وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ يَزِيدٍ وَأُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقْرَأُ: «إِنَّهُ عَمِلَ غَيْرَ صَالِحٍ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Түсіндірме
Аят Нұхтың ұлын сипаттайды: قَالَ يَٰنُوحُ إِنَّهُۥ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَ إِنَّهُۥ عَمَلٌ غَيْرُ صَٰلِحٍ فَلَا تَسْـَٔلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمٌ إِنِّىٓ أَعِظُكَ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ «Алла: “Уа, Нұх! Ол сенің жанұяңнан емес. Расында, оның ісі ізгі емес. Өзің нақты білмейтін мәселені қозғап, маған өтініш айтпа. Надандардың қатарына қосылмауың үшін саған насихат айтамын”, – деді»3. Ибн Кәсир, Нафиғ, Әбу Амр және Ибн Амир عَمَلٌ غَيْرُ صَالِحٍ деп оқыған. Әл-Кисаи عَمِلَ غَيْرَ صَالِحٍ деп, «ол ізгі іс істеген жоқ» деген мағынада оқыған.