وَلِلشَّيْخَيْنِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ. قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ وَلِلْمُقَصِّرِينَ. قَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ. قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ وَلِلْمُقَصِّرِينَ. قَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ. قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ: وَلِلْمُقَصِّرِينَ. قَالَ: وَللمُقَصِّرينَ».
Бұхари мен Мүслим Әбу Һурайрадан (р.а.) мына риуаятты келтіреді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла, шашын тықырлап алдырғандарды кешір!” – деді. Қасындағылар: “Уа, Алла елшісі, қысқартқандар үшін де дұға етіңіз!” – деді. Ол тағы да: “Уа, Алла, шашын тықырлап алдырғандарды кешір!” – деді. Қасындағылар: “Уа, Алла елшісі, қысқартқандар үшін де!” – деді. Ол үшінші рет: “Уа, Алла, шашын тықырлап алдырғандарды кешір!” – деді. Қасындағылар: “Уа, Алла елшісі, қысқартқандар үшін де!” – дегенде, ол: “Қысқартқандарға да”, – деді»1.
- 1Бұхари, Хажж 127; Мүслим, 320, (1302).