وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا لَا يُلَبِّي وَهُوَ يَطُوفُ بِالْبَيْتِ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.
Ибн Шиһаб: «Ибн Омар (р.а.) Қағбаны тауап етіп жүріп тәлбия айтпайтын», – деген1.
Түсіндірме
Зурқани былай түсіндіреді: «Ибн Омар (р.а.) тауап үстінде тәлбия айтуды шариғатта белгіленген амал деп санамаған. Сондықтан ұлы Сәлим де тауапта тәлбия айтуды мәкруһ көрген. Ибн Уяйна: “Үлгі тұтар адамдардың арасынан Ата ибн әс-Саибтен басқасының Қағбаны тауап етіп жүріп тәлбия айтқанын көрмедім”, – дейді. Шафиғи мен Ахмад ибн Ханбал тәлбияны бәсең дауыспен айтуға рұқсат еткен. Рабиға болса тауап кезінде тәлбия айтатын». Ханафи мәзһабында тәлбия зул-хижжаның оныншы күні, яғни құрбан айттың алғашқы күні, Ақаба жамрасына алғашқы тас лақтырылғанда тоқтатылады.
- 1Муатта, Хажж 47, (1, 338).