Хадис

Әділетті халифалар және олардың сайлануы

Кутуб ситтә, 5-том, 226-тарау · 12 хадис · № 1735–1746

Хадистер

Әр дәуір мен әр елде айтулы тұлғаларды зерттегенде, олардың өмір жолын, алған тәрбиесін және өскен ортасын ескереді.

Тақырыбымызға арқау болып отырған имамдық, яғни Исламның саяси әрі басшылық жүйесі тұрғысынан әділетті халифалар маңызды орынға ие. Адамзаттың капитализм, коммунизм секілді экономикалық, монархия, демократия, диктаторлық секілді саяси жүйелері арасында Ислами жүйені барлық қырларымен әрі шынайы тұрғыдан түсіну үшін әділетті халифалар кезеңі мен олардың тәжірибесін түсінбей, білмей болмайды. Шынайы Исламның қандай болатынын солар өз өмірлерімен ғибрат бере отырып көрсете білді. Кейінгі ұрпақтарда қандай жағдайда да Исламнан сырт элементтердің Исламға араласпай тұра алмайтынын сезсе керек Расулалла (с.а.с.): «Менен кейін пайғамбарлық жүйе отыз жылға жалғасады», – деген.

Осы бөлімде әділетті халифалар туралы риуаяттарды, олардың сайлану тәртібі мен осыған қатысты саяси мәселелерді қарастырамыз.

1735
Кутуб ситтә, № 1735 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا:«أَنَّ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خرَجَ مِنْ عِنْدِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي وَجَعهِ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ، فَقَالَ النَّاسُ يَا أبَا الْحَسَنِ: كَيْفَ أَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؟ فَقَالَ: أَصْبَحَ بِحَمْدِ اللَّهِ بَارِئًا، فَأَخَذَ بِيَدِهِ الْعَبَّاسُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَالَ: أَنْتَ وَاللَّهِ بَعْدَ ثَلَاثٍ عَبْدُ الْعصى، وَإِنِّي وَاللَّهِ لَأَرَى رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَيُتَوَفَّى مِنْ وَجَعِهِ هَذَا. إِنِّي لَأَعْرَفُ وُجُوهَ بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ عِنْدَ الْمَوْتِ، فَاذْهَبْ بِنَا إِلَيْهِ نَسْأَلْهُ فِيمَنْ هَذَا الْأَمْرُ؟ فَإِنْ كَانَ فِينَا عَلِمْنَاهُ، وَإِنْ كَانَ فِي غَيْرِنَا كَلَّمْنَاهُ فَأَوْصَى بِنَا، فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِمَّا وَاللَّهِ لَئِنْ سَأَلْنَاهَا فَمَنَعَنَاهَا لَا يُعْطِينَاهَا النَّاسُ بَعْدَهُ، وَإِنِّي وَاللَّهِ لَا أَسْأَلُهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. قَوْلُهُ: «عَبْدُ الْعصى» أَيْ مَقْهُورٌ مَحْكُومٌ عَلَيْكَ مِمَّنْ يَتَوَلَّى الْخِفَّةَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Әзірет Али (р.а.) Расулалла (с.а.с.) соңғы науқастанған кезде жанына кіріп шықты. (Сыртта күткен) халық: “Әй, Әбул-Хасан Расулалланың (с.а.с.) жағдайы қалай?” – десті. “Аллаға шүкір, жақсарды”, – деді. Әзірет Аббас (р.а.) қолынан ұстап: “Үш күннен кейін (Расулалла (с.а.с.) өмірден озады, сен басқа біреуге) бағынышты боласың. Мен, уаллаһи, Расулалланы (с.а.с.) осы ауру жықпай қоймайтынын (қайтыс боларын) көріп тұрмын. Себебі мен Абдулмутталибұлдарының өлер алдындағы жай-күйін білемін. Жүр, Расулаллаға (с.а.с.) барып, мына ‘істі’ (халифалықты) кімге қалдыратынын өзінен сұрайық. Бізде қалатын болса, (қазірден) білейік. Басқа біреуге қалдырса, онымен сөйлесейік, бізді (оған) табыстап кетер”, – деді. Али (р.а.): “Егер біз оны сұрап барғанда, (халифалықты) бізге тыйым салса, халық одан кейін оны ешқашан бізге бермейді. Уаллаһи, мен бұндай нәрсе сұрай алмаймын”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл хадисте Расулалла (с.а.с.) ажал аузында жатқанда, әзірет Али мен әзірет Аббас арасында, Расулалла (с.а.с.) қайтыс болған жағдайда, халифалықтың болашағы жайы қозғалған. Әзірет Алидің сөзінен де байқалғандай, Расулалла (с.а.с.) осы соңғы ауруында ара-арасында жеңілдеп тілге келетін. Әзірет Аббас осындай тілге келген кезінде «Өзінен кейін кім халифа болатынын сұрайық» десе де, әзірет Али оған батпаған. Басқа риуаятта әзірет Али: «Бұл (халифалық) ісіне бізден басқа құмартып отырған біреу бар ма?» – деп сұрайды. Әзірет Аббас: «Аллаға ант етейін, шығады», – деп жауап береді. Әзірет Али бұл мәселені Алла елшісіне (с.а.с.) барып қозғағанмен оң жауап болмаса, халық соған сүйеніп, болашақта ешқашан халифалыққа жолатпай қоя ма деп қорқатынын айтады. Ибн Сағдтан жеткен риуаят бойынша, Расулалла (с.а.с.) қайтыс болғанда, әзірет Аббас әзірет Алиге (р.а.): «Әкел қолыңды, мен саған серт (биғат) берейін, халық та серт берсін», – дейді. Әзірет Али көнбейді. Ибн Хажардың дерегінше, кейбір риуаяттарда әзірет Алидің «Қап, Аббасты тыңдауым керек еді», – деп өкінгені айтылады.

  1. 1Бұхари, Истизан 29, Мағази 83.
1736
Кутуб ситтә, № 1736 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

وَعَنْ جُبَيْرٍ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ:«أَتَتِ امْرَأَةٌ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَكَلَّمَتْهُ فِي شَيْءٍ فَأَمَرَهَا أَنْ تَرْجِعَ، فَقَالَتْ: فَإِنْ لَمْ أَجِدْكَ؟ كَأَنَّهَا تَعْنِي الْمَوْتَ. قَالَ: فَإِنْ لَمْ تَجِدِينِي، فَأْتِى أَبَا بَكْرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мұтғим (р.а.) былай дейді: «Бір әйел Расулаллаға (с.а.с.) келіп, бір мәселе туралы сөйлесті. Расулалла (с.а.с.) (оған) қайта айналып келіп жолығуын бұйырды. Осы кезде әйел: “Сізді таппай қалсам ше?!” – деді. Әйел (осы сөзімен) тура бір ажалды меңзегендей еді, Расулалла (с.а.с.): “Егер мені таба алмай қалсаң, Әбу Бәкірге соқ”, – деп жауап берді».1

Түсіндірме

1. Бұл хадис – қайтыс болғаннан кейін халифалыққа өтетін кісі жайлы Алла елшісінің (с.а.с.) кейбір ишараларды бергенін білдіретін риуаяттардың бірі. Ибн Хажардың дерегінше, кейбір риуаяттарда әйел: «Мен келгенде сіз о дүниелік болып кетіп, таппай қалсам ше?» – деген. Ибн Хажар ол деректің әлсіз екендігіне назар аударта отырып келтірген басқа бір риуаятта: «Уа, Расулалла, сізден кейін малдарымыздың зекетін кімге береміз?» – деп сұрағандар болған. Оларға: «Әбу Бәкір Сыддыққа», – деген. Серт берген бір бәдәуи де ажалы келген жағдайда кімнің үкім беретінін сұрағанда, Расулалла (с.а.с.): «Әбу Бәкір», – деп жауап берген. Бәдәуи қайтадан: «Одан кейін кім үкім береді?» – деп сұрағанда: «Омар», – деп жауап берген. Ендеше, бұл риуаяттар «Қайтыс болғаннан кейін “Али мен Аббас халифалыққа өтсін” деп нақты үкім берген» дейтін Шиғалардың пікірінің қате екенін байқаймыз.

  1. 1Бұхари, Ахкам 57, Фадаилу асхабун-Нәби 5, Иғтисам 24; Муслим, Фадаилус-сахаба 10, (2386); Тирмизи, Манақиб, (3677).
1737
Кутуб ситтә, № 1737 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ:«تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبُو بَكْرٍ بِالسُّنُحِ، تَعْنِي بِالْعَالِيَةِ، فَقَامَ عُمَر رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: وَاللَّهِ مَا مَاتَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَلَيَبْعَثَنَّهُ اللَّهُ تَعَالَى، فَلْيُقَطِّعَنْ أَيْدِي رِجَالٍ وَأَرْجُلَهُمْ، فَجَاءَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَكَشَفَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَبَّلَهُ وَقَالَ: بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي طِبْتَ حَيًّا وَمَيِّتًا، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَا يُذِيقُكَ اللَّهُ الْمَوْتَتَيْنِ أَبَدًا، ثُمَّ خَرَجَ فَقَالَ: أَيُّهَا الْحَالِفُ عَلَى رِسْلِكَ، فَلَمَّا تَكَلّمَ أَبُو بَكْرٍ جَلَسَ عُمَر رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَحَمِدَ اللَّهَ أَبُو بَكْرٍ، وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: أَلَا مَنْ كَانَ يَعْبُدُ مُحَمَّدًا، فَإِنَّ مُحَمَّدًا قَدْ مَاتَ، وَمَنْ كَانَ يَعْبُدُ اللَّهَ فَإِنَّ اللَّهَ حَيٌّ لَا يَمُوتُ، وَتَلَا:“إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإنَّهُمْ مَيِّتُونَ. وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ أَفَإِنْ مَاتَ أَوْ قُتِلَ انْقَلَبْتُمْ عَلَى أَعْقَابِكُمْ، وَمَنْ يَنْقَلِبْ عَلَى عَقِبَيْهِ فَلَنْ يَضُرَّ اللَّهَ شَيْئًا وَسَيَجْزِى اللَّهُ الشَّاكِرِينَ”. فَنَشَجَ النَّاسُ يَبْكُونَ، وَاجْتَمَعَ الْأَنْصَارُ إِلَى سَعْدٍ بْنِ عُبَادَةَ فِي سَقِيفَةِ بَنِي سَاعِدَةَ، فَقَالُوا: مِنَّا أَمِيرٌ وَمِنْكُمْ أَمِيرٌ، فَذَهَبَ إِلَيْهِمْ أَبُو بَكْرٍ وَعُمَرُ وَأبُو عُبَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُم، فَذَهَبَ عُمَرَ يَتَكَلَّمُ، فَأسْكَتَهُ أَبُو بَكْرٍ، فكَانَ عُمَر يَقُولُ: وَاللَّهِ مَا أَرَدْتُ بِذَلِكَ إِلَّا إِنِّي كُنْتُ قَدْ هَيَّأْتُ كَلَامًا أَعْجَبَنِى خَشِيت أَنْ يَبْلُغَهُ أَبُو بَكْرٍ فَتَكَلَّمَ وَاللَّهِ أَبُو بَكْرٍ، فَوَاللَّهِ مَا زَوَّرْتُ فِي نَفْسِي كَلَامًا إِلَّا وَأَتَى عَلَيْهِ وَأَبْلَغَ، وَكَانَ فِي كَلَامِهِ: نَحْنُ الْأُمَرَاءُ وَأَنْتُمْ الْوُزَرَاءُ، فَقَامَ حُبَابُ بْن الْمُنْذِرِ فَقَالَ: لَا وَاللَّهِ لَا نَفْعَلُ، مِنَّا أَمِيرٌ وَمِنْكُمْ أَمِيرٌ؟ فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: لَا، وَلَكِنَّا الْأُمَرَاءُ، وَأَنْتُمُ الْوُزَرَاءُ». زَادَ رَزِينٌ:لَنْ يُعْرَفَ هَذَا الْأَمْرُ إِلَّا لِهَذَا الْحَيِّ مِنْ قُرَيْشٍ، هُمْ أَوْسَطُ الْعَرَبِ دَارًا وَأَعْرَبُهُمْ أَحْسَابًا، فَبَايِعُوا عُمَرَ، أَوْ أَبَا عُبَيْدَةَ، فَقَالَ عُمَرُ: بَلْ نُبَايِعُكَ أَنْتَ، فَأَنْتَ سَيِّدُنَا وَخَيْرُنَا وَأَحَبُّنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَأَخَذَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِيَدِهِ فَبَايَعَهُ النَّاسُ، فَقَالَ قَائِلٌ! قَتَلْتُمْ سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ، فَقَالَ عُمَرُ: قَتَلَهُ اللَّهُ تَعَالَى، قَالَتْ: فَمَا كَانَ مِنْ خُطْبَتَيْهِمَا مِنْ خُطْبَةٍ إِلَّا نَفَعَ اللَّهُ بِهَا، لَقَدْ خَوَّفَ عُمَرُ النَّاسَ، وَإِنَّ فِيهِمْ لَنِفَاقًا فَرَدَّهُمُ اللَّهُ تَعَالَى بِذَلِكَ، ثُمَّ لَقَدْ بَصَّرَ أَبُو بَكْرٍ النَّاسَ فِي اللَّهِ تَعَالَى وَعَرَّفَهُمُ الْحَقَّ الَّذِي عَلَيْهِمْ وَخَرَجُوا بِهِ يَتْلُونَ:“وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ الْآيَةُ”.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) дүниеден өткенде, әкем Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбар мешітінен бір миль жердегі Сунхта еді. Бұл – Мәдинаның жоғарғы тұсындағы Алия, Хазраждың Бәну Хариса тармағы қоныстанған жер. Әзірет Омар (р.а.) орнынан тұрып: “Уаллаһи, Алла елшісі (с.а.с.) өлген жоқ. Алла оны сөзсіз қайта тұрғызады. Ол әлі кейбір адамдардың аяқ-қолдарын шабады”, – деп жатты. Сол кезде Әбу Бәкір келіп, Алла елшісінің (с.а.с.) жүзін ашып, сүйді. “Ата-анам сен үшін құрбан болсын! Тіріңде де, өліңде де пәксің! Жаным қолында болған Аллаға ант етемін, Алла саған ешқашан екі өлім татқызбайды”, – деді. Содан соң сыртқа шығып, Омарға: “Уа, ант еткен адам, сабыр ет!” – деді. Әбу Бәкір сөйлей бастағанда, Омар отырды. Әбу Бәкір Аллаға мадақ айтып: “Біліп қойыңдар, кім Мұхаммедке құлшылық еткен болса, Мұхаммед дүниеден өтті. Ал кім Аллаға құлшылық еткен болса, Алла мәңгі тірі, Ол өлмейді”, – деді де, мына аяттарды оқыды:

﴿إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ﴾ “Шүбәсіз, ақырында сен де өлесің, олар да өледі!”1 ﴿وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ ٱلرُّسُلُ أَفَإِي۟ن مَّاتَ أَوْ قُتِلَ ٱنقَلَبْتُمْ عَلَىٰٓ أَعْقَٰبِكُمْ وَمَن يَنقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَن يَضُرَّ ٱللَّهَ شَيْـًٔا وَسَيَجْزِى ٱللَّهُ ٱلشَّٰكِرِينَ﴾ “Мұхаммед тек елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса, онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді”2

Жұрт өксіп жылай бастады. Ансарлар Бәну Сағида саясында Сағд ибн Убаданың маңына жиналып: “Бізден бір әмір, сендерден бір әмір болсын”, – деді. Әбу Бәкір, Омар және Әбу Убәйда (р.а.) сол жерге барды. Омар сөз бастамақ болғанда, Әбу Бәкір оны тоқтатты. Омар кейін былай деген: “Уаллаһи, көңіліме қонған біраз сөзді ойша әзірлеп қойған едім. Әбу Бәкір ол сөздерді айта алмас деп алаңдадым. Алайда, Аллаға ант етемін, Әбу Бәкір менің іштей ойлағанымның бәрін айтып, одан да ұтымды жеткізді. Сөзінің арасында: ‘Біз әмір боламыз, сендер уәзір боласыңдар’, – деді”. Сонда Хубаб ибн әл-Мунзир орнынан тұрып: “Жоқ, Аллаға ант етемін, бұған келіспейміз. Бізден бір әмір, сендерден бір әмір болсын”, – деді. Әбу Бәкір: “Жоқ, біз әмір боламыз, сендер уәзір боласыңдар”, – деп жауап берді». Рәзиннің нұсқасында мынадай жалғасы бар: «Әбу Бәкір: “Халифалық ісін жұрт Құрайыштың осы қауымынан басқасына мойындай қоймас. Олар арабтардың жер жағынан ортасында, тегі жағынан ең беделдісі. Омарға немесе Әбу Убәйдаға бәйғат беріңдер”, – деді. Омар: “Қайта біз саған бәйғат береміз. Сен біздің басшымызсың, ең қайырлымызсың әрі Алла елшісіне (с.а.с.) ең сүйікті жансың”, – деп, Әбу Бәкірдің қолынан ұстап, бәйғат берді. Жұрт та оған бәйғат берді. Бір кісі: “Сағд ибн Убаданы өлтірдіңдер!” – деп дауыстағанда, Омар: “Оны Алла өлтірсін!” – деді». Әзірет Айша (р.а.) сөзін былай жалғастырған: «Алла екеуінің де сөзін жұртқа пайдалы етті. Омар жұртты сескендірді. Араларында мұнафықтар бар еді, Алла оның сөзімен оларды райынан қайтарды. Әбу Бәкір жұртқа тура жолды көрсетті, ақиқатты танытты. Жұрт ﴿وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ ٱلرُّسُلُ أَفَإِي۟ن مَّاتَ أَوْ قُتِلَ ٱنقَلَبْتُمْ عَلَىٰٓ أَعْقَٰبِكُمْ وَمَن يَنقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَن يَضُرَّ ٱللَّهَ شَيْـًٔا وَسَيَجْزِى ٱللَّهُ ٱلشَّٰكِرِينَ﴾ “Мұхаммед тек елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса, онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді”3 деген аятты оқып, тарады».4

Ибн Дәйбағ былай дейді: «“Рәзин мынаны қосты” деген сөз “Әт-Тәжридте” және оның негізіне алынған еңбекте бар. Бұл қосымша “Сахих әл-Бұхариде” де сол қалпында берілген».

