Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2216

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
90. Бүліктер кітабыكِتَابُ الْفِتَنِ
бап
5. Бүлік кезінде отырған адамның тұрған адамнан қайырлы болуы туралыبَابُ تَكُونُ فِتْنَةٌ الْقَاعِدُ فِيهَا خَيْرٌ مِنَ الْقَائِمِ
Нөмірі
№ 2216 (Мухтасар реті) · Сахих: № 7081
2216
Бұхари, № 2216 · Сахих: 7081Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَتَكُونُ فِتَنٌ، الْقَاعِدُ فِيهَا خَيْرٌ مِنَ الْقَائِمِ، وَالْقَائِمُ فِيهَا خَيْرٌ مِنَ الْمَاشِي، وَالْمَاشِي فِيهَا خَيْرٌ مِنَ السَّاعِي؛ مَنْ تَشَرَّفَ لَهَا تَسْتَشْرِفْهُ، فَمَنْ وَجَدَ فِيهَا مَلْجَأً أَوْ مَعَاذًا فَلْيَعُذْ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүліктер болады. Ол кезде отырған адам тұрған адамнан қайырлы, тұрған адам жүрген адамнан қайырлы, ал жүрген адам жүгірген адамнан қайырлы. Кім бүлікке мойын созса, бүлік оны өзіне тартып әкетеді. Сондықтан кім одан паналайтын жер немесе қорған тапса, соны паналасын”, – деді», – деген.