Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2227

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
91. Үкімдер кітабыكِتَابُ الْأَحْكَامِ
бап
4. Кім өзгеге қиындық жасаса, Алла да оған қиындық жасайтыны туралыبَابُ مَنْ شَاقَّ شَقَّ اللَّهُ عَلَيْهِ
Нөмірі
№ 2227 (Мухтасар реті) · Сахих: № 7152
2227
Бұхари, № 2227 · Сахих: 7152Риуаят етуші: Жундуб (р.а.)

عَنْ جُنْدَبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَمَّعَ سَمَّعَ اللَّهُ بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». قَالَ: «وَمَنْ يُشَاقِقْ يَشْقُقِ اللَّهُ عَلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». فَقَالُوا: «أَوْصِنَا». فَقَالَ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا يُنْتِنُ مِنَ الْإِنْسَانِ بَطْنُهُ، فَمَنِ اِسْتَطَاعَ أَنْ لَا يَأْكُلَ إِلَّا طَيِّبًا فَلْيَفْعَلْ، وَمَنِ اِسْتَطَاعَ أَنْ لَا يُحَالَ بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجَنَّةِ بِمِلْءِ كَفِّهِ مِنْ دَمٍ أَهْرَاقَهُ فَلْيَفْعَلْ».

Қазақша аудармасы

Жундуб (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім жасаған амалын жұртқа естіртіп, атақ іздесе, Алла Қиямет күні оны жұртқа әшкере етеді. Кім өзгеге қиындық жасаса, Алла Қиямет күні оған да қиындық жасайды”, – дегенін естідім», – деген. Сонда адамдар Жундубқа: «Бізге өсиет айтыңыз», – деді. Ол: «Адам денесінің ең әуелі сасып, бұзыла бастайтын жері – қарны. Сондықтан кімнің шамасы келсе, адал әрі таза астан басқа ештеңе жемесін. Сондай-ақ кімнің шамасы келсе, өзі төккен бір уыс қанның Жәннат пен өзінің арасына бөгет болуына жол бермесін», – деді.