«Әс-Сунух (немесе әс-Сунх) – Мәдинадағы бір жердің атауы. Ол жерде Бәнил-Харис ибн әл-Хазраждың үйлері бар.

«Алла саған екі өлімді тартқызбасын» деген сөз, «дүниеде таттырмасын» деген сөз. Әзірет Әбу Бәкір бұл сөзді әзірет Омардың мына сөзін қабылдамау мақсатында айтқан: «Алла пайғамбарын кері қайтарады, ол әлі (мұнафық) адамдардың аяқ-қолдарын шабады».

Сақифа: Алды ашық, төбесі жабық жасалған үйдің бір бөлігі.

Нәшиж: Жылаған кісінің өксігін басып, үнсіз қалуы.

Түсіндірме

Расулалла (с.а.с.) қайтыс болған күн бұны естіген жұрттың есеңгірегенін, осыған қарамастан әзірет Әбу Бәкірдің халифа таңдалуын осы риуаят анық әңгімелеуде. Хадиске қатысты кейбір мағынасы жасырын сөздерді түсіндіру мәтіннің соңында жасалғандықтан, сол күйі оларды да қостық. Дегенмен бір екі тұсты айта кеткен орынды болмақ:

1. Расулалланың (с.а.с.) қайтыс болған хабары естілгенде, сахабалар әуелі халифалық мәселесін шешуді қолға алып, бірінші кезекте соны шешкен.

2. Риуаяттар бұл істі әуелі ансардың, яғни Мәдиналықтардың қолға алғанын айтады. Олар өзара жеке бас қосады. Тіпті Бұхаридің бір риуаятында халифа мәселесін шешу үшін ансарлардың жиналғаны құлаққа жеткенде, ол жерге әзірет Әбу Бәкір, әзірет Омар бастаған бірқатар мұһажирды екі ансарлық күтіп алып, бас қосуға кіруіне кедергі жасағысы келеді. لَا عَلَيْكُمْ أَنْ تَقْرَبُوهُمْ اقْضُوا أَمْرَكُمْ. . «Жоқ, оларға жоламаңдар, өз істеріңді шешіңдер (араларыңнан мұһажирларға тән бір халифа таңдаңдар)», – дейді. Тіпті ибн Исхақтың риуаятында Бәдір сахабаларына жататын осы екі кісінің аты да аталады: Уайым ибн Саида мен Мағн ибн Ади. Дегенмен мұһажирлер бұларды тыңдамай алға өтеді.

3. Бәни Саидада жиналған ансарлықтар Убаданы (р.а.) халифа етіп тағайындағылары келеді. Жиналысты ашқан шешендері ансарлықтардың артықшылықтарын айтқаннан кейін халифалықтың өздерінде болуы керектігін білдіреді. Сөз біткенде, риуаятта да байқалатындай, әзірет Омар сөз алғысы келгенмен, әзірет Әбу Бәкір оған жол бермей сөзді өзі алады. Әзірет Әбу Бәкір ансарлардың артықшылықтарын айтқан сөздерді құптап сөзін бастайды, дегенмен халифалық ісіне Құрайыштың лайық екенін, олардың орналасқан жер ретінде арабтардың орталығында болуынан өзге, арабтар арасындағы беделін т.б. естеріне салады. Бір риуаятта: «Арабтар бұл істе тек Құрайышты мойындайды», басқа риуаятта: «Білесіңдер, мына Құрайыштың арабтар арасындағы беделіндей бедел басқаларда жоқ, арабтар тек солардың бірінің маңайында ғана топтаса алады. Алладан қорқыңдар, Исламды бөлшектемеңдер, Исламда алғаш бидғат шығарушы сендер болмаңдар», – дейді. Ансарлықтарды сабасына түсірген нәрсе әзірет Әбу Бәкірдің Расулалладан (с.а.с.) риуаят еткен الْأَئِمَّةُ مِنْ قُرَيْشٍ. «Имамдар Құрайыштан» деген хадисі болған. Осы сөзінен кейін әзірет Омар немесе Әбу Убәйдадан біріне серт беруді ұсынады.

4. Осы жерде сөз алған әзірет Омар халифалыққа әзірет Әбу Бәкірдің лайық екенін айтады. Кейбір риуаяттар әзірет Омардың бұл пікірін қуаттап, тыңдаушыларды көндіру мақсатында әзірет Әбу Бәкірдің кейбір артықшылықтарын тізбелейді:

يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ أَنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِنَبِيِ اللَّهِ ثَانِيَ اثْنَيْنِ إِذْهُمَا فِي الْغَارِ «يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ أَلَسْتُمْ تَعْلَمُونَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَمَرَ أَبَا بَكْرٍ أَنْ يَؤُمَّ بِالنَّاسِ فَأَيُّكُمْ تَطِيبُ نَفْسَهُ أَنْ يَتَقَدَّمَ اَبَا بَكْرٍ؟ فَقَالُوا نَعُوذُ بِاللَّهِ أَنْ نَتَقَدَّمَ أَبَا بَكْرٍ»

«Уа, ансарлар! Алланың елшісіне ең жақын жан – Құранда ﴿ثَانِىَ ٱثْنَيْنِ إِذْ هُمَا فِى ٱلْغَارِ﴾ “үңгірде екі кісінің бірі болып жасырынып отырғанда”5 деп айтылған екеудің бірі емес пе? Уа, ансарлар! Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге жұртқа имам болуды бұйырғанын білмейсіңдер ме? Кім Әбу Бәкірден озуға батылы барады?»

Тирмизидегі бір риуаятта әзірет Әбу Бәкір (р.а.) да: «Бұл іске ең лайық адам мен емеспін бе? Исламды алғаш қабылдаған мен емеспін бе? Мына артықшылықтар менде бар емес пе?!» – деген.

5. Ибн Исхақ «Сират» еңбегінде жеткізген риуаятқа қарағанда, Сағд ибн Убаданы халифа етуге ансарлардың бәрі бірдей келіспеген. Оны Хазраж руы қолдаған, ал әустіктер қарсы болған. Хазраждың билігін қабылдамау салдарынан Әус пен Хазраждың Исламды қабылдағаннан кейін басылған бұрынғы дұшпандығы қайта тұтануы мүмкін еді. Әзірет Әбу Бәкір мен бір топ мұһажир Бәну Сағидадағы ансарлардың жиынына келгенде, Әус өкілі Усәйд ибн Худайр мен оның серіктері мұһажирлердің бірін халифа етіп сайлауды қолдап, оларға қосылған.

6. Бірі мұһажирден, екіншісі ансардан екі халифа болуын ұсынған Хубаб ибн әл-Мунзирдің сөзін әзірет Омар елемеген. «Бір басшы сендерден, бір басшы бізден болсын. Біз, уаллаһи, сендермен бәсекелес болмаймыз. Дегенмен бауырлары мен әкелерін өлтірген кісілеріміздің басшылыққа келуінен қорқамыз», – дегенде, әзірет Омар: «Себеп осы болса, қолыңнан келсе дереу өл!» – дейді.

7. Халифалықты мұһажирлер мен ансарлар кезек атқарсын деген ұсыныс та айтылды: «Алдымен мұһажирлерден бір кісі сайлансын. Ол қайтыс болса, орнына ансарлардан бір кісі келсін. Ансарлық өмірден өткен соң, билік қайтадан мұһажирлердің біріне өтсін». Әзірет Омар бұл ұсынысқа қатаң қарсы шығып: «Жоқ, Аллаға ант етемін, бізге қарсы келгенді өлтіреміз», – деген.

8. Әзірет Әбу Бәкірге бәйғат берілген соң айтылған «Сағд ибн Убаданы өлтірдіңдер» деген сөзді кей ғалымдар «Оның абыройына нұқсан келтіріп, одан теріс айналдыңдар» деп түсіндірген. Әзірет Омар осы сөзге қатты ашуланып: «Алла оның жанын алсын!» – десе керек.

Имам Мәликтің бір риуаятында әзірет Омар: «Ашулы едім. “Алла Сағдтың жанын алсын! Өйткені жамандық пен бүліктің басында сол тұр”, – дедім», – деген.

  1. 1«Зүмәр» сүресі, 30-аят.
  2. 2«Әли Имран» сүресі, 144-аят.
  3. 3«Әли Имран» сүресі, 144-аят.
  4. 4Бұхари, «Фәдәилул-асхаб», 5 (№ 3667–3668), «Жәнәиз», 3, «Мағази», 83; Нәсәи, «Жәнәиз», 11 (4/11).
  5. 5«Тәубе» сүресі, 40-аят.
1738
Кутуб ситтә, № 1738 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ:«كُنْتُ أُقْرِئُ رِجَالًا مِنَ الْمُهَاجِرِينَ مِنْهُمْ عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ عَوْفٍ فَقَالَ: لَوْ رَأَيْتَ رَجُلًا أَتَى عُمَرَ الْيَوْمَ، فَقَالَ: هَلْ لَكَ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ فِي فُلَانٍ؟ يَقُولُ لَوْ قَدْ مَاتَ عُمَرُ لَبَايَعْتُ فُلَانًا، فوَاللَّهِ مَا كَانَتْ بَيْعَةُ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَّا فَلْتَةً فَتَمَّتْ، فَغَضِبَ عُمَرُ فَقَالَ: إِنِّي إِنْ شَاءَ اللَّهَ تَعَالَى لَقَائمٌ الْعَشِيَّةَ فِي النَّاسِ فَمُحَذِّرُهُمْ هَؤُلاءِ الَّذِينَ يُرِيدُونَ أَنْ يَغْصِبُوهُمْ أُمُورَهُمْ. قَالَ عَبْدُ الرَّحْمنِ: فَقُلْتُ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ: لَا تَفْعَلْ، فَإِنَّ الْمَوْسِمَ يَجْمَعُ رِعَاعَ النَّاسِ وَغَوْغَاءَهُمْ، وَإِنَّهُمْ هُمُ الَّذِينَ يَغْلِبُونَ عَلَى قُرْبِكَ حِينَ تَقُومُ فِي النَّاسِ، وَأَنَا أَخْشَى أَنْ تَقُومَ، فَتَقُولَ مَقَالَةً يُطَيِّرُهَا أُولَئِكَ عَنْكَ كُلَّ مَطِيرٍ، وَأَنْ لَا يَعُوهَا، وَأَنْ لَا يَضَعُوهَا عَلَى مَوَاضِعِهَا، فَأَمْهِلْ حَتَّى تَقْدَمَ الْمَدِينَةَ، فَإِنَّهَا دَارُ الْهِجْرَةِ وَالسُّنَّةِ فَتَخْلُصَ بِأَهْلِ الْفِقْهِ وَأَشْرَافِ النَّاسِ، فَتَقُولَ مَا قُلْتَ مُتَمَكِّنًا، فَيَعِى أَهْلُ الْعِلْمِ مَقَالَتَكَ، وَيَضَعُونَهَا عَلَى مَوَاضِعِهَا، فَقَالَ عُمَرُ: أَمَّا وَاللَّهِ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى أَقُومَنَّ بِذَلِكَ أَوَّلَ مَقَامٍ أَقُومُهُ بِالْمَدِينَةِ. قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: فَقَدِمْنَا الْمَدِينَةَ فِي عَقِبِ ذِى الْحِجَّةِ، فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ الْجُمُعَةِ عَجِلْتُ بِالرَّوَاحِ حِينَ زَاَغَتِ الشَّمْسُ». زَادَ رَزِينٌ:«فَخَرَجْتُ فِي صَكَّةِ عُمِّيٍّ، ثُمَّ رَجَعَ إِلَى الْحَدِيثِ الْأَوَّلِ، فَقَالَ: حَتَّى أَجِدَ سَعِيدَ بْن زَيْدِ بْنِ عَمْرِو بْنِ نُفَيْلٍ جَالِسًا إِلَى رُكْنِ الْمِنْبَرِ، فَجَلَسْتُ حَذْوَهُ تَمَسُّ رُكْبَتِي رُكْبَتَهُ، فَلَمْ أَنْشَبْ أَنْ خَرَجَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَلَمَّا رَأَيْتُهُ مُقْبِلًا قُلْتُ لِسَعِيدٍ: لَيَقُولُنَّ الْعَشِيَّةَ عَلَى هَذَا الْمِنْبَرِ مَقَالَةً لَمْ يَقُلْهَا مُنْذُ اسْتُخْلِفَ، فَأَنْكَرَ عَلَيَّ وقَالَ: وَمَا عَسَى أَنْ يَقُولُ مَا لَمْ يَقُلْ قَبْلَهُ، فَجَلَسَ عُمَرُ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَلَمَّا سَكَتَ الْمُؤَذِّنُ قَامَ فأثْنَى عَلَى اللَّهِ بِمَا هُوَ أَهلُهُ، ثُمَّ قَالَ: أَمَّا بَعْدُ فَإِنِّي قَائِلٌ لَكُمْ مَقَالَةً قَدْ قُدِّرَ أَنْ أَقُولَهَا، لَا أَدْرِي لَعَلَّهَا بَيْنَ يَدَيْ أَجَلِي، فَمَنْ عَقَلَهَا وَوَعَاهَا فَلْيُحَدِّثْ بِهَا حَيْثُ انْتَهَتْ بِهِ رَاحِلَتُهُ وَمَنْ خَشِىَ أَنْ يَعْقِلَهَا فَلَا أُحِلُّ لِأَحَدٍ أَنْ يَكْذِبَ عَليَّ: أَنَّ اللَّهَ بَعَثَ مُحَمَّدًا صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِالْحَقِّ، وَأَنْزَلَ عَلَيْهِ الْكِتَابَ فَكَانَ مِمَّا أَنْزَلَ اللَّهُ عَلَيْهِ آيَةَ الرَّجْمِ وَ(ذَكَرَ نَحْوَ حَدِيثِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا الْمَذْكُورِ فِي أَوَّلِ بِابِ حَدِّ الزِّنَا)، ثُمَّ قَالَ: وَأَنَّهُ بَلَغَنِي أَنَّ قَائِلًا يَقُولُ: لَوْ قَدْ مَاتَ عُمَرُ لَبَايَعْتُ فُلَانًا فَلَا يَغْتَرَّنَّ امْرُؤٌ أَنْ يَقُولُ إِنَّمَا كَانَتْ بَيْعَةُ أَبِي بَكْرٍ فَلْتَةً وَتَمَّتْ، أَلَا وَإِنَّهَا قَدْ كَانَتْ كذَلِكَ، وَلَكِنْ وَقَى اللَّهُ شَرَّهَا، وَلَيْسَ فِيكُمْ مَنْ تُقْطَعُ إِلَيْهِ الْأَعْنَاقُ مِثْلَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَأَنَّهُ كَانَ مِنْ خَبَرِنَا حِينَ تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّ الْأَنْصَارَ خَالَفُونَا، وَاجْتَمَعُوا بِأَسْرِهِمْ فِي سَقِيفَةِ بَنِي سَاعِدَةَ، وَتَخَلَّفَ عَنَّا عَلَى وَالزُّبَيْر رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا ومَنْ مَعَهُمَا، وَاجْتَمَعَ الْمُهَاجِرُونَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقُلْتُ لِأَبِي بَكْرٍ: يَا أَبَا بَكْرٍ انْطَلَقَ بِنَا إِلَى إِخْوَانِنَا هَؤُلَاءِ مِنَ الْأنْصَارِ، فَانْطَلَقْنَا نُرِيدُهُمْ، فلَمَّا دَنَوْنَا مِنْهُمْ لَقِيَنَا رَجُلَانِ صَالِحَانِ فَذَكَرَا مَا تَمَالَى عَلَيْهِ الْقَوْمُ فَقَالَا: أَيْنَ تُرِيدُونَ يَا مَعْشَرَ الْمُهَاجِرِينَ؟ فَقُلْنَا نُرِيدُ إِخْوَانَنَا مِنَ الْأَنْصَار؟ فَقَالَا: لَا عَلَيْكُمْ أَنْ تَقْرَبُوهُمْ، اقْضُوا أَمْرَكُمْ، فَقُلْتُ: وَاللَّهِ لَنَأْتِيَنَّهُمْ، فَانْطَلَقْنَا حَتَّى أَتَيْنَاهُمْ، فَإِذَا رَجُلٌ مُزَّمَّلٌ بَيْنَ ظَهْرَانِيهِمْ، فَقُلْتُ مَنْ هَذَا؟ قَالَوا: سَعْدٌ بْنُ عُبَادَةَ، فَقُلْتُ: مَالَهُ؟ قَالُوا: يُوعَكُ، فَلَمَّا جَلَسْنَا قَلِيلًا تَشَهَّدَ خَطِيبُهُمْ، فَأَثْنَى عَلَى اللَّهِ بِمَا هُوَ أَهْلُهُ ثُمَّ قَالَ: أَمَّا بَعْدُ فَنَحْنُ أَنْصَارُ اللَّهِ تَعَالَى، وَكَتِيبَةُ الْإِسْلَامِ، وَأَنْتُمْ مَعْشَرَ الْمُهَاجِرينَ رَهْطٌ مِنَّا، وَقَدْ دَفَّتْ دَافَّةٌ مِنْ قَوْمِكُمْ، فَإِذَا هُمْ أَرَادُوا أَنْ يَخْتَزِلُونَا مِنْ أَصْلِنَا، وَأَنْ يَحْضُنُونَا مِنَ الْأَمْرِ، فَلَمَّا سَكَتَ أَرَدْتُ أَنْ أَتَكَلَّمَ، وَكُنْتُ قَدْ زَوَّرْتُ مَقَالَةً أَعْجَبَتْنِي أُرِيدُ أَنْ أُقَدِّمَهَا بَيْنَ يَدَيْ أَبِي بَكْرٍ، وَكُنْتُ أُدَارِى مِنْهُ بَعْضَ الْحَدِّ)ـ1(، فَلَمَّا أَرَدْتُ أَنْ أَتَكَلَّمَ. قَالَ أَبُو بَكْرٍ: عَلَى رِسْلِكَ، فَكَرِهْتُ أَنْ أُغْضِبَهُ. فَتَكَلَّمَ وَكَانَ أَحْلَمَ مِنِّي وَأَوْفَرَ، وَاللَّهِ مَا تَرَكَ مِنْ كَلِمَةٍ أَعْجَبَتْنِي فِي تَزْويرِي إِلَّا قَالَ فِي بَدِيهَتِهِ مِثْلَهَا، أَوْ أَفْضَلَ مِنْهَا حَتَّى سَكَتَ، وقَالَ: مَا ذَكَرْتُمْ فِيكُمْ مِنْ خَيْرٍ فَأَنْتُمْ لَهُ أَهْلٌ، وَلَنْ تَعْرفَ الْعَرَبُ هَذَا الْأَمْرَ إِلَّا لِهَذَا الْحَيِّ مِنْ قُرَيْشٍ، هُمْ أَوْسَطُ الْعَرَبِ نَسَبًا وَدَارًا، وَقَدْ رَضِيتُ لَكُمْ أَحَدَ هذَيْنِ الرَّجُلَيْنِ فَبَايِعُوا أَيَّهُمَا شِئْتُمْ، فَأخَذَ بِيَدِي وَبِيَدِ أَبِي عُبَيْدَةَ بْنِ الْجَرَّاحِ، وَهُوَ جَالِسٌ بَيْنَنَا، فَلَمْ أَكْرَهْ مِمَّا قَالَ غَيْرَهَا، كَانَ وَاللَّهِ أَنْ أُقَدَّمَ فَتُضْرَبَ عُنُقِي لَا يَقْرَبُنِي ذَلِكَ مِنْ إِثْمٍ أَحَبَّ إِلَي مِنْ أَنْ أَتَأمَّرَ عَلَى قَوْمٍ فِيهِمْ أَبُو بَكْرٍ. اللَّهُمَّ إِلَّا أَنْ تُسَوِّلَ لِي نَفْسِي عِنْدَ الْمَوْتِ شَيْئًا لَا أَجِدُهُ الْآنَ، فَقَالَ: قَائِلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ: أَنَا جُذَيْلُهَا الْمُحَكَّكُ، وَعُذَيْقُهَا الْمُرَجَّبُ، مِنَّا أَمِيرٌ وَمِنْكُمْ أَمِيرٌ، فَكَثُرَ اللَّغَطُ، وَارْتَفَعَتِ الْأَصْوَاتُ حَتَّى فَرِقْتُ مِنَ الِاخْتِلافِ فَقُلْتُ: ابْسُطْ يَدَكَ يَا أَبَا بَكْر، فَبَايَعْتُهُ، وَبَايَعَهُ الْمُهَاجِرُونَ ثُمَّ بَايَعَهُ الْأَنْصَارُ، وَنَزَوْنَا عَلَى سَعْدٍ بْن عُبَادَةَ، فَقَالَ قَائِلٌ مِنْهُمْ: قَتَلهُمْ سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ، فَقُلْتُ: قَتَلَ اللَّهُ سَعْدَ بْنَ عُبَادَةَ، فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: وَإِنَّا وَاللَّهِ مَا وَجَدْنَا فِيمَا حَضَرَنَا مِنْ أَمْرِنَا أَقْوَى مِنْ مُبَايَعَةِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. خَشِينَا أَنْ فَارَقْنَا الْقَوْمَ، وَلَمْ تَكُنْ بَيْعَةٌ أَنْ يُبَايِعُوا رَجُلًا مِنْهُمْ بَعْدَنَا، فَأَمَّا بَايَعْنَاهُمْ عَلَى مَا لَا نَرْضَى، وَإِمَّا أَنْ نُخَالِفَهُمْ، فَيَكُونُ فَسَادٌ، فَمَنْ بَايَعَ رَجُلًا عَلَى غَيْرِ مَشْوَرَةٍ مِنَ الْمُسْلِمِينَ، فَلَا يُتَابَعُ هُوَ وَلَا الَّذِي بَايَعَهُ تَغِرَّةَ أَنْ يُقْتَلَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас былай дейді: «Құранды бірнеше мұһажирге үйрететінмін. Абдуррахман ибн Ауф та солардың бірі еді. Омардың соңғы қажылығында Абдуррахман оның қасында болды. Мен Минада Абдуррахманның үйінде едім. Ол қайтып келіп: “Бүгін Омарға келген кісіні көрсең ғой. Ол: ‘Уа, мүміндердің әміршісі! Біреу Омар өлсе, пәленшеге бәйғат беретінін және Аллаға ант етіп, Әбу Бәкірге бәйғат беру аяқ астынан болғанын айтса, не дер едіңіз?’ – деп сұрады. Баззардың нұсқасында әлгі кісі Талха ибн Убәйдулланың атын атаған. Омар бұл сөзге бұрын-соңды көрмегенімдей ашуланып: ‘Иншалла, бүгін кешке жұрттың алдына шығып, олардың билігін тартып алғысы келгендерден сақтандырамын’, – деді”».

