Хадис

Кутуб ситтә, № 1265

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
153. Тәлбия жайында
Нөмірі
№ 1265 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
1265
Кутуб ситтә, № 1265 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُلَبِّي الْمُقِيمُ أَوِ الْمُعْتَمِرُ حَتَّى يَسْتَلِمَ الْحَجَرَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَعِنْدَهُ: كَانَ يُمْسِكُ عَنِ التَّلْبِيَةِ فِي الْعُمْرَةِ إِذَا اسْتَلَمَ الْحَجَرَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Меккеде тұратын немесе умра жасаған кісі Қара тасқа истилам жасағанға дейін тәлбия айтады»1.

Тирмизи нұсқасында Алла елшісінің (с.а.с.) умрада Қара тасқа истилам жасағанда тәлбияны тоқтатқаны айтылады.

Түсіндірме

1. «Истилам» сөздікте сәлем сөзінен алынған. «Сәлемдесу», «сәлем беру» деп аударуға болады. Бұл қасиетті Қағбаның шығыс (немесе Хажарул-әсуад) деп аталатын бұрышындағы Хажарул-әсуадқа (Қара тасқа) тәкбір айтып, сәлем беру ниетімен қолдарды үстіне қойып, сүю арқылы жасалады. Хажарул-әсуадтың жанына бара алмаған жағдайда, алыстан тұсына келген кезде Хажарул-әсуадқа қарап тұрып, алақанды Қағбаға қарата құлақтың тұсына дейін көтеріп «Бисмиллаһи Аллаһу әкбар» деп қолды Хажарул-әсуадтың үстіне қойған сияқты ишарамен алыстан сәлем жасалады һәм оң алақан сүйіледі. Бұл да жанына барып сүю сияқты алыстан орындалатын сәлем. (Хажарул-әсуадты сәлемдеуге қатысты кең мағлұмат үшін №1551 хадиске қараңыз).

2. Бұл хадиске қатысты Тирмизи былай дейді: «Ибн Аббастың бұл риуаяты сахих хадис. Ғалымдардың көбі осымен амал жасаған және былай деген: «Умра жасаған адам Хажарул-әсуадке сәлем жасамайынша тәлбияны тоқтатпайды». Кейбір ғалымдар: «Меккенің сыртқы үйлеріне жеткен сәтте тәлбияны тоқтатады» деген. Тирмизи амалда пайғамбардан (с.а.с.) жеткен риуаяттың негізге алынғандығын айтқан және мұнымен үкім қылғандардан Суфиян Сәури, Шәфиғи, Ахмад және Исхақтардың есімдерін атаған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 29 (№ 1817). Тирмизи, «Хаж», 79 (№ 919). Әбу Дәуіттің № 1817 нұсқасында умра жасаушы ғана аталады. Тирмизи өз нұсқасын сахих деп бағалаған, кейінгі басылымдарда әлсіз деген баға да бар.