وَعَنِ الشَّعْبِيِّ «أَنَّ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حِينَ رَجَمَ الْمَرْأَةَ ضَرَبَهَا يَوْمَ الْخَمِيسِ، وَرَجَمَهَا يَوْمَ الْجُمُعَةِ، وَقَالَ: جَلَدْتُهَا بِكِتَابِ اللَّهِ، وَرَجَمْتُهَا بِسُنَّةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». أَخْرَجَ الْبُخَارِيُّ أَصْلَهُ.
Шағби былай дейді: «Әзірет Әли (р.а.) әйелге бейсенбі күні дүре соқтырып, жұма күні ражм үкімін орындатты. Ол: “Дүре жазасын Алланың кітабына, ражм жазасын Алла елшісінің (с.а.с.) сүннетіне сүйеніп қолдандым”, – деді»1.
Түсіндірме
1. Риуаятта сөз болған әйел – Шурахат әл-Хамдания. Оны зина айыбымен әзірет Әлиге (р.а.) әкелген. Әли оны баласын босанғанша қайтарып, кейін сәбиді әйелдің ең жақын әйел туысына тапсырған. Содан соң әйелге қатысты ражм үкімі орындалған.
2. Кейбір риуаяттарда әзірет Әлидің мән-жайды анықтау үшін әйелден былай сұрағаны айтылады:
«Бәлкім, ер адам сені зорлаған шығар?»
«Жоқ!»
«Бәлкім, өзің ұйықтап жатқанда, разылығыңсыз жақындаған шығар?»
«Жоқ!»
«Күйеуің дұшпандарымыздың бірі ме?»
«Жоқ!»
Осы жауаптардан кейін әзірет Әли (р.а.) әйелді қамауға алу туралы әмір берді. Ол босанған соң бейсенбі күні қамаудан шығарылып, жүз дүре соғылды да, қайта қамауға алынды. Жұма күні ражм үкімі орындалды.
3. Риуаятта әзірет Әлидің (р.а.) алдымен дүре, кейін ражм жазасын қолданғаны айтылады. Убәй ибн Кәғб (р.а.) та осы пікірді ұстанған делінеді. Хазимидің жеткізуінше, Ахмад, Исхақ, Дәуіт әз-Заһири мен Ибн әл-Мунзир мұхсан кісі зина жасаса, әуелі дүре, кейін ражм қолданылады деген. Көпшілік ғалым екі хадд жазасы қатар қолданылмайды деген пікірде. Бұл пікір Ахмад ибн Ханбалдан да жеткен. Көпшілік ғалым Мағиз жайлы хадисті дәлел етіп, ол дүре мен ражм қатар айтылған Убада хадисінің үкімін насх еткен деп түсіндірген. Убада хадисінде былай делінеді:
Мүслимде мына хадис келген:
الثَّيِّبُ بِالثَّيِّبِ جَلْدُ مِائَةٍ وَالرَّجْمُ، وَالْبِكْرُ بِالْبِكْرِ جَلْدُ مِائَةٍ وَنَفْيُ سَنَةٍ.
«Некеде болған екі адам зина жасаса, жүз дүре мен ражм, ал бұрын некеде болмаған екі адам зина жасаса, жүз дүре мен бір жылға жер аудару жазасы белгіленеді».2