Хадис

Кутуб ситтә, № 1290

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
158. Тәмәттуғ және қажылық ниетін умраға ауыстыру
Нөмірі
№ 1290 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1290
Кутуб ситтә, № 1290 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «تَمَتَّعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ وَعُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، وَأَوَّلُ مَنْ نَهَى عَنْهَا مُعَاوِيَةُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла елшісі (с.а.с.), Әбу Бәкір, Омар және Осман (р.а.) тәмәттуғ атқарған. Оған алғаш тыйым салған – Муғауия (р.а.)»1.

Түсіндірме

1. Бұл риуаят бойынша әзірет Осман мен әзірет Омар да тәмәттуғ қажылық жасаған. Тәмәттуғ қажылыққа ең алғаш Муғауия тыйым салған. Бұл хадистегі мағлұмат жоғарыда келген риуаяттарға қайшы. Өйткені алдыңғы риуаятта әзірет Османның тәмәттуғ қажылыққа тыйым салғаны айтылған. Кейбір ғалымдар бұл мәселені былайша жорамал жасаған:

«Әзірет Осман мен әзірет Омардың тыйымдары – тәнзиһи тыйым, яғни, харам емес. Муғауияның тыйымы болса, тахрими тыйым, харамға жақын. Олай болса тахрим мағынасында алғашқы тыйымды қойған Муғауия (р.а.) болған». Сондай-ақ Нәуәуи әзірет Омар мен әзірет Османның (р.а.) тыйымдарының тәнзиһи екенін айтқан. Тәнзиһи тыйым «ұсыныс» деген мағынасын білдіреді, нақты әмірге жатпайды.

  1. 1Тирмизи, Хажж 12, (822); Нәсәи, Хажж 50, (5, 153, 154).