وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: «مَنِ اعْتَمَرَ فِي أَشْهُرِ الْحَجِّ ثُمَّ أَقَامَ بِمَكَّةَ حَتَّى يُدْرِكَهُ الْحَجُّ فَهُوَ مُتَمَتِّعٌ أَنْ حَجَّ وَعَلَيْهِ مَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْىِ فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعَ إِلَى أَهلِهِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. وَقَالَ: وَذَلِكَ أَقَامَ حَتَّى أَتَى الْحجُّ ثُمَّ حَجَّ. وَلَهُ فِي أُخْرَى قَالَ: وَاللَّهِ لَأَنْ أَعْتَمِرَ قَبْلَ الْحجِّ وَأُهْدِيَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَعْتَمِرَ بَعْدَ الْحَجِّ فِي ذِي الْحِجَّةِ.
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Кім қажылық айларында умра атқарып, қажылық уақыты келгенше Меккеде қалып, сол жылы қажылық жасаса, тәмәттуғ жасаған болып саналады. Шамасына қарай құрбан шалуы уәжіп. Құрбандық таба алмаса, қажылық кезінде үш күн, еліне оралған соң жеті күн, барлығы он күн ораза ұстайды».
Имам Мәлик: «Бұл үкім оның қажылық уақытына дейін сол жерде қалып, сол жылы қажылық атқаруына байланысты»1, – деген.
«Мууаттаның» басқа нұсқасында: «Аллаға ант етейін, қажылықтан бұрын умра жасап, соған орай құрбан шалуым қажылықтан кейін зұлхижжада умра жасауымнан артық», – делінген.
Түсіндірме
«Мууаттадағы» бұл соңғы сөйлем Абдулла ибн Омарға тиесілі. Оның пікірінше, құрбандық тәмәттуғ үшін шалынады. Демек, бір жылдың қажылық айларында әуелі умра, одан кейін қажылық жасаған кісіге құрбан шалу уәжіп. Қажылықтан кейін жасалған умра үшін құрбан шалынбайды.
- 1Муатта, Хажж 62, (1, 344).