Абдуррахман қосып былай деді: «(Осы себепті) әзірет Омарға: “Уа, мүміндердің Әміршісі, бұлай істеме. Себебі қажылық маусымында небір түрлі қараңғы әрі есерсоқ адамдардың басы осында қосылады. Сөйлеймін деп елдің алдына шыққаныңда, тыңдағандардың көбі солар болуы мүмкін. Менің қорқатыным – сен бірдеңе айтпақ болғанмен әлгі сауатсыздардың әрбірі оны басқаша ұғып, негізгі айтар ойыңды ұғына алмай қалады. Сондықтан асықпа. Мәдинаға бар. Ол жер һижрет жасалатын, сүннет ұстанатын жер. Ол жақта фиқыһ ғалымдары мен ел ішіндегі елеулі кісілермен оңаша отырып, қалауыңызды жақсы ұғындырасыз. Ғалымдар сөздеріңізді кемшіліксіз ұғады әрі мақсатыңыз не болса, соны жақсы түсінеді”, – дедім. (Осы себепті) әзірет Омар (р.а.): “Мейлі, иншалла, Мәдинаға барғанымда алғашқы мүмкіндіктен осындай бір бас қосу жасаймын”, – деді». Ибн Аббас жалғасында былай деді: «Зул-хижжаның соңында Мәдинаға келдік. Жұма күні түс болар-болмас мешітке қарай асықтым». Рәзин мынадай қосымша келтірген: «Түскі ыстықта шықтым». Кейіннен алдыңғы хадисті түсіндіруді (Ибн Аббас) жалғастырып былай деді: «(Мешітке келгенде) Сағид ибн Зәйд ибн Амр ибн Нуфайлдың (р.а.) мінбердің бұрышында отырғанын көрдім. Тізем тізесіне тиетіндей жанына отырдым. (Оңыма солыма қарамай) тұрып Омар ибн әл-Хаттаб (орнынан мінберге қарай) шықты. Оның келе жатқанын көргенде, жанымдағы Сағид ибн Зәйд ибн Амр ибн Нуфайлға: “Бүгін түсте Омар халифа болған күннен бері еш жасамаған бір сөз айтады”, – дедім. Зәйдке айтқаным ұнамады. Рәзиннің қосымшасы Мәликтің риуаятынан алынған. “Бұрын айтпағанды айтатыны қалай” деп менің сөзімді елемеді. Әзірет Омар (р.а.) мінберге отырды. Азаншы азанды аяқтағанда, түрегелді. Алла тағалаға лайықты мақтау айтты. Артынан былай деді: “Әмма бағд. Мен енді сіздерге Алла тағала айтуымды нәсіп еткен нәрсені айтайын. Білмеймін, мүмкін ажалым жақын шығар. (Бұл соңғы құтбам болар). Кім осы айтқанымды ұғып, санасына тоқып алса, мініс жануарымен барған жердің бәрінде айтсын. Кімде-кім түсінбесе, ешкімге мен жайлы өтірік айтпасын, айтқандарды кешірмеймін. Алла Мұхаммедті (с.а.с.) ақиқатпен жіберді, оған кітап түсірді. Алла түсіргендер арасында таспен ату (рәжм) аяты да бар. Біз оны оқыдық, түсіндік әрі жаттадық. Расулалла (с.а.с.) рәжм жазасын берді. Одан кейін біз бердік. Өзбасым арада біраз уақыт өткенде, кейбірі шығып: ‘Алланың кітабында біз рәжм аятын таппаймыз’ деп, Алла түсірген бір парызды тәрк етіп, адаса ма деп қорқамын. Рәжм Алланың кітабында мухсан, яғни балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, дұрыс некемен үйленген, ерлі-зайыпты бола тұра зинаға барған әйел мен ерлерге нақты дәлел, жүктілік немесе мойындауы болған жағдайда істелетін құқықтық жаза”».)».

Зина дүресіне қатысты тақырыпта айтылған ибн Аббас хадисі (№1589 хадис) секілді айтқаннан кейін былай деді: «…Естуімше, біреулер былай депті: “Омар өлсе, (баршамен ақылдасып, серт іздеп жатпастан) пәленге барып серт беремін”. Абайлаңдар! Ешкім “Әзірет Әбу Бәкірдің сайлануы бітті. (Біз де оның соны сайлағандай етіп біреуді сайлап аламыз”, – дегендей сөздерге алданбасын. Біліп қойыңдар, иә, оның сайлануы тез болғаны рас, дегенмен Алла (жалпы шұғыл жасалған істер арқылы кейіннен болатын) жамандықтардан бұл үмбетті сақтаған. Сендердің ешбірің дәл Әбу Бәкір секілді жаппай қолдауға ие бола алмайсыңдар. Ендеше, мұсылмандар ақылдасып құптамастан ешкім біреуге барып серт бермесін, олай жасаса, серт қабылдаған адам да, серт берген кісі де абыройдан жұрдай болады. Бұндай серт келісімінің нәтижесі екеуін де ажал құштырады. Әзірет Әбу Бәкірге берілген серт бұндай таяз ойлылар ойлағандай емес. Ішкі мәнін түсіндірейін: Расулалла (с.а.с.) өмірден озғанда, естуімізше, ансарлықтар ірі топ ретінде бізден бөлектеніп, Бәни Саида тайпасында жиналыпты. Али, Зубәйір мен бұларға қоса (Аббас секілді өзге) кейбіреулер бізден бөлек (жаназа істеріне айналып) артта қалды. Мұһажирлар әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) маңайына жиналды. Әзірет Әбу Бәкірге: “Уа, Әбу Бәкір, қане, мына ансарлық бауырларымыздың жанына барайық”, – дедім. Оларға (тез жетуге) жүріп кеттік. Жандарына барғанда олардан екі кісіге жолықтық. Қауымының (Сағд ибн Убаданы халифа етіп таңдау жайлы) ұйғарымын айтты, сосын: “Уа, мұһажирлер, қайда барасыңдар?” – деп сұрады. Біз оларға: “Мына ансарлық бауырларымызға бара жатырмыз”, – дедік. “Жоқ, оларға жақындамаңдар, үкімдерін шығарсын”, – деді. Мен: “Уаллаһи, оларға барамыз”, – дедім де жүріп кеттік. Олар Бәни Саида тайпасында екен. Орталарында үсті жабық біреу бар еді.

– Мына кісі кім? – дедім.

– Бұл – Сағд ибн Убада, – деді. Мен:

– Оған не болды? – деп сұрадым.

– Қалшылдап тұр! – деді. Біраз отырғанымызда олардың шешені шәһадат айтып, сөз бастады. Алла Тағалаға лайықты мадақ айтқан соң, былай деді:

“Әмма бағд! Біз Алланың ансары әрі Исламның әскеріміз. Сендер, уа, мұһажирлер, негізгі қауымынан бөлектеніп келген (арамыздағы) бір топсыңдар”.

Осы сөзден олардың бізді әуелден өзімізге тиесілі істен шеттетіп, билікке жолатқысы келмейтінін аңғардық.

Шешендері сөз сөйлеп біткенде, сөз алғым келді. Осы сәт ішімнен айтатын жақсы ойларымды ыңғайлаған едім. Бұларды Әбу Бәкірдің (р.а.) алдында айтқым келді. Мен кейде оның ашуын басатынмын. Сөйлегім келген кезде Әбу Бәкір: “Асықпа”, – деді. Оны ашуландырғым келмеді (сөйтіп сөйлеуден бас тарттым). Әбу Бәкір (р.а.) сөйледі. Ол негізі менен гөрі сыпайы, байсалды болатын. Аллаға ант етейін, іштей дайындаған барлық әдемі сөздерімді сол әдемі қалпында, тіпті одан да әдемі етіп жеткізді. Ол былай деді: “Өздеріңіз жайлы айтқан ізгі қасиеттерге артығымен лайықсыздар. Дегенмен бұл (басшылық) ісі Құрайыш тайпасына тән. Олар тектілік жағынан да, орналасу жағынан да арабтардың ортасында орналасқан. Мен сіздер үшін мына екі кісінің бірін дұрыс көремін, бұлардан қайсысын таңдасаңыздар, соған серт (биғат) беріңіздер!”

Осыны айтып, менің де, Әбу Убәйда ибн әл-Жаррахтың да қолынан ұстады. Әбу Бәкір екеуіміздің ортамызда отыр еді. Оның (екеуімізді имамдыққа ұсынған сөзінен басқа) барлық айтқандары көңілімнен шықты. Уаллаһи, арасында Әбу Бәкір бар қауымға басшылық жасағанша, одан да ауыр күнә істеп басым шабылғаны әлдеқайда жақсы. Дегенмен нәпсімнің маған өлім кезіндегі ұнамды көрсеткен нәрсесін қазір таба алмаудамын. Осы кезде ансарлық (Хубаб ибн әл-Мунзир атты) біреуі: “Мен – түйелер сүйкеніп қажаған қазықпын, тіреу қойып бекіткен құрма ағашымын. Мен былай дер едім: ‘Сендерден бір басшы, бізден бір басшы сайлайық, уа, Құрайыш жұрты’”, – деді. Осы сәт әркім әр нәрсені айтып орта дабырлап кетті. Тіпті талас шығып кете ме деп сескендім. Әзірет Әбу Бәкірге: “Уа, Әбу Бәкір, әкел қолыңды!” – дедім. Қолын созды, мен оған серт бердім. Мұһажирлар да серт берді. Содан соң ансарлар серт берді. Сағд ибн Убаданы (р.а.) бас салдық. Осы кезде олардың біреуі: “Сағд ибн Убаданы өлтірдіңдер”, – демесі бар ма? Мен: “Сағд ибн Убаданы Алла өлтірсін”, – дедім».

Әзірет Омар (р.а.) былай дейді: «Уаллаһи, біз Алла елшісін (с.а.с.) жерлеу кезінде әзірет Әбу Бәкірді сайлаудан асып түсетін маңызды нәрсе ойлай алмадық. Серт берместен халықты өз еркіне қойып қойсақ, ол жерден кеткенде өздері бір халифа сайлап ала ма деп қорықтық. Бұндай жағдайда біз көңілсіз серт берер едік немесе бір-біріне қарсы шығып, екеуі де құритын еді. Білесіңдер, мұсылмандармен ақылдаспастан, кім басқа біреуге серт берсе, серт берген кісі де, серт қабылдаған кісі де беделден жұрдай болады, екеуі де ажал құшуы бек мүмкін».1

Түсіндірме

1. Бұл ұзақ риуаятта әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) сайлануы және әзірет Омардың өз тұсында туа жаздаған бүліктің алдын алу үшін не істегені баяндалады. Хадисте шешендікпен айтылған астарлы сөздер де кездеседі.

2. Бұл жерде бір мәселені түсіндіре кеткен орынды. Ол әзірет Омардың (р.а.) алғашқы халифа әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) таңдалуын айтуына себеп болған жағдай біреудің: «Әттең, Омар өлсе, Талха ибн Убәйдуллаға серт берер едім. Уаллаһи, әзірет Әбу Бәкірдікі тез бітті», – деген сөзі еді. Осы сөзге әзірет Омар қатты ашуланған. Өйткені айтылмақ ой мынау: Әзірет Әбу Бәкірдің таңдалуы тым шұғым болды, баршаның пікірі мен разылығы алынбастан, жеке бір топ оны тез арада халифа етіп сайлағандықтан, өзгелер қаласа да, қаламаса да шешімді қабылдауға мәжбүр болды. Әзірет Омар өмірден озса, дәл солай Талха ибн Убәйдуллаға да шұғыл серт берілсе. Сосын барша жұрт осы сертті қабыл алады, қабыл алуға мәжбүр болады т.б.

