وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ الْحُصَيْنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَتِ امْرَأَةٌ مِنْ جُهَيْنَةَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهِيَ حُبْلَى مِنَ الزِّنَا، فَقَالَتْ يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَصَبْتُ حَدًّا فَأَقِمْهُ عَلَيَّ. فَدَعَا نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ وَلِيَّهَا فَقَالَ: أَحْسِنْ إِلَيْهَا، فَإِذَا وَضَعَتْ فَائْتِنِي بِهَا، فَفَعَلَ فَأَمَرَ بِهَا فَشُدَّتْ عَلَيْهَا ثِيَابُهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِهَا فَرُجِمَتْ، ثُمَّ صَلَّى عَلَيْهَا، فَقَالَ عُمَرُ: أَتُصَلِّي عَلَيْهَا وَقَدْ زَنَتْ؟ فَقَالَ ﷺ: لَقَدْ تَابَتْ تَوْبَةً لَوْ قُسِّمَتْ بَيْنَ سَبْعِينَ مِنْ أَهْلِ الْمَدِينَةِ لَوَسِعَتْهُمْ، وَهَلْ وَجَدْتَ تَوْبَةً أَفْضَلَ مِنْ أَنْ جَادَتْ بِنَفْسِهَا لِلَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ.
Имран ибн әл-Хусайн (р.а.) былай дейді: «Зинадан жүкті болған жуһайналық бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың елшісі! Хадд жазасы белгіленген іс жасадым, маған сол жазаны қолданыңыз”, – деді. Алла елшісі оның уәлиін шақырып: “Оған жақсы қара. Босанған соң маған әкел”, – деді. Уәлиі айтылғанды орындады. Алла елшісінің әмірімен әйелдің киімі қымтап байланды, содан кейін ражм үкімі орындалды. Алла елшісі оның жаназасын оқыды. Әзірет Омар: “Ол зина жасаған еді, сонда да жаназасын оқисыз ба?” – деп сұрады. Алла елшісі: “Ол сондай тәубе етті, тәубесі Мәдинаның жетпіс тұрғынына бөлінсе, бәріне жетер еді. Алла үшін жанын қиғаннан асқан тәубе көрдің бе?” – деді»1.
Түсіндірме
1. Хадистегі кейбір мәселелер алдыңғы хадисте түсіндірілді. Мұндағы назар аударарлық сөз – Алла елшісінің (с.а.с.) әйелдің уәлиіне айтқан «оған жақсы қара» деген өсиеті. Түсіндірмеде уәлиінің әйелді отбасына кір келтірді деп кінәлағаны айтылады. Алла елшісі мұны аңғарып, сол кінәлауды тоқтатуды көздеген.
2. Киімнің қымтап байлану себебі жазаның орындалуы кезінде әйелдің денесін жабық ұстауымен түсіндіріледі. Адам жаны қиналғанда киімін жұлып, денесін ашып алуы мүмкін. Осы тұрғыдан көпшілік ғалым әйелге қатысты үкім орындалғанда оны отырғызуды, ер кісіге қатысты үкімде оны тұрғызуды айтқан. Олар мұны әйелдің әуреті жабық қалуын көздеген амал деп түсіндірген.
- 1Мүслим, «Худуд», 24 (1696а); Тирмизи, «Худуд», 9 (1435); Әбу Дәуіт, «Худуд», 25 (4440–4441); Нәсәи, «Жанаиз», 64 (4/63).