Хадис

Кутуб ситтә, № 1368

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
161. Тауап пен сағидың үкімі
Нөмірі
№ 1368 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1368
Кутуб ситтә, № 1368 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «طَافَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ عَلَى بَعِيرٍ يَسْتَلِمُ الرُّكْنَ بِمِحْجَنٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. وَفِي رِوَايَةٍ: كُلَّمَا أَتَى الرُّكْنَ أَشَارَ إِلَيْهِ بَشَيْئٍ فِي يَدِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығында түйеге мініп тауап етті. Бұрышқа келген сайын қолындағы иілген таяғымен истиләм жасады».

Бір риуаятта: «Бұрышқа әр келген сайын қолындағы затпен оған ишара жасайтын»1, – делінген.

Түсіндірме

1. Михжан – басы иілген таяқ.

2. Истиләм – Қара тасқа немесе тиісті бұрышқа қол тигізіп сәлем беру.

3. Мүслимнің бір нұсқасында «таяқты сүйді» деген сөз бар. Көпшілік ғалымның пікірінше, бұрышқа қол тигізген кісі қолын, таяқ тигізген кісі таяғын сүйеді. Қолымен жете алмаса, қолындағы затты тигізеді. Оған да мүмкіндік болмаса, алыстан ишарамен шектеледі. Имам Мәлик истиләмнен кейін қолды сүюді жөн көрмеген.

4. Риуаяттарда Алла елшісінің (с.а.с.) түйеге мініп тауап жасауының екі себебі айтылады.

1. Науқас болуы.

2. Жұрттың қажылық рәсімдерін көріп, үйренуіне жағдай жасауы. Ғалымдар тауапты мініп жасауға мұқтаждық болса рұқсат берген. Фиқһ ғалымдары ондайда да жаяу тауапты абзал санап, себепсіз мініп жасауды тәнзиһан мәкрүһ деген.

Бірқатар ғалымдар Алла елшісінің (с.а.с.) қажылық рәсімдерін жұртқа үйрету үшін түйеге мінгенін айтып, мұны сол жағдайға тән амал деп түсіндірген.

  1. 1Бұхари, Қажылық 58, 61, 62, 74, Намаз, 24, Мүслим, Қажылық 253, (1272); Әбу Дәуіт, Мәнәсик, 49, (1877); Нәсәи, Қажылық 15, (5/233); Тирмизи, Қажылық 40, (865); Ибн Мәжа, Мәнәсик 28, (2948).