وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَصْحَابُهُ بِالْحَجِّ وَلَيْسَ مَعَ أَحَدٍ مِنْهُمْ هَدْىٌ سِوَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَطَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَدِمَ عَلَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِنَ الْيَمَنِ وَمَعَهُ هَدْىٌ. فَقَالَ: أَهْلَلْتَ بِمَا أَهَلَّ بِهِ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؛ فَأَمَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَصْحَابَهُ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً وَيَطُوفُوا وَيُقَصِّرُوا وَيُحِلُّو إِلَّا مَنْ كَانَ مَعَهُ هَدْىٌ. فَقَالُوا: أَنَنْطَلِقُ إِلَى مِنىً، وَذَكَرُ أَحَدِنَا يَقْطُرُ؟ فَبَلَغَ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: لَوِ اسْتَقْبَلْتُ مِنْ إِمرِي مَا اسْتَدْبَرْتُ مَا أَهدَيْتُ. وَلَوْلَاأَنَّ مَعِي الْهَدْىَ لِأَحْلَلْتُ، وَحَاضَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَنَسَكَتِ الْمَنَاسِكَ كُلَّهَا غَيْرَ أَنْ لَمْ تَطُفْ بِالْبَيْتِ. فَلَمَّا طَهُرَتْ طَافَتْ. وَقَالَتْ يَا رَسُولَ اللَّهِ: تَنْطَلِقُونَ بِحَجَّةٍ وَعُمْرَةٍ وَأَنْطَلِقُ بِحَجَّةٍ؟ فَأَمَرَ عَبْدَالرَّحْمَنِ بْنَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنْ يَخْرُجَ مَعَهَا إِلَى التَّنْعِيمِ فَاعْتَمَرَتْ بَعْدَ الْحَجِّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّاالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары қажылыққа ихрамға кіргенде, Алла елшісі мен Талхадан өзге ешкім құрбандық малын ала келмеген еді. Әли Йеменнен құрбандық малымен келді де: “Алла елшісі (с.а.с.) неге ниет етсе, мен де соған ниет етіп, ихрамға кірдім”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) құрбандық малы жоқтарға қажылық ниетін умраға өзгертіп, тауап жасауды, шашын қысқартып, ихрамнан шығуды бұйырды. Кейбірі: “Сонда Минаға жүніп күйде барамыз ба?” – деді. Бұл сөз Алла елшісіне (с.а.с.) жеткенде: “Алдағысын бұрын білгенімде, құрбандық малын алып келмес едім. Құрбандық малым болмағанда, мен де ихрамнан шығар едім”, – деді.1 Сол кезде Айша (р.а.) хайыз болып, Бәйтулланы тауап етуден басқа қажылық рәсімдерін атқарды. Тазарған соң тауап етіп: “Уа, Алла елшісі, сендер умра мен қажылықты бірге атқарып қайтасыңдар. Мен қажылықты ғана атқарып қайтамын”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) Айшаның бауыры Абдуррахман ибн Әбу Бәкірге оны Тәнғимге апаруды тапсырды. Айша қажылықтан кейін умра жасады»2.
- 1Сахабалардың қарсылығы мына себептен туындаған: Олар Меккеге Зулхижжаның төртінші күні келген еді. Ниеттері қажылық жасау болатын, әзірет Пайғамбар ихрамнан, яғни, ихрам тыйымдарынан (мысалы, әйелдерімен жыныстық қатынас тыйымынан) шығуды әмір еткен еді. Бірақ сегізінші Зулхижжада қайтадан ихрамға кірулері керек болды. Сондықтан олар, мұндай қысқа уақыт ішінде ихрамнан шығуға, құлшылыққа берілген көңіл-күйді бөлуге тати ма?» деп ойлады да, іштей құптамаған ойларын: «Жүніп күйімізде...» деген сөздерімен жеткізген.
- 2Осы және осыдан кейін келген риуаяттар Расулалланың (с.а.с.) Қоштасу қажылығына қатысты болғандықтан, хадис кітаптарының көбінде бір тармақта, бір риуаяттың әртүрлі нұсқалары ретінде бірінен кейін бірі орын алады. Сондықтан дереккөздерін ең соңында толық береміз. Тек қана Бұхариде бірінен кейін бірі берілмеуі мүмкін.