Әзірет Омар осыны естігенде, терісіне сыймай қатты ашуланды, бұны басшылықты басып алу деп түсінді. Әзірет Әбу Бәкірдің халифа болуы жөнінде сол күннің жағдайлары себепті асығыстық орын алды, бұл рас. Дегенмен оның сыйлы кісі екендігі, мұсылмандықты алғаш қабылдауы, Алла елшісінің (с.а.с.) оны имам етіп таңдауы, һижреті кезінде үңгірде Алла елшісіне (с.а.с.) жолдас болуы, Құранда ол туралы айтылуы секілді көптеген артықшылықтарын жұрт мойындайтындықтан, әзірет Әбу Бәкір секілді тұлғаның таңдалуы мәселеге көлеңке түсірмейтін. Әзірет Омар қайтыс болып, дәл солай мәселе шешілсе, онда көптеген имамдар таласып, бүлік шығуы мүмкін. Осы себепті әзірет Омар өзіне жеткен осындай сөздерге байыппен қарап, сол мезет дереу соны қозғаған. Дегенмен дұрыс берілген кеңеске сүйеніп, мәселе туралы көпшілікке айтуды Мәдинаға қайту уақытына қалдырады. Ибн Исхақтың риуаятында әзірет Омардың өлімімен бірге әзірет Әбу Бәкірдің таңдалуы кейпінде жаңаларды таңдауды бір емес бірнеше кісі қалаған, яғни халифа әзірет Омардың мәселеге байыппен қарауында белгілі бір мән бар. Құлағына жеткен сөз кездейсоқ емес, саяси қитұрқылықтарға дайындықтың хабары еді. Әзірет Омар үмбеттің сыйлы кісілерімен ақылдасып, келісім алмастан ешкімнің ешкімге серт бермейтінін, әйтпесе, мемлекетке соғыс ашқан болып саналатынын түсіндірді. Айтқандай, Алла елшісі (с.а.с.) де бір имам барда екінші біреудің шығып, серт алуына тыйым салғанын (харам) жариялап, оны өлтіруді бұйырған.

3. Әзірет Әбу Бәкір, әзірет Али секілді ірі тұлғалардың халифалық ісін шешуді бірінші кезекте қолға алуы маңызды. Ансарлардың бірінің халифа болуы Ислам бірлігін бұзып, түрлі топтар арасында саяси бәсекелестік тудыруы мүмкін еді. Себебі жан-жақтағы мұсылмандар бұндай істерде Құрайышты лайықты деп білетін. Мұһажирлар мәселенің шешімінде табанды түрде тұрып алды. Оның үстіне Алла елшісінің (с.а.с.): «Имамдар Құрайыштан болады» дегенін де естеріне салды.

4. Әзірет Омардың (р.а.) халифалықты шешу мәселесін қолға алмай тұрып рәжм аятына қатысты түсіндірме жасауы былай жорамалданған: «Әзірет Омар: «Құранда жазылмаса да тәжірибеде рәжм жазасы бар. Ешкім: «Құранда рәжм аяты жоқ, мен рәжмді қабыл алмаймын» деп айта алмайды, сол секілді «Құранда халифаны былай былай таңдаңдар деген бұйрық жоқ, біз қалағанымыздай халифа таңдаймыз деп айта алмайды» дегісі келген.

5. Кейбір үкімдер

Бұл хадистен алынатын кейбір үкімдерге мыналар жатады:

• Ілімді оған лайық кісіден үйрену керек. Үйретуші үйренушіден кіші немесе беделі төмен болуы мүмкін.

• Білімді қабылдауға даярлығы жоқ кісіге шамасы жетпейтін нәрсені айтпаған жөн.

• Жамағатқа зиян келтіруі мүмкін сөзді билеушіге жеткізуге болады. Бұл сөз тасуға жатпайды. Сақтық шарасы қолданылсын әрі сөз иесі әшкере болмасын десек, мұны оңаша айтып, кісінің атын атамаған жөн. Әзірет Омар (р.а.) жұртты сақтандырып, мәселені көтергенімен, әлгі сөзді кім айтқанын сұрамаған, іздестірмеген, жазаламаған.

• Имам тағайындалғанда оның Құрайыштан болуы шарт деп саналған, өйткені арабтар бұл іске Құрайышты лайық көрген. Бұл риуаятта әзірет Омар алдымен имамды мұсылмандармен ақылдаспай сайлауға қарсы шығып, имамның Құрайыштан болу мәселесін де көтерген.

• Имамның Құрайыштан болуы қажет дегенге бірнеше дәлел келтірілген. Соның бірі – мұсылмандардың билігін қолына алғандарға ансарларға жақсы қарау туралы айтылған өсиет.

• Бұл хадистен күйеуі жоқ әйел жүкті болса, оны тас боранға алуды да түсінеміз, тек зорланғаны туралы дәлел болмаса болды.

• Бір мәселені білетін адам оны имамға айтқысы келсе, одан бұрын басқа біреуге қысқаша айтуына болады. Мәселен, ибн Аббас пен Саид ибн Зәйд арасында бір жағдай орын алған еді. Саид ибн Аббастың хабарын қабылдамады, себебі ол үшін маңызды жайт мынау еді: Шариғи мәселелер бұл уақытта орныққан болатын. Бұдан кейін қандай жағдай орын алса да шариғаттың өзегі өз қалпын сақтап, тек егжей-тегжейіне қатысты ғана орын алмақ.

• Ілімді жақсы игергендер оны басқаларға жеткізуі керек. Ілімді түсінбегендерді ол ілімді таратпауға шақырған.

  1. 1Бұхари, Мухарибин 30, 31, Иғтисам 16, Мазалим 19, Манақибул-Ансар 46, Мағази 11; Мүслим, Худуд 15, (1691) Мүслимде хадис қысқаша келген.
1739
Кутуб ситтә, № 1739 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ:«أَتَتْ فَاطِمَةُ وَالعَبَّاسُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَلْتَمِسَانِ مِيرَاثَهُمَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: لَا نُورَثُ؛ مَا تَرَكْنَاهُ صَدَقَةٌ، إِنَّمَا يَأْكُلُ آلُ مَحَمَّدٍ فِي هَذَا الْمَالِ، وَإِنِّي وَاللَّهِ لَا أَدَعُ أَمْرًا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَصْنَعُهُ إِلَّا صَنَعْتُهُ، إِنِّي أَخْشَى أَنْ تَرَكْتُ شَيْئًا مِنْ أَمْرِهِ أَنْ أَزِيغَ، فَهَجَرَتْهُ فَاطِمَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فَلَمْ تُكَلِّمْهُ حَتَّى مَاتَتْ بَعْدَ سِتَّةِ أَشْهُرٍ، فَدَفَنَهَا عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لَيْلًا، ولَمْ يُؤذِنْ بِهَا أَبَا بَكْرٍ، وَكَانَ لِعَلِيٍّ وَجْهٌ مِنَ النَّاسِ حَيَاةَ فَاطِمة رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَلَمَّا مَاتَتِ انْصَرَفَتْ وُجُوهُ النَّاسِ عَنْهُ، فَقَالَ رَجُلٌ لِلزُّهْرِيِّ رَحِمَهُ اللَّهُ: وَلَمْ يُبَايِعْهُ عَلِيٌّ سِتَّةَ أَشْهُرٍ؟ قَالَ: لَا، وَاللَّهِ وَلَا أحَدٌ مِنْ بَنِي هَاشِمٍ، فَلَمَّا رَأَى عَلِيٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ انْصِرَافَ وُجوُهِ النَّاسِ عَنْهُ ضَرَعَ إِلَى مُصَالَحةِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ أَنِ ائْتِنَا وَلَا يَأْتِنَا مَعَكَ أحَدٌ، وَكَرِهَ أَنْ يَأْتِيَهُ عُمَرُ لِمَا عَلِمَ مِنْ شِدَّتِهِ، فَقَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: لَا تَأْتِهِمْ وَحْدَكَ، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: وَاللَّهِ لَآتَينَّهُمْ وَحْدِي، مَا عَسَى أَنْ يَصْنَعُوا بِي؟ فَانْطَلَقَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَدَخَلَ عَلَى عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَقَدْ جَمَعَ بَنِي هَاشِمٍ عِنْدَهُ، فَقَامَ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: أَمَّا بَعْدُ، فَلَمْ يَمْنَعْنَا أَنْ نُبَايِعَكَ يَا أَبَا بَكْرٍ إِنْكَارٌ لِفَضِيلَتِكَ، وَلَا نَفَاسَةٌ عَلَيْكَ، وَلَكِنَّا كُنّا نَرَى أَنَّ لَنَا فِي هَذَا الْأَمْرِ حَقًّا فَاسْتَبْدَدْتُمْ عَلَيْنَا، ثُمَّ ذَكَرَ قَرَابَتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَحَقَّهُمْ، فَلَمْ يَزَلْ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَذْكُرُ حَتَّى بَكَى أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَصَمَتَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَتَشَهَّدَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَحَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى وَأَثْنَى عَليْهِ، ثُمَّ قَالَ: أَمَّا بَعْدُ، فَوَاللَّهِ لَقَرَابَةُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَحَبُّ إِلَى أَنْ أَصِلَ مِنْ قَرَابَتِي، وَإِنِّي وَاللَّهِ مَا أَلَوْتُ فِي هَذِهِ الْأَمْوَالِ الَّتِي كَانَتْ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ عَنْ الْخَيْرِ، وَلَكِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: لَا نُورَثُ مَا تَرَكْنَاهُ صَدَقَةٌ، إِنَّمَا يَأْكُلُ آلُ مُحَمَّدٍ فِي هَذَا الْمَالِ، وَإِنِّي وَاللَّهِ لَا أَدَعُ أَمْرًا صَنَعَهُ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَّا صَنَعْتُهُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى، فَقَالَ عَليٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: مَوْعِدُكَ لِلبَيْعَةِ الْعَشِيَّةُ، فَلَمَّا صَلَّى أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الظُّهْرَ أَقْبَلَ عَلَى النَّاسِ يَعْذُرَ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِبَعْضِ مَا اعْتَذَرَ بِهِ، ثُمَّ قَامَ عَليٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَعَظَّمَ حَقَّ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَذَكَر فَضِيلَتَهُ وَسَابِقَتَهُ، ثُمَّ قَامَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ فَبَايَعَهُ، فَأَقْبَلَ النَّاسُ عَلَى عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالُوا: أَصَبْتَ وَأَحْسَنْتَ، فَكَانَ النَّاسُ إِلَى عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَرِيبًا حِينَ رَاجَعَ الْأَمْرَ الْمَعْرُوفَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَاللَّفْظُ لِمُسْلِمٍ. »ضَرَعَ»: أَيْ خَضَعَ، وَانْقَادَ «وَالنَّفَاسَةُ»: الْحَسَدُ، وَمَعْنَى «مَا أَلَوْتُ» بِالْقَصْرِ: أَيْ مَا قَصَرْتُ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Әзірет Фатима мен әзірет Аббас Әбу Бәкірге (р.а.) келіп, Алла елшісінен (с.а.с.) өздеріне тиесілі мұраны сұрады. Әбу Бәкір оларға: “Алла елшісінің (с.а.с.): ‘Бізден мұра қалмайды. Қалдырғанымыз – садақа. Мұхаммед әулеті осы мүліктен күнелтеді’, – дегенін естідім. Аллаға ант етемін, Алла елшісінің (с.а.с.) істегенін көрсем, мен де соны істеймін. Оның ісінен бір нәрсені қалдырсам, тура жолдан тайып кетем бе деп қорқамын”, – деді. Осыған ренжіген Фатима алты айдан кейін дүниеден өткенше онымен сөйлеспеді. Әли оны түнде жерлеп, Әбу Бәкірге хабар бермеді. Фатима тірі кезде Әли жұрттың құрметіне бөленді. Фатима өмірден өткен соң, жұрт одан теріс айналды».

Бір кісі Зуһриден: «Сонда Әли алты ай бойы Әбу Бәкірге бәйғат бермеген бе?» – деп сұрады. Зуһри: «Жоқ, Аллаға ант етемін, Әли де, Бәну Һашимнан ешкім де бәйғат бермеді», – деді. Әли жұрттың өзінен теріс айналғанын көріп, Әбу Бәкірмен татуласуға ұмтылды. Оған: «Жаныңызға ешкімді ертпей, өзіңіз келіңіз», – деп хабар салды. Омардың қаталдығын білетіндіктен, оның еріп келгенін қаламады. Омар Әбу Бәкірге: «Оларға жалғыз барма», – деді. Әбу Бәкір: «Уаллаһи, жалғыз барамын. Олар маған не істей қояр дейсің?» – деп, Әлиге барды. Әли Бәну Һашимды қасына жинаған екен. Ол орнынан тұрып, Аллаға мадақ айтты да: «Уа, Әбу Бәкір! Бәйғат бермегеніміз сіздің артықшылығыңызды мойындамағанымыздан да, сізбен бақталасқанымыздан да емес. Бұл істе бізге де үлес тиесілі деп білдік. Бірақ сіздер оны бізбен ақылдаспай шештіңіздер», – деді. Содан соң Алла елшісіне (с.а.с.) туыстығын, әулетінің ақысын айтты. Әбу Бәкір жылағанда, Әли сөзін тоқтатты. Әбу Бәкір шәһадат айтып, Аллаға мадақ айтқан соң: «Аллаға ант етемін, Алла елшісінің (с.а.с.) туыстарымен байланысты сақтау маған өз туыстарыммен байланысты сақтаудан да қымбат. Арамыздағы мүлік мәселесінде қолымнан келген жақсылығымды аяған жоқпын. Алла елшісінің (с.а.с.): “Бізден мұра қалмайды. Қалдырғанымыз – садақа. Мұхаммед әулеті осы мүліктен күнелтеді”, – дегенін естідім. Алла қаласа, оның істегенінің бәрін істеймін», – деді. Әли: «Бәйғат үшін түстен кейін жолығайық», – деді. Әбу Бәкір бесін намазын оқыған соң, жұртқа Әлидің бәйғатты кешіктіру себебін түсіндірді. Әли орнынан тұрып, Әбу Бәкірдің орнын жоғары бағалайтынын, оның артықшылықтарын әрі Исламды алғаш қабылдағандардың бірі екенін айтты. Содан кейін Әбу Бәкірге жақындап, бәйғат берді. Жұрт Әлидің қасына жиналып: «Дұрыс істедің! Жөн болды!» – деді. Әли осы игі іске қайта оралғанда, жұрт та оған қайта жақындады.1».

Түсіндірме

1. Хадистің Мүслимде келген басқа нұсқасының бас жағы мәселені одан да ашық түрде жеткізуде. Онда әзірет Фатима (мен Аббас) әзірет Әбу Бәкірге (р.а.) тіке келмейді. Біреуді жіберіп, үлес малынан, Мәдина, Фадак пен Хайбарда Расулалланың (с.а.с.) үлесіне тиген мүліктерді мұра ретінде беруді сұрайды. Дегенмен әзірет Әбу Бәкір оларға мына жауапты айтады: «Расулалла (с.а.с.) көзі тірісінде: “Бізге ешкім мұрагер бола алмайды, не қалдырған болсақ, бәрі садақа, бұл малдан Мұхаммед әулеті жейді”, – деді. Мен де, уаллаһи, Расулалланың (с.а.с.) садақасын тірі кезінде жағдайы не болса, оны ешқашан өзгерте алмаймын. Расулалла (с.а.с.) оларды қалай жұмсаған болса, мен де солай жұмсайтын боламын», – деп, сол жерлерді өздеріне алсақ деген өтініштерін қабылдамайды. Міне, осы оқиғадан кейін әзірет Фатима әзірет Әбу Бәкірге ренжіп, өкпелеп, өмірден озғанға дейін сөйлеспей қояды. Фатима анамыздың өмірден озуы өзі де Расулалладан (с.а.с.) кейін алты айдан соң орын алған.

Риуаяттың кейінгі бөлігі түсінікті: әзірет Фатиманың (р.а.) өмірден озуынан кейін әзірет Али (р.а.) біраз қоғамның қысымымен әзірет Әбу Бәкірге серт береді. Серт беру кезінде екі жақ та бір-бірінің артықшылықтарын тілге тиек етеді, бір-бірін жазғырмайды. Екеуінің арадағы ренішті былай қойып татуласқанына халық та дән риза болады. Әзірет Алиге біраз суып қалған мұсылман халықтың көңілі қайта жібіп сала береді. Халықтың Алиге деген сый-құрметі артады.

2. Әзірет Фатима, тіпті әзірет Али мен әзірет Аббас (р.а.) не үшін мұра сұрады?

Бұл тұрғыда бірнеше жорамал алға тартылғанмен ең дұрысы мынау: Әзірет Әбу Бәкір риуаят еткен: «Бізге ешкім мұрагер болмайды, қалдырғандарымыз садақа» деген хадисті естімеулері. Әзірет Омар, әзірет Әбу Бәкір секілді бұрыннан келе жатқан әрі Расулаллаға (с.а.с.) ең жақын болған мұсылмандардың көп маңызды мәселелердің өзінде Алла елшісінің (с.а.с.) хадистерін ол кісінің көзі тірісінде емес, қайтыс болғаннан кейін естуінің бірнеше мысалы бар. Бұл да солардың бірі болса керек. Хадисті естіген әзірет Әбу Бәкір (р.а.) жауапты лауазымда болғандықтан Алла елшісінің (с.а.с.) тәжірибесінен айырылмауды негізге алып, әзірет Фатима мен әзірет Али секілді қатты жақсы көріп құрметтейтін жандардың, Расулалланың (с.а.с.) екі жақынының ренжігеніне де қарамаған. Әзірет Али Расулаллаға (с.а.с.) жақындығын тілге тиек еткенде, шыдай алмай жылап тыңдаған әзірет Әбу Бәкірге оларды ренжіту әрине ауыр тигені анық. Бірақ қолдан келер қайран бар ма?! Расулалладан (с.а.с.) ол тұрғыда нақты білетіні болғандықтан соны орындауы тиіс еді: «Бізге ешкім мұрагер бола алмайды, қалдырғандарымыздың бәрі садақаға жатады...»

