وَعَنْ وَبْرَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ قَالَ: «سَأَلَ رَجُلٌ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَقَالَ: أَيَصْلُحُ لِي أَنْ أَطُوفَ بِالْبَيْتِ قَبْلَ أَنْ آتِي الْمَوْقِفَ؟ قَالَ نَعَمْ: قَالَ: فَإِنَّ ابْنَ عَبَّاسٍ يَقُولُ: لَا تَطُفْ بِالْبَيْتِ حَتَّى تَأْتِيَ الْمَوْقِفَ. فَقَالَ: قَدْ حَجَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَطَافَ بِالْبَيْتِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِي الْمَوْقِفَ فَبِقَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَحَقُّ أَنْ نَأْخُذَ أَوْ بِقَوْلِ ابْنِ عَبَّاسٍ، إِنْ كُنْتَ صَادِقًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِي.
Уәбра ибн Абдуррахман былай дейді: «Бір кісі Ибн Омардан (р.а.):
– Арафада уақфа жасамай тұрып Бәйтулланы тауап етуіме бола ма? – деп сұрады. Ибн Омар:
– Иә, – деді. Әлгі кісі:
– Ибн Аббас (р.а.): “Уақфа орнына жетпей тұрып Бәйтулланы тауап етпе”, – деген еді, – деді. Сонда Ибн Омар:
– Алла елшісі (с.а.с.) қажылық жасағанда уақфадан бұрын Бәйтулланы тауап етті. Айтқаның рас болса, Алла елшісінің сөзімен амал ету дұрыс па, әлде Ибн Аббастың сөзімен бе? – деді»1.
Түсіндірме
Бұл хадисте ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің ісін айтқан. Өйткені Қоштасу қажылығында ихрамға кірген соң алдымен умра жасап, тауап пен сағиды орындап болғаннан кейін, ихрамнан шықпай қиран қажылығын жасау үшін Арафатқа бет алған. Қиран қажылығында қажылар умра сағиынан кейін қудум тауабын жасайды, қаласа қажылық сағиын қудум тауабынан кейін атқарады. Ибн Аббас та ақиқатты айтқан. Өйткені Алла елшісі Қоштасу қажылығында қастарында құрбандыққа шалатын мал болмағандарға ихрамнан шығуларын бұйырып, таматтуғ қажылығын жасатқан. Таматтуғ қажылығында жасалған тауап – умраның тауабы. Қажылықтың тауабы құрбандық шалынған соң жасалады. Ибн Аббастың айтуынша тауаптан кейін ихрамнан шығу керек. Олай болса, ихрамнан шығуды қаламаған адам тауабын жасамай, уақфадан кейін ихрамнан шыққанша кешіктіруі қажет. Қорыта айтқанда, Ибн Аббас Қоштасу қажылығында өздерімен бірге құрбандық малы жоқ адАмдарға берілген бұйрықты(нұсқауды), қажылықтың умраға айналуын негізге алған.
- 1Мүслим, Қажылық, 187, (1233); Нәсәи, Қажылық 141, (5/224).