وَعَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: يَا بَنِي عَبْدِ مَنَافٍ لَا تَمْنَعُوا أَحَدًا طَافَ بِهَذَا الْبَيْتِ فَصَلَّى أَيَّةَ سَاعَةٍ شَاءَ مِنْ لَيْلٍ أَوْ نَهَارٍ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Уа, Абдуманаф ұрпақтары! Араларыңнан жұрттың ісіне басшылық еткен кісі күндіз не түнде осы Үйді тауап етіп, қалаған уақытында намаз оқыған ешкімге бөгет болмасын»1.
Түсіндірме
1. Бұл сөз Абдуманаф ұрпақтарына арнайы айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) уахи арқылы халифалық пен басқару ісінің көбіне солардың ұрпағына, ал Меккедегі бірқатар қызметтің соларға тиетінін білген. Сидана, хижаба, лиуа және рифада сияқты қызметтер де солардың қолында болған.
2. № 1357 хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, мәкрүһ уақытта тауап намазын оқуға рұқсат бергендер осы хадиске сүйенген. Әли әл-Қаридың айтуынша, сөз тауап намазымен бірге өзге намаздар жайында да болуы мүмкін. Хадисті мәкрүһ уақыттардан тыс кезге қатысты деп те түсіндіруге болады. «Салат» сөзін тілдік мағынасына сай «дұға» деп жорығандар да бар.
Кейбір ғалымдар осы хадиске сүйеніп, мәкрүһ уақыттарда тауап намазын оқуға болады деген. Имам Шәфиғи сияқты ғалымдар Меккенің қасиетін ескеріп, онда нәпіл намазды мұндай уақыттарда оқуды мәкрүһ санамаған.
Әбу Ханифа Меккеде де мәкрүһ уақыттарға қатысты өзге өңірлердегі үкім қолданылатынын айтқан.
Меккеде осы уақыттарда нәпіл намаз оқуға рұқсат деген ғалымдар Әбу Зәрдан жеткен келесі риуаятты да дәлелге келтірген.
لَا صَلَاةَ بَعْدَ الصُّبْحِ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ، وَلَا بَعْدَ الْعَصْرِ حَتَّى تَغْرُبَ الشَّمْسُ، إِلَّا بِمَكَّةَ، إِلَّا بِمَكَّةَ، إِلَّا بِمَكَّةَ.
«Таң намазынан кейін күн шыққанша, екінті намазынан кейін күн батқанша намаз оқылмайды. Мекке бұдан тыс. Мекке бұдан тыс. Мекке бұдан тыс».
- 1Тирмизи, Қажылық 42, (868); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 53, (1894); Нәсәи, Қажылық 137, (5/223); Ибн Мәжа, Иқаматус-салат 149, (1254).