3. «Дініміз үш күннен артық тоң-теріс жүруге тыйым сала тұра әзірет Фатиманың қайтыс болғанға дейін (алты ай) әзірет Әбу Бәкірге ренжуі осы ескертуге қайшы емес пе?» деген ой келуі мүмкін. Ғалымдарымыз бұның сәлем бермейтіндей реніш еместігін айтады. Әзірет Фатиманың осы оқиғадан кейін әзірет Әбу Бәкірмен кездесіп, сәлемдескені жайлы риуаят жоқ. Оның үстіне, Бәйхақиде келген бір риуаят олардың татуласқандықтарын көрсетеді: «Шағбидың риуаяты бойынша, әзірет Фатима науқастанғанда Әбу Бәкір халін сұрап барып, кіруге рұқсат сұрайды. Әзірет Али жағдайды Фатимаға білдіреді. Әзірет Фатима күйеуі әзірет Алиден рұқсат беріп, бермейтінін сұрайды. «Иә» дегенде, әзірет Әбу Бәкірге рұқсат береді. Халифа ішке кіріп, біраз жақсы сөздер айтады. Меккедегі мал-мүлік, қауымы мен ел-жұртын Алла мен елшісінің разылығы үшін, солардың разылығы үшін қалдырғанын айтып, арадағы ренішті кетіреді.

Нәуәуи: «Әзірет Фатима Әбу Бәкірмен сөйлеспеді» деген сөзін «Бұл мәселе туралы қайта жақ ашпады, оны қозғамады» деген мағынада түсінеді, әрі жалғасында былай дейді: «Немесе өз жайымен болғандықтан, одан қажет еш нәрсе сұрамады, онымен кездесіп сөйлесетіндей қажетті жағдай тумады. Олардың кездескеніне әрі әзірет Фатиманың оған сәлем бермегеніне, сөйлеспегені жайлы басқа еш риуаят жоқ».

4. Әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) бұл мәселедегі дұрыстығын әзірет Али мен әзірет Аббас мойындаған. Өйткені кейіннен әзірет Али халифа болған кезде, аталған жерлерді әзірет Әбу Бәкір анықтаған, әзірет Омар мен әзірет Осман жалғастырған тұғырды еш өзгертпеген. Бұл тұсты түсіндіретін бір риуаятты Нәуәуи Әбу Дәуіттен жеткізеді: «(Аббасилердің алғашқы халифасы) Саффах алғашқы құтбасын оқыған кезде, мойнына Құран ілген бір кісі жанына келіп: “Алла үшін дұшпаным мен менің арама осы Құранмен үкім берші”, – дейді. Саффах: “Дұшпаның кім?” – деп сұрағанда, “Әбу Бәкір, ол Фадак жерін бізге (алуға) тыйым салған”, – дейді. Халифа: “Ол саған зұлымдық көрсетті ме?” – деп сұрайды. Ол: “Иә” дейді. Саффах: “Одан кейін кім?” – деп сұрайды. Әлгі кісі: “Омар” дейді. Саффах: “Омар да залымдық жасады ма?” – дейді. Ол: “Иә”, – дейді. Әзірет Османды да дәл солай атағанда: “Али де саған қиянат жасаған болар?” – дейді. Ол бұл жолы үндемейді. Саффах сонда әлгі кісіге қатты ұрсады».

Қади Ияд осы мәселеде мынаны айтады: «Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) хадистен дәлел келтіргенде, әзірет Фатиманың (р.а.) қарсы уәж айтудан бас тартуы бұл мәселедегі ижмағқа бағынғанын көрсетеді. Бұл жағдай өзіне хадис жетіп, оның жорамалын ұғынғанда, әзірет Фатиманың (р.а.) жеке көзқарасынан бас тартқанын білдіреді. Осыдан бастап не өзі, не ұрпағы мұра жайлы жақ ашпаған. Кейіннен әзірет Али халифа болған кезде ол мәселеде әзірет Әбу Бәкір мен әзірет Омардың ұстанымынан танбады. Ендеше, бұл да әзірет Али мен әзірет Аббастың сол жерлерді игеру ісін өздері жүргізуді сұрағанын білдіруде».

5. Әзірет Алидің серт беруінің кешігуі әзірет Әбу Бәкірдің халифалығының заңдылығына көлеңке түсірмейді. Себебі шариғи тұрғыдан халифаның заңды болуы үшін баршаның серт беруі шарт емес. «Әһлул-хал уәл-ақд» деп аталатын, алдыңғы қатарлы кісілерден бірқатар тұлғалардың серт беруі жеткілікті. Оның үстіне әзірет Али серт бермеген уақыттарда әзірет Әбу Бәкірге, оның халифалыққа өтуінің заңдылығына байланысты қандай да бір қарсы сөз не әрекет жасаған емес. Әбу Бәкірге бағынбады дейтіндей мәселе жоқ. Әзірет Әбу Бәкірдің халифа таңдалғанда, онымен ақылдаспауы бұдан бұрын да байқағанымыздай, қалыптасқан жағдайлар себепті еді. Сондықтан істі шұғыл реттеу қажет болды.

6. Әзірет Али әзірет Әбу Бәкірді үйіне шақырғанда, жалғыз келуін ескертіп, әзірет Омарды ертіп келмеуін қалауы әзірет Омардың тек ашуланатын қатал мінезінен туындаған. Әзірет Али өкпе назын айтқысы келгендіктен, ол мәселені сыпайы мінезді әзірет Әбу Бәкірмен еркін сөйлесе аламын деп ойласа керек. Әзірет Омардың (р.а.) жалғыз барма деуі әзірет Әбу Бәкірге ауыр сөздер айтып, ренжітіп алар ма екен деп алаңдағаны еді. Өзі бірге барса бұған жол бермес едім деп ойлаған.

  1. 1Бұхари, Фәдәилул-Асхаб 12; Мүслим, Жиһад 53, (1759). Мәтін Мүслимнен. Хадис Бұхариде мұхтасар (шағын).
1740
Кутуб ситтә, № 1740 · тараудағы реті: 6

وَعَنِ الْقَاسِمِ بْنِ مُحَمَّدٍ قَالَ: «قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: وَارَأْسَاهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاكِ لَوْ كَانَ، وَأنَا حَيٌّ، فَأَسْتَغْفِرُ لَكِ، وَأَدْعُو لَكِ، فَقَالَتْ وَاثُكْلَاهُ، وَاللَّهِ إِنِّي لَأَظُنُّكَ تُحِبُّ مَوْتِي، وَلَوْ كَانَ ذَلِكَ لَظَلَلْتَ آخِرَ يَوْمِكَ مُعَرِّسًا بِبَعْضِ أَزْوَاجِكَ، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: بَلْ أَنَا وَارَأْسَاهُ لَقَدْ هَمَمْتُ، أَوْ أَرَدْتُ أَنْ أُرْسِلَ إِلَى أَبِي بَكْرٍ وَابْنِهِ. وَأَعْهَدَ أَنْ يَقُولُ الْقَائِلُونَ، أَوْ يَتَمَنَّى الْمُتَمَنُّونَ، ثُمَّ قُلْتُ. يَأْبَى اللَّهُ وَيَدْفَعُ الْمُؤْمِنُونَ، أَوْ يَدْفَعُ اللَّهُ وَيَأْبَى الْمُؤْمِنُونَ».«أَعْرَسَ الرَّجُلُ بِامْرَأَتِهِ»: إِذَا دَخَلَ بِهَا. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَاللَّفْظُ لِلْبُخَارِيِّ. »أَعْرَسَ الرَّجُلُ بِامْرَأَتِهِ»: إِذَا دَخَلَ بِهَا.

Қазақша аудармасы

Қасым ибн Мұхаммед былай дейді: «Әзірет Айша (р.а.) бірде науқастанды: “Басым-ай (жаным шығып барады)”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) (әзіл болсын деп): “Әттең, мен тірі кезде бұл орын алса, саған кешірім тілеп, дұға етер едім”, – деді. Бұны естігенде әзірет Айша (р.а.) селт етіп: “Мәссаған, сонда менің өлгенімді қалап тұрмысыз?! Мен өлсем, кешкісін басқа жұбайларыңыздың бірімен оңаша қалмақсыз ғой”, – деді. Расулалла (с.а.с.) (сөзін өзгертіп) былай деді: “Қайта мен өлетін секілдімін, әй, басым! Әбу Бәкірге және ұлына біреуді жіберіп, (менен кейін халифалыққа ‘мен әлдақайда лайықтымын’ деп өрекпіп шығатындардың алдын алып,) орныма өтуін бекітпекші едім. Кейіннен (өз өзіме: ‘Бұндай ойды Әбу Бәкірден өзге кім айтса да бәрібір) Алла қабылдамайды, мүміндер де құп көрмейді’, – дедім (әрі бұндай өсиет айтудан бас тарттым)”».1

Түсіндірме

1. Бұл хадис түрлі нұсқалармен келген. Мағына біртұтас болуы үшін өзге нұсқаларда келген кейбір қосымшаларды бұл жерде жақшаның ішінде бердік.

2. Хадисте айтылған أعْهَدَ (уағда), жалпылама мағынаға келгенмен, Бұхари бастаған ғалымдар көбіне мұны осы хадисте «орнына біреуді тағайындап кету» ретінде түсінген. Бұлай болса, Расулалла (с.а.с.) өзінен кейін әзірет Әбу Бәкірден (р.а.) өзге ешкімнің халифалыққа таласпауын, таласқан жағдайда оны мүміндердің қабылдамауы жөн іс екенін алдын-ала білдірген. Алдын-ала хабар берген бұл жайт кейінгі жағдайлармен дәл шыққандықтан, хадисті түсіндірушілер бұл жерде мұғжиза бар екенін алға тартқан. Бірден айта кетейік, Расулалла (с.а.с.) өзінен кейін халифалық турасында талас туар деп секемденгендіктен өсиет қалдырайын деп ойлаған. Дегенмен үмбет өзі дұрыс пайым жасар деген сеніммен нақты біреуді тағайындағаны жайлы қағазға жазып қалдырудан тартынған.

  1. 1Бұхари, Ахкам 51, Марда 16; Мүслим, Фадаилус-сахаба 11, (2387).
1741
Кутуб ситтә, № 1741 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ:«لَمَّا احْتُضِرَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ دَعَا عُمَر فَقَالَ: إِنِّي مُسْتَخْلِفُكَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَا عُمَرُ، إِنَّمَا ثَقُلَتْ مَوَازِينُ مَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِاتِّبَاعِهِمُ الْحَقَّ وَثِقَلُهُ عَلَيْهِمْ، وَحُقَّ لِمِيزَانٍ لَا يُوضَعُ فِيهِ إِلَّا الحَقَّ أَنْ يَكُونَ ثَقِيلًا. يَا عُمَرُ: إِنَّمَا خَفَّتْ مَوَازِينَ مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِاتِّبَاعِهِمُ الْبَاطِلَ وَخِفّتُهُ عَلَيْهِم، وَحُقَّ لِمِيزَانٍ لَا يُوضَعُ فِيهِ إِلَّا اْلبَاطِلُ أَنْ يَكُونَ خَفِيفًا، وَكَتَبَ إِلَى أُمَرَاءِ الْأَجْنَادِ: وَلَّيْتُ عَلَيْكُمْ عُمَرَ وَلمْ آلُ نَفْسِي، وَ لَا الْمُسْلِمِينَ إِلَّا خَيْرًا، ثُمَّ مَاتَ وَدُفِنَ لَيْلًا، ثُمَّ قَامَ عُمَرُ فِي النَّاسِ خَطِيبًا، ثُمَّ قَالَ بَعْدَ أَنْ حَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ: أَيُّهَا النَّاسُ: إِنِّي أُعْلِمُكُمْ مِنْ نَفْسِي شَيْئًا تَجْهَلُونَهُ، أَنَا عُمَرُ، وَلَمْ أَحْرِصْ عَلَى أَمْرِكُمْ، وَلَكِنَّ الْمُتَوَفِّى أَوْحَى إِلَى بِذَلِكَ، وَاللَّهُ أَلْهَمَهُ ذَلِكَ، وَلَيْسَ أَجْعَلُ إِمَامَتِي إِلَى أَحَدٍ لَيْسَ لَهَا بِأَهْلٍ، وَلكِنْ أَجْعَلُهَا إِلَى مَنْ تَكُونُ رَغْبَتُهُ فِي التَّوْقِيرِ لِلْمُسْلِمِينَ، أُولَئِكَ هُمْ أَحَقُّ بِهِمْ مِمَّنْ سِوَاهُمْ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Әбу Бәкір (р.а.) ажалы таяғанда Омарды шақырып: “Уа, Омар, Алла елшісінің (с.а.с.) сахабаларына сені халифа етіп тағайындадым. Қиямет күні таразысы ауыр тартатындардың таразысы ақиқатқа ергендіктен ауыр тартады. Өмірде ақиқатқа еру оларға ауыр болған еді. Ішіне тек ақиқат салынған таразының ауыр тартуы орынды. Уа, Омар, қиямет күні таразысы жеңіл тартатындардың таразысы жалғанға ергендіктен жеңіл тартады. Өмірде жалғанға еру оларға жеңіл болған еді. Ішіне тек жалған салынған таразының жеңіл тартуы орынды”, – деді. Әскер басыларына: “Омарды сендерге басшы етіп тағайындадым. Өзіме де, мұсылмандарға да жақсылық тіледім”, – деп жазды. Содан кейін Әбу Бәкір дүниеден өтіп, түнде жерленді. Кейін Омар жұрттың алдына шығып, Аллаға мадақ айтты да: “Уа, халайық! Өзім туралы сендер білмейтін бір жайды айтайын. Мен – Омармын. Сендерге басшы болуға құмартпадым. Өмірден өткен Әбу Бәкір осы істі маған тапсырды. Оған мұны Алла илһам етті. Өзімнің орнымды лайықсыз адамға қалдырмаймын. Оны мұсылмандардың қадірін білетін адамға тапсырамын. Мұсылмандарға басшы болуға сондай адамдар лайық”, – деді».1

  1. 1Қолжазба бұл риуаятты Мәликке телиді. Ибраһим Жанан оны «Муаттадан» таба алмағанын көрсеткен.
1742
Кутуб ситтә, № 1742 · тараудағы реті: 8

وَعَن مَعْدَانِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ:«أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خَطَبَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فَذَكَرَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، ثُمَّ ذَكَرَ أبَا بَكْرٍ ثُمَّ قَالَ: إِنِّي رَأَيْتُ كَانَ دِيكًا نَقَرَنِي ثَلاَثَ نَقَرَاتٍ، وَإِنِّي أُرَاهُ إِلَّا لِحُضُورِ أجَلِي، وَأَنَّ قَوْمًا يَأمُرُونَنِي أَنْ أَسْتَخْلِفَ، وَأَنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يَكُنْ لِيُضَيِّعَ دِينَهُ، وَلَا خِلَافَتَهُ، وَلَا الَّذِي بَعَثَ بِهِ رَسُولَهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَإِنْ عَجِلَ بِي أَمْرٌ فَالْخِلَافَةُ شُورَى بَيْنَ هَؤُلَاءِ السِّتَّةِ الَّذِينَ تُوُفِّيَ رَسُولُهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ عَنْهُمْ رَاضٍ، وَإِنِّي قَدْ عَلِمْتُ أَنَّ قَوْمًا يَطْعُنُونَ فِي هَذَا الْأَمْرِ، أَنَا ضَرَبْتُهُمْ بِيَدِي هَذِهِ عَلَى الْإِسْلَامِ، فَإِنْ فَعَلُوا ذَلِكَ فَأُولَئِكَ أَعْدَاءُ اللَّهِ الْكَفَرَةُ الضُّلَّالُ، ثُمَّ قَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أُشْهِدُكَ عَلَى أُمَرَاءِ الْأَمْصَارِ، فَإِنِّي إنَّمَا بَعَثْتُهُمْ عَلَيْهِمْ لِيَعْدِلُوا وَلِيُعَلِّمُوا النَّاسَ دِينَهُمْ، وَسُنَّةَ نَبِيِّهِمْ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَيَقْسِمُوا فِيهمْ، وَيَرْفَعُوا إِلَيَّ مَا أَشْكَلَ عَلَيْهِمْ مِنْ دِينِهِمْ، فَمَا كَانَ إِلَّا الْجُمَعَةُ الْأُخْرَى حَتَّى طُعِنَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَأَذِنَ لِلْمُهَاجِرِينَ، ثُمَّ لِلْأَنْصَارِ، ثُمَّ أَهْلِ الْمَدِينَةِ، ثُمَّ أَهْلِ الشَّامِ، ثُمَّ أَهْلِ الْعِرَاقِ، وَكُنَّا آخِر مَنْ دَخَلَ عَلَيْهِ، فَإِذَا هُوَ قَدْ عَصَبَ جُرْحَهُ بِبُرْدٍ أَسْوَدَ، وَالدَّمُ يَسِيلُ عَلَيْهِ، فَقلْنَا أوْصِنَا، وَلَمْ يَسْأَلْهُ الْوَصِيَّةَ أَحَدٌ غَيْرُنَا، فَقَالَ: أُوصِيكُمْ بِكِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى، فَإِنَّكُمْ لَنْ تَضِلُّوا مَا اتَّبَعْتُمُوهُ، وَأُوصِيكُمْ بِالْمُهَاجِرِينَ، فَإِنَّ النَّاسَ يَكْثُرُونَ وَيَقِلُّونَ، وَأَوصِيكُمْ بِالْأَنْصَارِ فَإِنَّهمْ شِعْبُ الْإِيمَانِ الَّذِي لَجَأَ إِلَيْهِ، وَأُوصِيكُمْ بِالْأَعْرَابِ، فَإِنَّهُمْ أَصْلُكُمْ وَمَادَّتُكُمْ». وَفِي رِوَايَةٍ:فَإِنَّهُمْ إِخْوَانُكُمْ وَعَدُوُّ عَدُوِّكُمْ، وَأُوصِيكُمْ بِأَهْلِ الذِّمَّةِ، فَإِنَّهُمْ ذِمَّةُ نَبِيِّكُمْ وَرِزْقُ عِيَالِكُمْ، قُومُوا عَنِّي. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ مُخْتَصَرًا، وَمُسْلِمٌ بِطُولِهِ. وَفِي رِوَايَةٍ:“إنَّهُ لَمَّا طُعِنَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قِيلَ لَهُ: لَوِ اسْتَخْلَفْتَ فَقَالَ: أَتَحَمَّلُ أَمْرَكُمْ حَيًّا وَمَيِّتًا، أَنْ أَسْتَخْلِفَ فَقَدْ اسْتَخْلَفَ مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنِّي، أَبُو بَكْرٍ، وَإِنْ أَتْرُكْ فَقَدْ تَرَكَ مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنِّي، رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَوَدِدْتُ أَنَّ حَظِّي مِنْهَا الْكَفَافُ لَا لِيَ وَلَا عَلَيَّ. قَالَ عَبْدُاللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَعَلِمْتُ أَنَّهُ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ. فَقَالُوا جَزَاكَ اللَّهُ خَيْرًا فَعَلْتَ وَفَعَلْتَ، فَقَالَ رَاغِبٌ وَرَاهِبٌ”. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَهَذَا لَفْظُهُمَا، وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ مُخْتَصَرًا.

