وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ نَاسٌ مِنَ الْيَهُودِ لِأُنَاسٍ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِىِّ ﷺ: هَلْ يَعْلَمُ نَبِيُّكُمْ عَدَدَ خَزَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالُوا لَا نَدْرِى حَتَّى نَسْألَهُ. فَجَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِىِّ ﷺ فَقَالَ يَامُحَمَّدُ غُلِبَ أَصْحَابُكَ الْيَوْمَ. قَالَ: وَبِمَ غُلِبُوا؟ قَالَ: سَأَلَهُمْ يَهُودٌ هَلْ يَعْلَمُ نَبِيُّكُمْ عَدَدَ خَرَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالَ: فَمَا قَالُوا؟ قَالَ: قَالُوا لَا نَدْرِى حَتَّى نَسْأَلَ نَبِيَّنَا. قَالَ: أَفَغُلِبَ قَوْمٌ سُئِلُوا عَمَّا لَا يَعْلَمُونَ. فَقَالُوا لَا َ نَعْلَمُ؟ لَكِنَّهُمْ قَدْ سَأَلُوا نَبِيَّهُمْ فَقَالُوا أَرِنَا اللَّهَ جَهْرَةً، عَلَىَّ بِأَعْدَاءِ اللَّهِ إِنِّى سَائِلُهُمْ عَنْ تُرْبَةِ الْجَنَّةِ وَهِىَ الدَّرْمَكُ. فَلَمَّا جَاءُوا قَالُوا: يَا أَبَا الْقَاسِمِ: كَمْ عَدَدُ خَزَنَةِ جَهَنَّمَ؟ قَالَ: هَكَذَا وَهَكَذَا فِي مَرَّةٍ عَشْرَةً وَفِي مَرَّةٍ تِسْعَةً. قَالُوا نَعَمْ! قَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا تُرْبَةُ الْجَنَّةِ؟ فَسَكَتُوا هُنَيْئَةً؛ ثُمَّ قَالُوا: أَخْبِرْنَا يَا أَبَا الْقَاسِمِ. فَقَالَ: الْخُبْزُ مِنَ الدَّرْمَكِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Яһудилердің бір бөлігі кейбір сахабалардан: «Пайғамбарларың жаһаннам күзетшілерінің санын біле ме?» – деп сұрады. Олар: «Әзірге білмейміз, өзінен сұрап көреміз!» – деп жауап берді. Олардың біреуі Алла Елшісіне барып:
– Уа, Мұхаммед! Бүгін сахабаларың жеңілді, – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Немен жеңілді? – деп сұрады. Ол:
– Яһудилер оларға: «Пайғамбарларың жаһаннам күзетшілерінің санын біле ме?» – деп сұрады.
– Не деп жауап берді?
– Әзірге білмейміз, өзінен сұрап көреміз, – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Бір қауымнан білмеген нәрсесі сұралса, олар: «Білмейміз, пайғамбарымыздан сұрайық» десе, бұл оларды жеңген болып санала ма екен? Алайда яһудилер пайғамбарларына (болмашы нәрселер сұраған): «Бізге Алланы ашықтан-ашық көрсет!» деген. Әлгі Алла дұшпандарын маған алып келіңдер. Мен де оларға жаннаттың ақ топырағы жайлы сұрайын, – деді.
Яһудилер келіп:
– Уа, Әбул-Қасым, жаһаннамның күзетшілері қанша? – деді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саусақтарымен бірде онды, бірде тоғызды көрсетіп:
– Он тоғыз, – деді. Олар:
– Иә! – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардан:
– Ендеше, жаннаттың топырағы қандай? – деп сұрады. Олар біраз үнсіз қалып, сосын:
– Уа, Әбул-Қасым, бізге сен айт! – деді. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Нан ақ ұннан жасалады, – деді.1
Түсіндірме
Тирмизи бұл риуаятты «ғариб» деп бағалаған. Оның айтуынша, бұл хадис осы жеткізу тізбегімен тек Мужалидтен жеткен.
Мужалид – әлсіз рауи. Өмірінің соңында есте сақтау қабілеті нашарлаған. Алайда хадистің кейбір бөлімдерін Суютидің «әд-Дуррул-мансурда» ибн Әбу Хатим, ибн Мардуя және Бәйхақиден Бәззар арқылы жеткізген бір риуаят дәлелдейді: «Бір топ яһуди Алла Елшісінің бір сахабасынан жаһаннамның күзетшілері жайлы сұраған. Сахаба: «Алла мен Оның Елшісі біледі», – деп жауап берді. Сосын болған жағдайды Алла Елшісіне айтады. Осыған байланысты: ﴿عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ﴾ «Оның басында он тоғыз періште бар.»2 деген аяты түсті.
Мәтіннен байқалмаса да, бұл хадистің «Муддәссир» сүресінің түсу себебін түсіндіру үшін берілгенін аңғарамыз.