Хадис

«Муддәссир» сүресі

Кутуб ситтә, 3-том, 121-тарау · 3 хадис · № 849–851

Хадистер

849
Кутуб ситтә, № 849 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الصَّعُودُ عَقَبَةٌ فِي النَّارِ يَتَصَعَّدُهَا الْكَافِرُ سَبْعِينَ خَرِيفًا ثُمَّ يَهْوِى فِي النَّارِ سَبْعِينَ خَرِيفًا فَهُوَ فِيهَا كَذَلِكَ أَبَدًا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) “Муддәссир” сүресінің “жақында оны Суғудқа, яғни, жаһаннамдағы тік жартасқа өрмелетіп, титығына жететін азапқа саламын” деген 17-аятында берілген صَعُودًا (тік жартас) сөзін “отты тау, кәпір оған жетпіс жылда шығады, шыққаннан кейін қайтадан жетпіс жылда жаһаннамға кері түседі. Осылайша жаһаннамда мәңгілік азап тартады” деп түсіндірген».1

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Мүддәссир» (№3326).
850
Кутуб ситтә, № 850 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ نَاسٌ مِنَ الْيَهُودِ لِأُنَاسٍ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِىِّ ﷺ: هَلْ يَعْلَمُ نَبِيُّكُمْ عَدَدَ خَزَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالُوا لَا نَدْرِى حَتَّى نَسْألَهُ. فَجَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِىِّ ﷺ فَقَالَ يَامُحَمَّدُ غُلِبَ أَصْحَابُكَ الْيَوْمَ. قَالَ: وَبِمَ غُلِبُوا؟ قَالَ: سَأَلَهُمْ يَهُودٌ هَلْ يَعْلَمُ نَبِيُّكُمْ عَدَدَ خَرَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالَ: فَمَا قَالُوا؟ قَالَ: قَالُوا لَا نَدْرِى حَتَّى نَسْأَلَ نَبِيَّنَا. قَالَ: أَفَغُلِبَ قَوْمٌ سُئِلُوا عَمَّا لَا يَعْلَمُونَ. فَقَالُوا لَا َ نَعْلَمُ؟ لَكِنَّهُمْ قَدْ سَأَلُوا نَبِيَّهُمْ فَقَالُوا أَرِنَا اللَّهَ جَهْرَةً، عَلَىَّ بِأَعْدَاءِ اللَّهِ إِنِّى سَائِلُهُمْ عَنْ تُرْبَةِ الْجَنَّةِ وَهِىَ الدَّرْمَكُ. فَلَمَّا جَاءُوا قَالُوا: يَا أَبَا الْقَاسِمِ: كَمْ عَدَدُ خَزَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالَ: هَكَذَا وَهَكَذَا فِي مَرَّةٍ عَشْرَةً وَفِي مَرَّةٍ تِسْعَةً. قَالُوا نَعَمْ! قَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا تُرْبَةُ الْجَنَّةِ؟ فَسَكَتُوا هُنَيْئَةً؛ ثُمَّ قَالُوا: أَخْبِرْنَا يَا أَبَا الْقَاسِمِ. فَقَالَ: الْخُبْزُ مِنَ الدَّرْمَكِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Яһудилердің бір бөлігі кейбір сахабалардан: «Пайғамбарларың жаһаннам күзетшілерінің санын біле ме?» – деп сұрады. Олар: «Әзірге білмейміз, өзінен сұрап көреміз!» – деп жауап берді. Олардың біреуі Алла Елшісіне барып:

– Уа, Мұхаммед! Бүгін сахабаларың жеңілді, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Немен жеңілді? – деп сұрады. Ол:

– Яһудилер оларға: «Пайғамбарларың жаһаннам күзетшілерінің санын біле ме?» – деп сұрады.

– Не деп жауап берді?

– Әзірге білмейміз, өзінен сұрап көреміз, – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Бір қауымнан білмеген нәрсесі сұралса, олар: «Білмейміз, пайғамбарымыздан сұрайық» десе, бұл оларды жеңген болып санала ма екен? Алайда яһудилер пайғамбарларына (болмашы нәрселер сұраған): «Бізге Алланы ашықтан-ашық көрсет!» деген. Әлгі Алла дұшпандарын маған алып келіңдер. Мен де оларға жаннаттың ақ топырағы жайлы сұрайын, – деді.

Яһудилер келіп:

– Уа, Әбул-Қасым, жаһаннамның күзетшілері қанша? – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саусақтарымен бірде онды, бірде тоғызды көрсетіп:

– Он тоғыз, – деді. Олар:

– Иә! – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардан:

– Ендеше, жаннаттың топырағы қандай? – деп сұрады. Олар біраз үнсіз қалып, сосын:

– Уа, Әбул-Қасым, бізге сен айт! – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Нан ақ ұннан жасалады, – деді.1

Түсіндірме

Тирмизи бұл риуаятты «ғариб» деп бағалаған. Оның айтуынша, бұл хадис осы жеткізу тізбегімен тек Мужалидтен жеткен.

Мужалид – әлсіз рауи. Өмірінің соңында есте сақтау қабілеті нашарлаған. Алайда хадистің кейбір бөлімдерін Суютидің «әд-Дуррул-мансурда» ибн Әбу Хатим, ибн Мардуя және Бәйхақиден Бәззар арқылы жеткізген бір риуаят дәлелдейді: «Бір топ яһуди Алла Елшісінің бір сахабасынан жаһаннамның күзетшілері жайлы сұраған. Сахаба: «Алла мен Оның Елшісі біледі», – деп жауап берді. Сосын болған жағдайды Алла Елшісіне айтады. Осыған байланысты: ﴿عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ﴾ «Оның басында он тоғыз періште бар.»2 деген аяты түсті.

Мәтіннен байқалмаса да, бұл хадистің «Муддәссир» сүресінің түсу себебін түсіндіру үшін берілгенін аңғарамыз.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Мүддәссир» (№3327, Ибраһим Жанан басылымында №3324).
  2. 2«Мүддәссир» сүресі, 19-аят
851
Кутуб ситтә, № 851 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: هُوَ أَهْلُ التَّقْوَى وَأَهْلُ الْمَغْفِرَةِ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: أَنَا أَهْلٌ أَنْ أُتَّقَى، فَمَنِ اتَّقَانِى فَلَمْ يَجْعَلْ مَعِى إِلَهًا فَأَنَا أَهْلٌ أَنْ أَغْفِرَ لَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) «Мүддәссир» сүресінің 56-аятындағы هُوَ أَهْلُ التَّقْوَىٰ وَأَهْلُ الْمَغْفِرَةِ «Жазасынан қорқу керек болған да, күнәларды кешіруші де бір Өзі!» деген сөзді Алла елшісі (с.а.с.) былай тәпсірлегенін жеткізді: «Алла Тағала: “Мен тақуалық танытуға лайықпын. Кім Менен именіп, Маған басқа құдайды серік қоспаса, оны кешіруге Мен лайықпын”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Мүддәссир» (№3328, Ибраһим Жанан басылымында №3325); Ибн Мәжа, «Зуһд», 35 (№4299).