяулатпай да, асықпай да, дәл осылай көрсетті.