Хадис

Кутуб ситтә, № 1559

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
198. Минадағы құтба
Нөмірі
№ 1559 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1559
Кутуб ситтә, № 1559 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ مُعَاذٍ قَالَ: «خَطَبَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ بِمِنًى، فَفُتِحَتْ أَسْمَاعُنَا حَتَّى كُنَّا نَسْمَعُ مَا يَقُولُ وَنَحْنُ فِي مَنَازِلِنَا، فَطَفِقَ يُعَلِّمُهُمْ مَنَاسِكَهُمْ حَتَّى بَلَغَ الْجِمَارَ، فَوَضَعَ أُصْبُعَيْهِ السَّبَّابَتَيْنِ فِي أُذُنَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: بِحَصَى الْخَذْفِ. ثُمَّ أَمَرَ الْمُهَاجِرِينَ فَنَزَلُوا فِي مُقَدَّمِ الْمَسْجِدِ، وَأَمَرَ الْأَنْصَارَ فَنَزَلُوا مِنْ وَرَاءِ الْمَسْجِدِ. ثُمَّ نَزَلَ النَّاسُ بَعْدَ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Муаз (р.а.) былай дейді: «Біз Минада жүргенде, Алла елшісі (с.а.с.) құтба оқыды. Құлағымыз ашылып, қонған орнымыздан-ақ оның сөзін естідік. Ол жұртқа қажылық рәсімдерін үйрете бастады. Тас лақтыруға келгенде, екі сұқ саусағын құлағына қойып, “Саусақпен атып жіберетіндей ұсақ таспен”, – деді. Содан соң мұһажирлерді мешіттің алдына, ансарларды мешіттің артына орналастырды».

Рауи: «Содан кейін қалған жұрт та орналасты», – дейді1.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 70, 73 (1951, 1957). Нәсәи, «Хаж», 189 (5/249). Бұл мәтін Әбу Дәуіттің 1957-риуаятымен салыстырылды.