وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ وَرَأَيْتُنِى أَسْجُدُ فِي صَبِيحَتِهَا فِي مَاءٍ وَطِينٍ. فَهَاجَتِ السَّمَاءُ وَكَانَ الْمَسْجِدُ مِنْ عَرِيشٍ فَلَقَدْ رَأَيْتُهُ وَعَلَى أَنْفِهِ وَأَرْنَبَتِهِ أَثَرُ الْمَاءِ وَالطِّينِ، وَذَلِكَ صَبِيحَةَ إِحْدَى وَعِشْرِينَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِىُّ.
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Маған Қадір түні көрсетілді, кейін оны ұмыттым. Сол түннің таңында су мен балшыққа сәжде еткенімді көрдім”, – деді. Жаңбыр жауды. Мешіттің төбесі құрма бұтақтарымен жабылған еді. Рамазанның жиырма бірінші таңы атқанда Расулалланың маңдайы мен мұрнынан су мен балшықтың ізін көрдім».1
- 1Бұхари, Ләйләтул-қадр 1, 13; Мүслим, Сиям 215, (1165); Әбу Дәуіт, Салат 320, (1382.1383) «Рамазан 3»; ибн Мәжа Саум, 56, (1766); Муатта, Итикаф 9 (1, 319).