Хадис

Кутуб ситтә, № 935

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
147. Шәз қырағат
Нөмірі
№ 935 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 13
935
Кутуб ситтә, № 935 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَرَأَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سُورَةٌ أَنْزَلْنَاهَا وَفَرَضْنَاهَا»، يَعْنِي مُخَفَّفَةَ الرَّاءِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) «Нұр» сүресінің 1-аятын سُورَةٌ أَنْزَلْنَاهَا وَفَرَضْنَاهَا деп, فَرَضْنَاهَا сөзіндегі «ра» әрпін шәддәсіз оқығанын жеткізген.1

Түсіндірме

Бұл аятты көпшілік қарилар риуаятта берілгендей шәддәсіз فرضْنَاهَا деп оқыған: ибн Мәсғуд, Әбу Абдуррахман әс-Сулами, Хасан, Икрима, Дахлак, Зуһри, Нафиғ, ибн Амир, Асым, Хамза, әл-Кисаи т.б.

Ибн Кәсир мен Әбу Амр فَرَّضْنَاهَا деп, «ра» әрпін шәддәмен оқыған.

Зажжаж былай дейді: «Шәддәмен оқылғанда екі мағына туындайды:

1. Міндеттердің көптігін білдіреді. Яғни: «Бұл сүрені Біз түсіріп, ондағы үкімдерді сендерге парыз еттік».

2. «Бұл сүреде ненің халал, ненің харам екенін түсіндірдік».

Шәддәсіз оқылғанда: «Сүреде парыз етілгендерді орындауды сендерге міндеттедік», – деген мағына шығады.

Зәжжаждан басқалары былай деген: «Шәддәмен оқығанда: «Бұл сүредегі парыздарды жан-жақты түсіндірдік», шәддәсіз оқығанда: «ішіндегі үкімдерді сендерге парыз қылдық» деген мағына шығады».

  1. 1Әбу Дәуіт, Хуруф 1, (4008).