وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّ صَفِيَّةَ بِنْتِ حُيَيٍّ زَوْجَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَاضَتْ فَذُكِرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَقَالَ: أَحَابِسَتْنَا هِيَ؟ فَقَالُوا: إِنَّهَا قَدْ أَفَاضَتْ. قَالَ: فَلَا إِذَا». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.
Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Сафия бинт Хуяй хайыз көрді. Бұл хабар Алла елшісіне жеткенде, ол:
– Сафия бізді кідірте ме? – деп сұрады. Сафияның ифада тауабын жасап қойғанын айтқанымызда:
– Олай болса, жолға шыға берсін, – деді»1.
Түсіндірме
Осы риуаятқа сүйенген ғалымдар ифада тауабын жасағаннан кейін хайыз көрген әйелдің тазаруын күтпей-ақ жолға шыға алатынын айтқан. Ол қоштасу тауабынан босатылады және одан өтем талап етілмейді. № 1379 хадистің түсіндірмесінде бұл мәселе кеңірек баяндалды.
- 1Бұхари, Қажылық 129, 145, Хайыз 27, Мағази 77; Мүслим, Қажылық, 382, (1211); Мууатта, Қажылық 225.228, (1, 412.413); Нәсәи, Хайыз 23, (1/194); Тирмизи, Қажылық 99, (943); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 85, (2003); Нәсәи, Хайыз 23 (1/194); Ибн Мәжа, Мәнәсик 83, (3072). Бұл мәтін екі шейхқа (Бұхари мен Мүслим) тиесілі.