Хадис

Кутуб ситтә, № 1568

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
202. Зәмзәм суы
Нөмірі
№ 1568 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1568
Кутуб ситтә, № 1568 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَقَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ مِنْ مَاءِ زَمْزَمَ، فَشَرِبَ وَهُوَ قَائِمٌ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) зәмзәм суын бердім. Ол түрегеп тұрып ішті»1.

Түсіндірме

1. Кей ғалымдар зәмзәм ішуді қажылықтың сүннеттерінің біріне жатқызған.

2. Кей ғалымдар зәмзәмді түрегеп ішуді құптамаған. Өйткені бірқатар риуаятта түрегеп су ішуге тыйым салынған. Алайда Бұхариде Әлиден (р.а.) жеткен хадисте: أَنَّهُ ﷺ شَرِبَ قَائِمًا «Алла елшісі (с.а.с.) түрегеп тұрып ішті», – делінген. Бұл риуаяттар суды тұрып ішуге де рұқсат екенін көрсетеді.

  1. 1Бұхари, «Хаж», 76 (1637), «Әшриба», 16. Мүслим, «Әшриба», 117 (2027). Тирмизи, «Әшриба», 12 (1883).