Қазақша аудармасы

Мағдан ибн Әбу Талха былай дейді: «Әзірет Омар (р.а.) жұма күні құтба оқыды. Алдымен Алла елшісін (с.а.с.), содан кейін Әбу Бәкірді (р.а.) еске алды. Сосын: “Түсімде бір қораздың мені үш рет шоқығанын көрдім. Мұны ажалымның жақындағанына жорыдым. Кейбіреулер орныма біреуді тағайындауымды сұрайды. Алла өз дінін де, халифалықты да, елшісіне жібергенін де қараусыз қалдырмайды. Ажалым ерте жетсе, халифалық ісі Алла елшісі (с.а.с.) дүниеден өткенде разы болған осы алты кісінің кеңесіне қалсын. Кейбір кісілердің бұл іске тіл тигізетінін білемін. Оларды Исламға келтіру үшін мына қолыммен күрескен едім. Егер солай істесе, олар – Алланың дұшпандары, күпірлік етіп, адасқандар”, – деді. Одан соң: “Уа, Алла! Аймақ басшылары жөнінде Сені куә етемін. Мен оларды халыққа әділдік етсін, дінін және Пайғамбарының сүннетін үйретсін, тиесілі үлестерін бөліп берсін, діни істе түсінбей қалғанын маған жеткізсін деп жібердім”, – деді.

Келесі жұма жеткенше, Омарға қанжар сұғылды. Халін сұрап кіруге алдымен мұһажирлерге, одан соң ансарларға, Мәдина, Шам және Ирак жұртына рұқсат берілді. Ең соңынан біз кірдік. Ол жарасын қара шапанмен таңып қойыпты, үстінен қан ағып жатты.

Одан: “Бізге өсиет айтыңыз”, – дедік. Бізден басқа ешкім өсиет сұрамаған екен. Ол: “Сендерге Алланың кітабын өсиет етемін. Оны ұстансаңдар, адаспайсыңдар. Мұһажирлерді аманат етемін. Жұрт көбейген сайын олардың қатары азая береді. Ансарларды аманат етемін. Олар – иман пана тапқан қорған. Бәдәуилерді де аманат етемін. Олар – түп негіздерің, тіректерің”, – деді».

Бір риуаятта былай делінген: «…Себебі олар бауырларың, жауларыңның жауы. Сендерге зыммилерді де аманат етемін, себебі олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) зимметі (қорғауында) әрі отбасыларыңның ризығы. Ал енді барыңдар».1

Бір риуаятта былай: «Әзірет Омарға (р.а.) қастандық жасалғанда, ол кісіге: “Орныңызға біреуді тағайындасаңыз”, – делінді. Сонда ол былай деді: “Сонда тірі кезімде де, өліп бара жатсам да тірліктеріңді маған қаратасыңдар ма? Біреуді таңдар болсам, (бұған рұқсат бар, себебі) менен де артық тұрған Әбу Бәкір сол таңдаған еді. Таңдамасам (оған да рұқсат бар, себебі) менен өте өте жоғары тұрған Расулалла (с.а.с.) да таңдамады. Менің бұған қатысты ұстанымым ары да емес, бері де емес жағдайда…”»...»

Абдулла ибн Омар былай деді: «(Омардың осы сөзінен) орнына ешкімді тағайындамайтынын түсіндім. Ол жердегілер: “Алла игілікке бөлесін. Сіз мынадай, мынадай жақсылықты істер атқардыңыз” деді. Ол: “Үмітім де бар, қорқынышым да жоқ емес”, – деп жауап берді».

Түсіндірме

1. Бұл риуаят әзірет Омардың орнына өтетін халифаның тағайындалу мәселесіне қатысты. Оған көп адамдар әзірет Әбу Бәкірдің жасағанындай өзінен кейін халифа болатын кісіні таңдауын айтады. Әзірет Омар таңдаса да, таңдамаса да екеуіне де жол ашық екенін білдіреді: «Таңдасам, ол дұрыс болады, өйткені әзірет Әбу Бәкір таңдады», – дейді. Себебі өзін Әбу Бәкір халифалыққа тағайындап кеткен болатын». «Таңдамаса ол да артық кеткендік емес. Өйткені Расулалла (с.а.с.) ешкімді тағайындамай, ол істі үмбетіне қалдырды, мұсылман үмбеті Әбу Бәкірді (р.а.) таңдады», – дейді.

Әзірет Омар (р.а.) бұл екеуіне де жатпайтын үшінші бір тәсілге жүгінеді. Бұл тағайындаудан толықтай бас тартуды да білдірмейді, дегенмен белгілі бір кісінің атын да нақты атамайды. Халифаға кімді таңдау ісін барша сенім артқан, жұмақпен көзі тірісінде сүйіншіленген алты кісілік кеңеске қалдырады. Олар өзара халық қалауынан шығатын кісіні халифалыққа таңдайды.

Нәуәуи осы алғашқы халифалардың таңдалуына қатысты әдістерге қарай отырып, Исламда заңды болып саналған имам тағайындау әдістерін былай түсіндіреді: «Мұсылмандар мына мәселеде ижмағ жасаған: Халифаның ажалы таяса, ажалының белгілері анық байқалса, орнына біреуді тағайындай алады. Тағайындамауына да болады. Тағайындамаса, Алла елшісінен (с.а.с.) көргенін істегені. Біреуді тағайындаса, онда әзірет Әбу Бәкірден (р.а.) көргенін істегені.

Ғұламалар халифаның келесі басшыны тағайындауында бірауыздылық бар екенін әрі келесі халифаны тағайындамаған жағдайда беделді кісілердің оны тағайындауына да болатыны жайында да бірауыздылық бар екенін айтады. Әзірет Омар жасағандай халифаны бір жамағат арасында кеңесу арқылы таңдауға болатынына қатысты да бірауызды пікір бар. Бұған қоса, бір халифа тағайындаудың мұсылмандарға қатысты міндет екенін, бұл міндеттің ақыл тұрғысынан емес, шариғат тұрғысынан міндет екеніне де келіскен.

2. Әзірет Омардың соңындағы «күтетін әрі қорқатын» деген сөзі түрлі жорамалдарға себеп болған.

Кейбір адамдар екі түрлі: Бір бөлігі дәметіп күтеді, енді бір бөлігі қорқады. Осыны айтқысы келген, яғни «Бірқатары менен бірдеңе алуды дәметеді, енді бірқатары қорқады» деген сөз. Басқа жорамалда, «Мен Алланың рақымын күтемін, азабынан қорқамын» деген сөз. Басқа жорамалда, бұл жерде меңзегені халифалық, яғни бірқатар адамдар содан дәмелі, енді бірқатары оны ұнатпайды. Сол үшін жанталасатындарды ұнатпаймын, ал оны ұнатпайтындардың осалдығынан қорқамын» деген сөз. Қади Иядтың пайымынша, әзірет Омардың (р.а.) бұл сөзі оның екі қасиетін байқатады. Ол Алланың рақымын үміттеніп, азабынан қорқатын.

  1. 1Бұхари, Ахкам 51, Мүслим, Имарат 12, (1823); Тирмизи, Фитән 48, (2226); Әбу Дәуіт, Хараж 8, (2939).
1743
Кутуб ситтә, № 1743 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ:«دَخَلْتُ عَلَى حَفْصَةَ وَنَوْسَاتُهَا تَنْطُفُ فَقَالَتْ: عَلِمْتُ أَنَّ أبَاكَ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ؟ قُلْتُ: مَا كَانَ لِيَفْعَلَ، قَالَتْ: إنَّهُ فَاعِلٌ. قَالَ: فَحَلَفْتُ أَنْ أُكَلِّمَهُ فِي ذَلِكَ، فَسَكَتُّ حَتَّى غَدَوْتُ، وَلَمْ أُكَلِّمْهُ، فَكُنْتُ كَأَنَّمَا أَحْمِلُ بِيَمِينِى جَبَلًا حَتَّى رَجَعْتُ، فَدَخَلْتُ عَلَيْهِ فَسَأَلَنِي عَنْ حَالِ النَّاسِ، وَأَنَا أُخْبِرُهُ، ثُمَّ قُلْتُ لَهُ: إِنِّي سَمِعْتُ النَّاسَ يَقُولُونَ مَقَالَةً، فَآلَيْتُ أَنْ أَقُولَها لَكَ. زَعَمُوا إِنَّكَ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ، وَأَنَّهُ لَوْ كَانَ لَكَ رَاعِي إِبِلٍ، أَوْ رَاعِي غَنَمٍ، ثُمَّ جَاءَكَ وَتَركَهَا لَرَأَيْتَ أَنْ قَدْ ضَيَّعَهَا، فَرِعَايَةُ النَّاسِ أَشَدُّ. قَالَ فَوَافَقَهُ قَوْلِي، فَوَضَعَ رَأْسَهُ سَاعَةً، ثُمَّ رَفَعَهُ إِلَيَّ فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَحْفَظُ دِينَهُ، وَإِنِّي أَنْ لَا أسْتَخْلِفَ. فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَمْ يَسْتَخْلِفْ وَ إِنْ اسْتَخْلَفَ فَإِنَّ أبَا بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَدِ اسْتَخْلَفَ. قَالَ: فَوَاللَّهِ مَا هُوَ إِلَّا أَنْ ذَكَرَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأبَا بَكْرٍ فَعَلمْتُ أَنَّهُ لَا يَعْدِلُ بِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَحَدًا، وَأَنَّهُ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ».«النَّوْسَاتُ»: ذَوَائِبُ الشَّعْرِ، وَمَعْنَى «تَنْطُفُ»: تَقْطُرُ مَاءٌ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ. »النَّوْسَاتُ»: ذَوَائِبُ الشَّعْرِ، وَمَعْنَى «تَنْطُفُ»: تَقْطُرُ مَاءٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар былай дейді: «Әзірет Хафсаға (р.а.) бардым, шашынан су тамшылап тұрды. Маған: “Әкем өзінен кейін халифа тағайындамапты, білесің бе?” – деді. Мен: “Тағайындауы керек қой”, – дегенімде, “Тағайындамапты”, – деді». Абдулла былай дейді: «Бұл жайлы әкеммен сөйлесуге ант еттім, тілімді тістедім, таңертең үйге бардым. Бірақ әкеммен сөйлеспедім. Тура бір қолыммен тау көтеріп жүргендей қиналдым. Соңында айналып әкемнің алдына бардым. Менен халықтың жағдайын сұрады. Айттым, сосын былай дедім: “Халықтың аузындағы сөзді естідім. Соны сізге айтайын дедім. Сізді ‘Орнына халифа тағайындамайды’ деп ойлап жүр. Анығында, сіздің бір түйе бақташыңыз болса немесе қойшыңыз болып, ол отарын тастап сізге келсе, отардың құритынын сіз жақсы білесіз. Халыққа қарау одан да маңызды әрі оңай еместігін өзіңіз жақсы білесіз”, – дедім. Бұл айтқанымды құп көріп, басын біраз уақытта (жастыққа) қойды. Сосын қайта маған қарай көтеріп: “Алла дінін сақтайды. Мен орныма халифа қалдырмасам, ол дұрыс, өйткені Расулалла (с.а.с.) да өзінен кейін ешкімді тағайындамады. Ал тағайындасам, ол да жөн, өйткені Әбу Бәкір өзінен кейін тағайындады”, – деді».

Ибн Омар былай дейді: «Уаллаһи, әкем Расулалла (с.а.с.) мен әзірет Әбу Бәкірді айтқаннан басқа ештеңе істемеді. Расулаллаға (с.а.с.) ешкімді тең көрмейтінін, орнына ешкімді халифалыққа тағайындамайтынын ұқтым».1

  1. 1Бұхари, ахкам 51; Мүслим, Имарат 12, (1823); Тирмизи, Фитән 48, (2226); Әбу Дәуіт, Хараж 8, (2939).
1744
Кутуб ситтә, № 1744 · тараудағы реті: 10

وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ مَيْمُونٍ الْأَوْدِيِّ قَالَ:«إِنِّي لَقَائِمٌ مَا بَيْنِي وَبَيْنَهُ – يَعْنِي عُمَرُ– إِلَّا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَبَّاسِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا غَدَاةَ أُصِيبَ، وَكَانَ إِذَا مَرَّ بَيْنَ الصَّفَّيْنِ قَامَ بَيْنَهُمَا فَإِذَا رَأَى خَلَلًا قَالَ اسْتَوَوْا حَتَّى إِذَا لَمْ يَرَ فِيهِنَّ خَلَلًا تَقَدَّمَ فَكَبَّرَ، فَرُبَّمَا قَرَأَ بُسُورَةِ يُوسُفَ، أَوِ النَّحْلِ، أَوْ نَحْوِ ذَلِكَ فِي الرَّكْعَةِ الْأُولَى حَتَّى يَجْتَمِعَ النَّاسُ، فَمَا هُوَ إِلَّا أَنْ كَبَّرَ فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: قَتَلَنِي، أَوْ أَكَلَنِي الْكَلْبُ حِينَ طَعَنَهُ، فَطَارَ الْعِلْجُ بِسكِّىنٍ ذَاتَ طَرَفَيْنِ لَا يَمُرُّ عَلَى أَحَدٍ يَمِينًا وَلَا شِمَالًا إِلَّا طَعَنَهُ حَتَّى طَعَنَ ثَلَاثَةَ عَشَرَ رَجُلًا، فَمَاتَ مِنْهُمْ تِسْعةٌ، وَفِي رِوَايَةٍ: سَبْعَةٌ، فَلَمَّا رَأَى ذَلِكَ رَجُلٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ طَرَحَ عَلَيْهِ بُرْنُسًا، فَلَمَّا ظَنَّ الْعِلْجُ أَنَّهُ مَأخُوذٌ نَحَرَ نَفْسَهُ، وَتَنَاوَلَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَبْدَ الرَّحْمنِ بْن عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَقَدَّمَهُ، فَأمَّا مَنْ كَانَ يَلِي عُمَرَ، فَقَدْ رَأَى الَّذِي رَأَيْتُ، وَأَمَّا نَوَاحِي الْمَسْجِدِ، فَإِنَّهُمْ لَا يَدْرُونَ مَا الْأَمْرُ، غَيْرَ أَنَّهُمْ قَدْ فَقَدُوا صَوْتَ عُمَرَ وَهُوَ يَقُولُ: سُبْحَانَ اللَّهِ. سُبْحَانَ اللَّهِ، فَصَلَّى بِهِمْ عَبْدُ الرَّحْمَنِ صَلَاةً خَفِيفَةً فَلَمَّا انْصَرَفُوا قَالَ: يَا ابْنَ عَبَّاسٍ انْظُرْ مَنْ قَتَلَنِي. قَالَ: فَجَالَ سَاعَةً ثُمَّ جَاءَ فَقَالَ: غُلَامُ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ قَالَ: قَاتَلَهُ اللَّهُ، لَقَدْ كُنْتُ أَمَرْتُ بِهِ مَعْرُوفًا، ثُمَّ قَالَ: الْحَمْدُ للّهِ الَّذِي لَمْ يَجْعَلْ مَنِيَّتِي عَلَى يَدِ أَحَدٍ مِنَ الْمسْلِمِينَ، لَقَدْ كُنْتَ أَنْتَ وَأَبُوكَ تُحِبَّانِ أَنْ تَكْثُرَ الْعُلُوجُ بِالْمَدِينَةِ، وَكَانَ الْعَبَّاسُ أَكْثَرَهُمْ رَقِيقًا، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِنْ شِئْتَ فَعَلْتُ. أَيْ: إِنْ شِئْتَ قَتَلْنَاهُمْ قَالَ: لَا بَعْدَ مَا تَكَلَّمُوا بِلِسَانِكُمْ، وَصَلُّوا إِلَى قِبْلَتِكُمْ وَحَجُّوا حَجَّكُمْ؟ فَاحْتُمِلَ إِلَى بَيْتهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَانْطَلَقْنَا مَعَهُ. قَالَ: فَكَأَنَّ النَّاسَ لَمْ تُصِبْهُمْ مُصِيبَةٌ قَبْلَ يَوْمَئِذٍ، فَقَائِلٌ يَقُولُ: أَخَافُ عَلَيْهِ، وَقَائِلٌ يَقُولُ: لَا بَأْسَ بِهِ، فَأُتِيَ بِنَبِيذٍ فَشَرِبَهُ، فَخَرَجَ مِنْ جَوْفِهِ، ثُمَّ أُتِيَ بِلَبَنٍ فَشَرِبَهُ فَخَرَجَ مِنْ جَوْفِهِ، فَعَرَفُوا أَنَّهُ مَيِّتٌ، وَجَاءَ النَّاسُ يُثْنُونَ عَلَيْهِ، وَجَاءَ شَابٌّ فَقَالَ: أَبْشِرْ يَاأَمِيرَ الْمؤمِنِينَ بِبُشْرَى اللَّهِ عَزَّ وَ جَلَّ، قَدْ كَانَ لَكَ مِنْ صُحْبَةِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَ قَدِمَ فِي الْإسْلَامِ مَا قَدْ عَلِمْتَ، ثُمَّ وَلِيتَ فَعَدَلْتَ ثُمَّ شَهَادَةٌ. فَقَالَ: وَدِدْتُ أَنَّ ذَلِكَ كَانَ كَفَافًا لَا عَلَيَّ وَ لِيَ، فَلَمَّا أَدْبَرَ الرَّجُلُ إِذَا إِزَارُهُ يَمَسُّ الْأَرْضَ، فَقَالَ: رُدُّوا عَلَى الْغُلَامَ. فَقَالَ: يَا ابْنَ أَخِي ارْفَعْ ثَوْبَكَ فَإِنَّهُ أَنْقَى لِثَوْبِكَ، وَأَتْقَى لِرَبِّكَ، ثُمَّ قَالَ يَا عَبْدَاللَّهِ: انْظُرْ مَا عَلَيَّ مِنَ الدَّيْنِ، فَحَسَبُوهُ فَوَجَدُوهُ سِتَّةً وَثَمَانِينَ أَلْفًا، أَوْ نَحْوَهُ، فَقَالَ أَنْ وَفَّى بِهِ مَالُ آلِ عُمَرَ فَأَدِّهِ مِنْ أَموَالِهِمْ، وَإِلَّا فَسَلْ فِي بَنِي عَدِيٍّ بْنِ كَعْبٍ، فَإِنْ لَمْ تَفِ أَمْوَالُهُمْ، فَسَلْ فِي قُرَيْشٍ، وَلَا تَعْدُهُمْ إِلَى غَيْرِهِمْ، وَأَدِّ عَنِّي هَذَا الْمَالَ، انْطَلِقْ إِلَى أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَقُلْ: يَقْرَأُ عَلَيْكِ عُمَرُ السَّلَامَ، وَ لَا تَقُلْ أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، فَإِنِّي لَسْتُ الْيَوْمَ بَأَمِيرِ الْمُؤْمِنِينَ، وَقُلْ يَسْتَأذِنُ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ أَنْ يُدْفَنَ مَعَ صَاحِبَيْهِ. وَ سَلَّمَ ثُمَّ دَخَلَ عَلَيْهَا وَ هِيَ تَبْكِي. وَ قَالَ يَقْرَأُ عَلَيْكَ عُمَرُ السَّلَامَ وَ اسْتَأْذَنَ أَنْ يُدْفَنَ مَعَ صَاحِبَيْهِ، فَقَالَتْ: كُنْتُ أُرِيدُهُ لِنَفْسِي، وَلَأُوثِرَنَّهُ الْيَوْمَ عَلَى نَفْسِي، فَلَمَّا أَقْبَلَ قِيلَ: هَذَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ قَدْ جَاءَ، فَقَالَ: ارْفَعُونِي فَأَسْنَدَهُ رَجُلٌ إِلَيْهِ، فَقَالَ: مَالَدَيْكَ؟ قَالَ: الَّذِي تُحِبُّ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ أَذِنَتْ، فَقَالَ: الْحَمْدُ للّهِ، مَا كَانَ شَيْءٌ أَهَمَّ إِلَيَّ مِنْ ذَلِكَ، فَإِذَا أَنَا قُبِضْتُ فَاحْمِلُونِي، ثُمَّ سَلِّمْ وَقُلْ: يَسْتَأْذِنُ عُمَرُ، فَإِنْ أَذِنَتْ لِي فَأَدْخِلُونِي، وَإِنْ رَدَّتْنِي فَرُدُّونِي إِلَى مَقَابِرِ الْمسْلِمِينَ، فَجَاءَتْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ حَفْصَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، وَالنِّسَاءُ يَسْتُرْنَهَا، فَلَمَّا رَأَيْنَاهَا قُمْنَا فَوَلَجَتْ عَلَيْهِ فَبَكَتْ عِنْدَهُ سَاعَةً، وَاسْتَأذَنَ الرِّجَالُ، فَوَلَجَتْ دَاخِلًا لَهُمْ، فَسَمِعْنَا بُكَاءَهَا مِنْ دَاخِلٍ، فَقَالُوا: أَوْصِ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ اسْتَخْلِفْ، فَقَالَ: مَا أَرَى أَحَدًا أَحَقَّ بِهَذَا الْأَمْرِ مِنْ هَؤُلَاءِ النَّفَرِ السِّتَّةُ الَّذِينَ تُوُفِّىَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَهُوَ عَنْهُمْ رَاضٍ، فَسَمَّى عَلِيًّا وَعُثْمَانَ وَالزُّبَيْر وَطَلْحَةَ وَعَبْدَ الرَّحْمنِ بْن عَوْفٍ وَسَعْدًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُم، وَقَالَ: يَشْهَدُكُمْ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ، وَلَيْسَ لَهُ مِنْ هَذَا الْأَمْرِ شَيْءٌ، كَهَيْئَةِ التَّعْزِيَةِ لَهُ، فَإِنْ أَصَابَتِ الْإِمَارَةُ سَعْدًا فَذَاكَ، وَإلَّا فَلْيَسْتَعِنْ بِهِ أَيُّكُمْ مَا أُمِّرَ فَإِنِّي لَمْ أَعْزِلْهُ مِنْ عَجْزٍ وَلَا خِيَانَةً، وَقَالَ: أُوصِي الْخَلِيفَةَ مِنْ بَعْدِي بِالْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرِينَ وَالْأَعْرَابِ وَبِأَهْلِ الْأَمْصَارِ، فَلَمَّا قُبِضَ خَرَجْنَا بِهِ، فَانْطَلَقْنَا نَمْشِي، فَسَلّمَ عَبْدُاللَّهِ وَقَالَ: يَسْتَأذِنُ عُمَرُ، فَقَالَتْ: أَدْخِلُوهُ فَأُدْخِلَ، فَوُضِعَ هُنَالِكَ مَعَ صَاحِبَيْهِ، فَلَمَّا فُرِغَ مِنْ دَفْنِهِ اجْتَمَعَ هَؤُلَاءِ الرَّهْطُ، فَقَالَ عَبْدُ الرَّحْمنِ بْنُ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: اجْعَلُوا أَمْرَكُمْ إِلَى ثَلَاثَةٍ مِنْكُمْ، فَقَالَ الزُّبَيْرُ: قَدْ جَعَلْتُ أَمْرِي إِلَى عَلِيٍّ، وَقَالَ طَلْحَةُ: قَدْ جَعَلْتُ أَمْرِي إِلَى عُثْمَانَ، وقَالَ سَعْدٌ: قَدْ جَعَلتُ أَمْرِي إِلَى عَبْدِ الرَّحْمنِ بْن عَوْفٍ، فَقَالَ عَبْدُ الرَّحْمنِ: أَيُّكُمَا تَبَرَّأَ مِنْ هَذَا الْأَمْرِ فَنَجْعَلَهُ إِلَيْهِ وَاللَّهُ عَلَيْهِ وَالْإِسْلَامُ لَيَنْظُرَنَّ أَفْضَلَهُمْ فِي نَفْسِهِ، فَأُسْكِتَ الشَّيْخَانِ، فَقَالَ عَبْدُ الرَّحْمنِ: أَفَتَجْعَلُونَهُ إليَّ، وَاللَّهُ عَلَى أَنْ لَا آلُوَ عَنْ أَفْضلِكُمْ؟ قَالَا: نَعَمْ، فَأَخَذَ بِيَدِ أَحَدِهِمَا فَقَالَ: لَكَ قَرَابَةِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَالقِدَمِ فِي الْإِسْلامِ مَا قَدْ عَلِمْتَ، فَاللَّهُ عَلَيْكَ لَئِنْ أَمَّرْتُكَ لَتَعْدِلَنَّ، وَلَئِنْ أَمّرْتُ عُثْمَانَ، لَتَسْمَعَنَّ وَلَتُطِيعَنَّ؟ ثُمَّ خَلَا بِالْآخَرِ، فَقَالَ لَهُ مِثْلَ ذَلِكَ، فَلَمَّا أَخَذَ الْمِيثَاقَ قَالَ: ارْفَعْ يَدَكَ يَا عُثْمَانُ فَبَايَعَهُ وَبَايَعَ لَهُ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَوَلَجَ أَهْلُ الدَّارِ فَبَايَعُوهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Мәймун әл-Ауди былай дейді: «Омарға қанжар сұғылған таңертең мен намазға тұрған едім. Омар екеуміздің арамызда Абдулла ибн Аббас қана тұрды. Омар саптардың арасынан өтіп, бір жерден бос орын көрсе: “Саптарыңды түзеңдер”, – дейтін. Саптарда бос орын қалмағанын көргенде алға шығып, тәкбір айтып, намазды бастайтын. Жұрт жиналып үлгерсін деп, алғашқы рәкатта “Юсуф”, “Нахл” сүрелерінің бірін немесе солармен шамалас бір сүре оқитын. Тәкбір айтқаны сол еді, біреу оған қанжар сұқты. “Ит мені өлтірді” немесе “Ит мені жеді” деген дауыс естідім. Әлгі жатжұрттық кісі қос жүзді қанжарын ұстап қаша жөнелді. Оңынан да, солынан да кездескен жұртты жаралап кетті. Сол күні жамағаттан он үш адам жараланды. Олардың тоғызы, басқа бір риуаятта жетеуі қаза тапты. Мұны көрген бір мұсылман оның үстіне жамылғы лақтырып жіберді. Ұсталғанын білген ол өзіне қанжар сұғып, жан тапсырды.

Әзірет Омар (р.а.) Абдуррахман ибн Ауфты (р.а.) ұстап алға шығарды. Омардың артындағылар да менің көргенімді көрді. Мешіттің бір жағындағылар не болғанын түсінбей қалды. Дегенмен олар “субханалла, субханалла” деген әзірет Омардың дауысын естіді. Абдуррахман жамағатқа намазды қысқа ғана оқытып аяқтады. Жамағат намаздан шыққанда, әзірет Омар (р.а.): “Әй, ибн Аббас, мені кім жаралады екен, қарашы?” – деді. (Ибн Аббас) бір айналып келіп: “Муғира ибн Шуғбаның құлы”, – деді. Әзірет Омар (р.а.): “Алла жанын алсын. Мен оған жақсылық жасауды бұйырған едім”, – деді де мынаны қосты: “Ажалымды мұсылмандардан бірінің қолынан келтірмеген Аллаға мақтау айтамын. Сені мен әкең Мәдинада әл-Илждардың (Ирандық құлдардың) көбейгенін ұнатушы едіңдер”. (Бұл сөзі ибн Аббасқа айтылды) өйткені ең көп құл Аббаста (р.а.) еді. Ибн Аббас: “Қаласаңыз, істейін, яғни олардың бәрін өлтірейік”, – деді. Әзірет Омар (р.а.): “Жоқ, сендердің тілдеріңде сөйлеп, құбылаларыңа жүзін қаратып намаз оқып, қажылықтарыңмен қажылығын атқарғаннан кейін болмайды”, – деді. Сосын үйіне өтті. Ілесіп біз де бардық. Дәл бір халыққа сол күнге дейін қиындық келмегендей еді. Біреуі “Ажал құша ма деп қорқамын”, – деді. Басқа біреуі “Ештеңе етпейді”, – деп жатты. Құрма суын әкелгенде (набиз) содан біраз ішті. Ол қарнындағы жарадан сыртқа ақты. Сосын сүт әкелгенде, сүттен ішті. Ол да жарадан сыртқа ақты. Омардың (р.а.) ажал құшатынына нақты көз жетті. Халық келіп жұбатуға жақсы сөздерін айтып жатты. Бір жас жігіт келіп: “Уа, мүміндердің әміршісі, Алланың сүйіншісімен сізді сүйіншілеймін. Расулалламен (с.а.с.) шүйіркелестіңіз, өзіңіз білетіндей Исламға көп еңбек сіңірдіңіз. Сосын басшылыққа келдіңіз, әділеттіліктен таймадыңыз, ең соңында шейіттік бұйырыпты”, – деді. Әзірет Омар (асқан кішіпейілділікпен): “Осылардың барлығы (Алланың алдында күнәларымды жуып шаюға толық жеткенін) қатты қалар едім”, – деді. Жас жігіт кері қайтқанда, изарының (белден төмен жапқан киім) жерге тигенін көріп оны қайта шақыртып: “Әй, бауырымның баласы, киіміңді көтер, сонда ол таза болады, Раббыңның алдында тақуа бол!” – деді. Сосын маған қарап: “Әй, Абдулла, қарашы, менің қанша қарызым бар екен”, – деді. Есептегенде, сексен алты мың дирхам қарызы бар екені белгілі болды. Омар: “Омар әулетінің малы жетсе, бұны солардың малынан төлеңдер. Жетпесе Бәни Ади ибн Кәғбтың малынан сұрат. Олардың малы да жетпесе, Құрайыштың малынан сұра. Құрайыштан басқаға барма. Мен үшін осы малды төле. Мүміндердің анасы Айшаға (р.а.) бар да: ‘Омар сізге сәлем айтты’, – де. Мүміндердің әміршісі деуші болма, бүгіннен бастап мен мүміндердің әміршісі емеспін. Былай де: ‘Омар ибн әл-Хаттаб екі жолдасының жанына жерленуге сізден рұқсат сұрайды’”.

Абдулла былай дейді: “Рұқсат сұрап, сәлем беріп кірдім. Әзірет Айша (р.а.) жылап отыр екен. ‘Омар сізге сәлем айтты. Екі жолдасының жанына жерленуге рұқсат сұрайды’, – дедім. Әзірет Айша: ‘Ол орынды өзіме сақтап жүр едім. Бірақ бүгін Омарды өзімнен артық көрдім’, – деді. Қайтып келгенімде, Омарға: ‘Абдулла ибн Омар келді’, – деді. Омар: ‘Қандай хабар әкелдің?’ – деп сұрады. ‘Қалауыңыз орындалды, Айша рұқсат берді’, – дедім. Омар: ‘Аллаға мақтау болсын!’ – деді. Ол үшін бұдан маңызды ештеңе жоқ еді. Содан соң: ‘Жан тапсырған соң, мені сонда апарыңдар. Сәлем беріп, Омардың рұқсат сұрап тұрғанын айт. Рұқсат берсе, ішке кіргізіңдер. Рұқсат бермесе, мұсылмандардың зиратына апарыңдар’, – деді”.

Осы кезде мүміндердің анасы Хафса (р.а.) келді. Оны әйелдер қалқалап жүрді. Хафсаны көргенде орнымыздан тұрдық. Ол Омардың қасына кіріп, біраз жылады. Ерлер де кіруге рұқсат сұрағанда, Хафса ішкері өтті. Оның жылағанын іштен естіп тұрдық. Жұрт: “Уа, мүміндердің әміршісі! Өсиет айтып, орныңызға бір кісіні тағайындаңыз”, – деді. Омар: “Бұл іске Алла елшісі (с.а.с.) өмірден өткенде разы болған мына алты кісіден лайықты ешкімді білмеймін”, – деп, Әли, Осман, Зубәйір, Талха, Абдуррахман ибн Ауф пен Сағдтың атын атады. Содан соң: “Абдулла ибн Омар қастарыңда куә болып отырсын. Оған биліктен үлес жоқ. Басшылық Сағдқа бұйырса, өзі атқарсын. Өзге біреу сайланса, ол Сағдтың жәрдеміне жүгінсін. Өйткені мен Сағдты әлсіздігі немесе қиянаты үшін қызметтен алған емеспін”, – деді.

Омар тағы да: “Менен кейінгі халифаға мұһажирлерді, ансарларды, бәдәуилерді және маңайдағы жұртты аманат етемін”, – деді.

Омар жан тапсырған соң, оны көтеріп алып шықтық. Жаяу жүріп, Айшаның үйіне келдік. Абдулла сәлем беріп: “Омар рұқсат сұрап тұр”, – деді. Айша: “Кіргізіңдер”, – деді. Омарды ішке кіргізіп, екі жолдасының жанына жерледік.

