وَعَنْ عبَيدِ بْنِ فَيْرُوزَ عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَا يَجُوزُ فِي الْأَضَاحِي الْعَوْرَاءُ بَيِّنٌ عَوَرُهَا، وَالْمَرِيضَةُ بَيِّنٌ مَرَضُهَا، وَالْعَرْجَاءُ بَيِّنٌ عَرَجُهَا، وَالْعَجْفَاءُ الَّتِي لَا تُنْقِي». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ.
Убәйд ибн Фәйруз Бәрадан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізді: «Бір көзі көрмейтіні анық, ауруы анық білінетін, ақсақтығы айқын және жілігінде майы қалмаған тым арық мал құрбандыққа жарамайды»1.
الْعَجَفُ» الْهُزَالُ» وَالضَّعْفُ. وَالنَّقْىُ: الْمخُّ.
Түсіндірме
1. Кей нұсқада Бәраның (р.а.) бұл хадисті «Қандай мал құрбандыққа жарамайды?» деген сұраққа жауап ретінде жеткізгені айтылады.
2. Әбу Дәуіт нұсқасында «жілігінде майы жоқ, аяғы сынған мал» делінген.
3. Хаттаби бұл хадис жеңіл жарақат құрбандыққа кедергі болмайтынын көрсетеді деген. Өйткені онда соқырлық, ауру мен ақсақтықтың анық білінуі және малдың тым арықтығы шарт етілген.
4. Нәуауидің айтуынша, төрт кемістіктің біреуі болса да, мал құрбандыққа жарамайтынына ғалымдар келіскен. Осы кемістіктермен шамалас не одан ауыр жағдайларға, мысалы, екі көзі көрмейтін немесе аяғы сынған малға да сол үкім жүреді.
- 1Мәлик, «Мууатта», «Құрбандықтар», 1 (2/482). Тирмизи, № 1497. Әбу Дәуіт, № 2802. Нәсәи, «Құрбандықтар», 5–7 (7/214–215).