Хадис

Кутуб ситтә, № 1263

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
153. Тәлбия жайында
Нөмірі
№ 1263 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1263
Кутуб ситтә, № 1263 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: يَا أَبَا الْعَبَّاسِ، عَجِبْتُ لِاخْتِلافِ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي إِهْلَالِهِ حِينَ أَوْجَبَ. فَقَالَ: إِنِّي لَأَعْلَمُ النَّاسِ بِذَلِكَ، إِنَّهَا إِنَّمَا كَانَتْ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَجَّةً وَاحِدَةً فَمِنْ هُنَالِكَ اخْتَلَفُوا. خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَاجًّا فَلَمَّا صَلَّى فِي مَسْجِدِ ذِي الْحُلَيْفَةِ رَكْعَتَيْهِ أَوْجَبَهُ فِي مَجْلِسِهِ فَأَهَلَّ بِالْحَجِّ حِينَ فَرَغَ مِنَ رَكْعَتَيْهِ فَسَمِعَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ فَحَفِظْتُهُ عَنْهُ، ثُمَّ رَكِبَ فَلَمَّا اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ أَهَلَّ وَأَدْرَكَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ. وَذَلِكَ أَنَّ النَّاسَ إِنَّمَا كَانُوا يَأْتُونَ أَرْسَالًا فَسَمِعُوهُ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ يُهِلُّ. فَقَالُوا إِنَّمَا أَهَلَّ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ ثُمَّ مَضَى فَلَمَّا عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ أَهَلَّ وَأَدْرَكَ ذَلِكَ مِنْهُ أَقْوَامٌ فَقَالُوا إِنَّمَا أَهَلَّ حِينَ عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ. وَايْمُ اللَّهِ لَقَدْ أَوْجَبَ فِي مُصَلَّاهُ وَأَهَلَّ حِينَ اسْتَقَلَّتْ بِهِ نَاقَتُهُ وَأَهَلَّ حِينَ عَلَا عَلَى شَرَفِ الْبَيْدَاءِ. قَالَ سَعِيدُ بْنُ جُبَيْرٍ: فَمَنْ أَخَذَ بِقَوْلِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَهَلَّ فِي مُصَلَّاهُ إِذَا فَرَغَ مِنْ رَكَعَتَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай дейді: «Ибн Аббасқа (р.а.): “Уа, Әбу әл-Аббас, Алла елшісінің (с.а.с.) қажылықты бастағанда қай жерде тәлбия айтқаны жөнінде сахабалардың әртүрлі хабар жеткізгеніне таңғаламын”, – дедім. Ол: “Мұны жұрттың бәрінен жақсы білемін. Алла елшісі бір-ақ рет қажылық жасады, пікір айырмасы сол қажылыққа қатысты. Ол қажылық ниетімен жолға шығып, Зулхуләйфа мешітінде екі рәкат намаз оқыды да, сол жерде ихрамға кірді. Намазын аяқтаған бойда қажылық тәлбиясын айтты. Оны бір топ адам естіді. Мен де естіп, есімде сақтадым. Кейін түйесіне мінді. Түйесі орнынан көтерілгенде, тағы тәлбия айтты. Оны басқа адамдар естіді. Жұрт топ-тобымен келіп жатқандықтан, кейбірі оны түйесі орнынан көтерілген сәтте ғана естіп: ‘Алла елшісі түйесі орнынан көтерілгенде тәлбия айтты’, – деді. Ол жолын жалғастырып, Бәйда төбесіне көтерілгенде тағы тәлбия айтты. Оны естіген өзге адамдар: ‘Алла елшісі тәлбияны Бәйда төбесіне көтерілгенде айтты’, – деді. Аллаға ант етемін, Алла елшісі қажылығын намаз оқыған жерінде бастады, түйесі орнынан көтерілгенде тәлбия айтты және Бәйда төбесіне көтерілгенде де тәлбия айтты”, – деді».

Сағид ибн Жубәйр: «Ибн Аббастың сөзіне сүйенген кісі екі рәкат намазын аяқтаған бойда намаз оқыған жерінде тәлбия айтады»1, – деген.

Түсіндірме

сі № 1261 хадисте берілген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 21 (№ 1770). Жинақтағы рауи – Сағид ибн Жубәйр.