Хадис

Кутуб ситтә, № 869

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
135. «Қадір» сүресі
Нөмірі
№ 869 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
869
Кутуб ситтә, № 869 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا أَسْمَعُ عَنْ لَيْلَةِ الْقَدْرِ، فَقَالَ: هِىَ فِي كُلِّ رَمَضَانَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.) Қадір түні жайлы сұрағанын өз құлағыммен естідім. Ол: “Қадір түні әр Рамазанда болады”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

Мың айдан да қайырлы болған Қадір түнінің рамазан айының қай күніне сәйкес келетінін білуді әркім-ақ қалайды. Бұл жайлы Расулалладан сұралғанда, әртүрлі жауаптар берген. Рамазан айының ішінде, тақ күндерінің түнінде, әсіресе, соңғы он күнінде екендігіне қатысты риуаяттар бар. Алайда қай күнінде екендігіне қатысты риуаяттардың көптігі соншалық – Ибн Хажардың айтуынша, қырықтан астам пікір айтылған. Сол көзқарастардың біреуі бойынша, Қадір түні Рамазанда емес, бір жылдың ішіндегі кез келген бір түнде. Алайда жоғарыдағы риуаят бойынша, Қадір түні Рамазан айының кез келген бір түнінде болуы мүмкін. Тіпті Алиул-Қари осы хадиске сүйеніп: «Егер кімде-кім Рамазан айының ортасында немесе одан бұрынырақ әйеліне: «Сен Қадір түнінде талақсың» дейтін болса, келесі жылдың Рамазан айы келгенге дейін әйелі талақ болмайды. Мұндай жағдайда талақ келесі жылғы Рамазан айында сол сөз айтылған күнде орындалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат, 324, (1387).