Жерлеу аяқталған соң, халифа сайлайтын кісілер бас қосты. Абдуррахман ибн Ауф (р.а.): “Араларыңнан үш кісіні таңдаңдар”, – деді. Зубәйір: “Таңдау құқығымды Әлиге тапсырдым”, – деді. Талха: “Мен өз құқығымды Османға тапсырдым”, – деді. Сағд: “Мен де өз құқығымды Абдуррахман ибн Ауфқа тапсырдым”, – деді. Абдуррахман Әли мен Османға: “Қайсың бұл істен бас тартасың? Таңдауды сол кісіге тапсырамыз. Алла мен мұсылмандар оған куә. Ол екеуіңнің ең лайықтысыңды таңдауға тиіс”, – деді. Екеуі де үндемеді. Сонда Абдуррахман: “Таңдауды маған тапсырасыңдар ма? Екеуіңнің ең лайықтысыңды таңдауға Алланы куә етемін”, – деді. Екеуі де келісті. Ол Әлидің қолынан ұстап: “Алла елшісіне (с.а.с.) жақындығыңды, Исламды алғаш қабылдағандардың бірі екеніңді өзің де білесің. Сені таңдасам, әділ болатыныңа, Османды таңдасам, оның сөзін тыңдап, бағынатыныңа Алла куә болсын”, – деді. Османға да осыған ұқсас сөздер айтты. Екеуінен де уәде алған соң: “Уа, Осман, қолыңды көтер!” – деп, оған бәйғат берді. Әли де бәйғат берді. Содан кейін Мәдина халқы да Османға бәйғат берді».1

Түсіндірме

1. Бұл оқиға деректерде түрліше риуаят етілген. Бұхариде де бірнеше бапта келеді. «Китабул-Ахкамда» кейбір тұстарда толықтырушы қосымша мәлімет бар. Әзірет Омарды шейіт еткен Мұғира ибн Шуғбаның лақап аты Әбу Лулу болған Фируз ибн Сағд атты түбі Ирандық құл.

Ибн Сағдтың бір риуаяты бойынша: «Әзірет Омар (р.а.) Мәдинаға балиғатқа толған құлдардың кіруіне тыйым салған. Куфада әкім болған Муғира ибн Шуғба (р.а.) жазған хатта әзірет Омарға (р.а.) жанындағы шебер құл жайлы айтып, оның Мәдинаға кіруіне рұқсат сұраған. Хатта ол құлдың қолынан темір, ағаш ұсталығы, мүсіншілік – бәрі келетінін айтып, халыққа пайда тигізгенін қалаған. Осы хат себепті әзірет Омар (р.а.) Фирузға рұқсат беріп, Мәдинаға кіргізген. Муғира ол құлға айына жүз дирхам төлеп тұруды тапсырған. Фируз бұл ақшаның ауыр тигенін әзірет Омарға шағымданғандай етіп айтқанмен әзірет Омар: «Сенің істеген ісіңнің қасында бұл төлем аса көп емес», – деген. Фирузға жауап ұнамай, ашулы күйде кетіп қалған. Бірнеше күннен соң Халифа өзіне соққан Фирузға: «Естуімше, «Қаласам, желмен жұмыс істейтін диірмен жасаймын» депсің», – дейді. Құл ызғарлы кейіпте оған қарап: «Саған сондай диірмен жасаймын, жұрт ол туралы сөз ететін болады», – деп жауап береді.

Бірнеше күннен кейін басы айыр бір қанжар дайындап, мешіттің бір бұрышына тығып қояды...»

Оқиғаның орын алуы риуаяттарда әртүрлі баяндалған. Жоғарыдағы Бұхари риуаятында баяндалған түрімен шектеліп, өзге нұсқаларды келтіруді жөн көрмедік.

3. Бұл жерде назар аудару керек мәселе, алты кісілік кеңесте халифалыққа үміткерлік екі адамға түскенде, бұлардан бірін (яғни әзірет Али мен әзірет Османнан бірін) таңдау ісінде би рөлін атқарған Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) әрекеті. Жоғарыдағы риуаят сол тұсты қысқа қайырғандықтан, олардан бірін таңдау ісі бір отырыста шешілгендей болып көрінуде. Ал анығында бұл іс үздіксіз тура үш күн, үш түнге жалғасқан. Бір риуаятта әзірет Абдуррахманның үш күн бойы көз ілмегені айтылады.

Ол күндер Бұхаридың «Китабул-Ахкамда» Мисуар ибн Махрама тарапынан айтылуда. Бұл бойынша Абдуррахман ибн Ауф Мисуарды кеңес мүшелерімен жеке-жеке сөйлесуге шақыру үшін елші ретінде жұмсаған. Бір жолы Сағд пен Зубәйірді шақыртады. Бір жолы әзірет Алиды шақыртып, оңаша сөйлескен. «Әзірет Али үміттенгендей болып қайтып, Абдуррахман әзірет Алиден секем алып қалған. Әзірет Османды шақырып, онымен ұзақ сөйлесіп, таң намаздың азаны айтылғанда барып айырылысқан және т.б.

Басқа риуаяттың қосымшасы бойынша: «Осы сөйлесулер кезінде үй иесіне жасырын ештеңе жоқ екенін білдіріп, әркез дауыстарын естіртіп отырған».

Ибн Хажар Абдуррахман ибн Ауфтың әзірет Алиден секем алып, қорқып қалуын егер әзірет Алиден басқасы таңдалса, ол шешімге оның көнбейтіндігімен түсіндіріп, кейбір айғақтар келтіреді. Абдуррахман ибн Ауф осы үш күннің ішінде әйелдерге дейін, барлық Мәдина халқымен жолығып, басым көпшілігі әзірет Османды қалайтынын байқаған. Әзірет Османды таңдаған жағдайда әзірет Али қарсы шықпауы үшін әзірет Юсуфтың (а.с.) ыдысын іздеуіндегі мысал секілді әуелі әзірет Алиден бастау арқылы беретін үкімге бағынатыны жайлы нақты кепілдеме (ант) алады. Михуардың (р.а.) айтуы бойынша: «(Кеңесулер мен кездесулерді аяқтаған Абдуррахман ибн Ауф үшінші күні таңертең) намаздан кейін кеңес мүшелерін мінбердің жанына жинайды. Мәдинадағы мұһажир мен ансарды шақыртады. Әзірет Омармен қажылық жасаған әскери қолбасшыларды шақыртады...»

Осы көпшілік тегіс жиналғаннан кейін жоғарыда Амр ибн Маймунның риуаятында келгендей, Абдуррахман ибн Ауф әзірет Алидың көңілін аулап, тіпті үміт беретіндей әдіспен алғаш рет содан бастап былай дейді: «Әй, Али, сенің Расулаллаға (с.а.с.) жақындығың, алғашқы уақыттан бері Исламда келе жатқан жағдайың бар, бұны білесің. Алла да сені көріп тұр. Егер сені таңдасам, халыққа әділетпен қарайсың. Ал Османды таңдасам, тыңдап, бағынатын боласың!»

Екінші ретте дәл осындай сөздермен әзірет Османға үн қатады. Екеуінен де қалың көпшіліктің алдында уәде алғаннан кейін әзірет Османды халифа етіп жариялайды және барлығы оған серт береді.

4. Риуаяттар әзірет Абдуррахманның (р.а.) Османды таңдауына ықпал еткен бір келіспеушілікті айтады, яғни бір мәселеде әзірет Алимен келісе алмайды. Ол мынау еді: Абдуррахман ибн Ауф алғашқы кездесулер кезінде әзірет Алиден сұрайды: «Әй, Али, бұл міндетке сені таңдаған жағдайда, Алланың сүннеті, Пайғамбарының сүннеті және алдыңғы екі халифаның сүннетімен іс жасау шартымен маған уәде бересің бе?» Әзірет Али (р.а.): «Жоқ, бірақ шамам келгенше», – деп жауап береді. Әзірет Абдуррахман сұрағын үш рет қайталайды. Әзірет Али үшеуінде де бір жауабынан танбайды. Сол сұрақты әзірет Османға қойғанда ол: «Уа, Әбу Мұхаммед, мен осы шартпен саған серт беремін», – деп, үш рет қайталайды. Осы себепті әзірет Абдуррахман орнынан тұрып, сәлдесін орап, қылышын тағынып, мешітке кіріп, мінберге шығады. Аллаға мақтау, мадақ айтқаннан кейін әзірет Османды шақырып серт береді».

5. Ибн Хажардың әртүрлі деректерден жеткізген риуаяттары бойынша, әзірет Омардан кейін халифалыққа әзірет Османның (р.а.) өтетіні әзірет Омардың ел басқарған жылдарынан бері Ислам әлемінің шартарабы күткен жағдай болған. Бір риуаят былай: «Хариса ибн Мудриб былай деген: «Әзірет Омардың (р.а.) халифалығы кезінде қажылық жасадым. Кездескендерім арасында әзірет Омардан кейін Османның халифа боларына күмәнмен қараған ешкімді көрмедім».

6. Әзірет Омар кеңес мүшелерін атағаннан кейін: «...Басшылық еген Сағдқа тисе, мәселе жоқ. Кері жағдайда кім басшы болса да оның көмегіне жүгінсін. Білесіңдер, мен оны осалдығы не қиянаты үшін алып тастаған жоқпын», – деген. Бұл жерде мына оқиғаны меңзеуде: Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) Иракты Исламға қаратқан кісі. Сол өңірді Исламға бағындырған әскердің бас қолбасшысы. Кисраның Мәдаин қаласын азат еткен. Куфа қаласын құрған. Бұған қоса, әзірет Омар (р.а.) оны һижри 21 жылы Куфаға әкім етіп тағайындаған. Кейіннен бұл міндеттен алған. Міне, риуаятта айтылған қызметінен алған оқиға осы. Әзірет Омар (р.а.) Сағдқа қарсы алып тастауды алға тартып, өсек шықпауын ойлап, беделін қайтару мақсатында түсіндірме жасап, арада қиянат не қолынан келмеген осалдық жоқ екенін, кім халифа болса, оны әрдайым жанында ұстасын деу арқылы оның ықыласты, парасатты жан екенін білдірген. Айтқандай, Сағд (р.а.) әзірет Омардан кейінгі кезеңдерде орын алған бүлік қозғалыстарына қатыспай, тіпті бір жолы халифалыққа ұсынғанда да оны қабылдамай, өзінің парасаты мен ықыласын көрсеткен.

Әзірет Омар (р.а.) оны алып тастау себебін айтпаса да, бұл ұлы халифаның Халид ибн Уәлидты әскер қолбасшылығынан алып тастау себебіне қатысты Табариде келген дерек осы мәселені айшықтауы мүмкін: «Мен Халидты оған өшпенділігіммен не болмаса, оның қандай да бір қиянаты үшін алып тастамадым. Алып тастауымның себебі басқа. Әр жеңісті халық Халидтың арқасында деп біле бастады, яғни халық жеңісті сыйлаған Алланы ұмытып, Халидты айта бастады. Ал анығында Алла мұсылмандарға қандай да бір жеңіс нәсіп етсе, оған көрсоқырлық қылмай, шүкірлік ете білу керек. Сонда Алла басқасын да нәсіп ететін болады. Жеңістің бәрін сыйлаушы Алла екенін қаперден шығармауымыз керек, Халидты да, басқаны да былай қойғанда. Міне, халық арасында белең ала бастаған келеңсіздіктің алдын алу үшін Халидты қолбасшылықтан алып тастадым». Осы риуаяттың аясымен қарағанда, әзірет Омардың мұсылман әскерлер қол жеткізген жеңісті қолбасшыдан көріп, оларды асыра мақтап пұтқа айналдыру ел ішінде белең алып кетпесін деп, осы мақсатта сақтық шараларын жасағанын көреміз. Ендеше, Сағдты алып тастау да осындай мақсатта жүзеге асса керек.

7. Хадистен шығарылатын кейбір үкімдер

Бұл ұзақ хадис мұқият қараған сайын көп үкімдер мен пайдаларды қамтығанмен, ибн Хажар анықтаған бастылары мыналар:

1) Әзірет Омардың мұсылмандардың баршасына жанашырлықпен қарауы, олардың арасында сүннеттің орындалуын қалауы.

2) Әзірет Омардың Алладан қатты қорқуы, дінді ұстануда көрсеткен мұқияттылығы.

3) Бетке мақтауға тыйым салудың себебі астамдық пен әсірелікке жол беру өтірікке ұласуы мүмкін. Осы себепті әзірет Омар өзін мақтаған жас жігітті ұзын киюге тыйым сала тұра жеке басын мақтағаны үшін тыйым салмаған.

4) Борышты төлеу үшін өсиет айту.

5) Ізгі жандардың жанына жерленуге мұқияттылық таныту.

6) Имам тағайындауда кеңесудің маңыздылығы.

7) Имамдық серт беру арқылы нақтыланады.

8. Ибн Баттал былай дейді: «Өзінен де артық адам барда одан төмендеу адам имамдыққа таңдалуына рұқсат бар. Бұлай болмаса, халифалық ісі алты адамнан бірін таңдауға берілмес еді. Себебі әзірет Омар бұл кісілердің артықшылықта бір-бірімен тең еместігін білетін, бірі өзгесінен артық тұрған еді».

  1. 1Бұхари, Фәдәилул-Асхаб 8, Жанаиз 96, Жиһад 174, Тәпсір, Хашр 5, Ахкам 43.
1745
Кутуб ситтә, № 1745 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәлам (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ:« لَمَّا حُوصِرَ عُثْمَانُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَلَّى أَبَا هُرَيْرَةَ عَلَى الصَّلَاةِ، وَكَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ يُصَلِّي أَحْيَانًا، ثُمَّ بَعَثَ عُثْمَانُ إِلَيْهِمْ، فَقَالَ مَا تُرِيدُونَ مِنِّي؟ قَالُوا: نُرِيدُ أَنْ تَخْلَعَ إِلَيْهِمْ أَمْرَهُمْ، ثُمَّ قَالَ: لَا أَخْلَعُ سِرْبَالًا سَرْبَلَنِيهِ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، فَقَالُوا: فَهُمْ قَاتِلُوكَ. قَالَ: لَئِنْ قَتَلْتُمُونِي لَا تَتَحَابُّونَ بَعْدِي أَبَدًا، وَلَا تُقَاتِلُونَ بَعْدِي عَدُوًّا جَمِيعًا، وَلَتَخْتَلِفُنَّ عَلَى بَصِيرَةٍ، يَا قَوْمِ لَا يَجْرِمَنَّكُمْ شِقَاقِي أَنْ يُصِيبَكُمْ مِثْلُ مَا أَصَابَ مَنْ قَبْلَكُمْ فَلَمَّا اشْتَدَّ عَلَيْهِ الْأمْرُ أصْبَحَ صَائِمًا يَوْمَ الْجُمُعَةِ، فَلَمَّا كَانَ فِي بَعْضِ النَّهَارِ نَامَ فَقَالَ: رَأَيْتُ الْآنَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ لِي إِنَّكَ تُفْطِرُ عِنْدَنَا اللَّيْلَةَ فَقُتِلَ مِنْ يَوْمِهِ، ثُمَّ قَامَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خَطِيبًا فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ وَقَالَ: أَيُّهَا النَّاسُ! أَقْبِلُوا عَلَيَّ بِأَسْمَاعِكُمْ وَأَبْصَارِكُمْ، إِنِّي أَخَافُ أَنْ أَكُونَ أَنَا وَأَنْتُمْ قَدْ أَصْبَحْنَا فِي فِتْنَةٍ وَمَا عَلَيْنَا فِيهَا إِلَّا الِاجْتِهَادُ، وَإنَّ اللَّهَ تَعَالَى أَدَّبَ هَذِهِ الْأُمَّةَ بِأَدَبَيْنِ: الْكِتَابِ وَالسُّنّةِ، لَا هَوَادَةَ عِنْدَ السُّلْطَانِ فِيهِمَا، فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَصْلِحُوا ذَاتَ بَيْنِكُمْ، ثُمَّ نَزَلَ وَعَمَدَ إِلَى مَا بَقِيَ مِنْ بَيْت الْمَالِ فَقَسَّمَهُ عَلَى الْمُسْلِمِينَ».«لَا يَجْرِمَنَّكُمْ»: أَيْ: لَا يَحْمِلَنَّكُمْ. أَخْرَجَهُ رَزِينٌ. »لَا يَجْرِمَنَّكُمْ»: أَيْ: لَا يَحْمِلَنَّكُمْ. »الشِّقَاقُ»: النِّزَاعُ وَالْخِلَافُ. «وَالْهَوَادَةُ» السُّكُونُ وَالْمُوَادَعَةُ، وَالرِّضَا بِالْحَالَةِ الَّتِي تُرْجَى مَعَهَا سَلَامَةٌ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Сәлам (р.а.) былай дейді: «Әзірет Осман (р.а.) қоршауда қалған уақытта намаз оқытуға әзірет Әбу Һурайраны (р.а.) тағайындады. Кейде әзірет ибн Аббас оқытатын. Артынан әзірет Осман (қарсы шыққандарға) елші жіберіп, “Менен не талап етіп жатырсыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Халифалықтан кетуіңді қалаймыз”, – деді. Ол: “Алланың маған кигізген бұл киімін шешпеймін”, – деп бас тартты. “Олар сені өлтіреді”, – дегенде, ол: “Мені өлтірген жағдайда мәңгілік бір-бірлеріңді жек көріп, бірге дұшпанға қарсы тұра алмай қаласыңдар. Көре тұра талас-тартысқа түсесіңдер. Әй, қауым, маған қарсы тудырған мына дау өз бастарыңа бұрынғылардың кебін кидіріп жүрмесін”, – деді. Көтерілісшілердің қысымы артқанда, жұма күні ауыз бекітті. Күн көтерілгенде біраз көз ілді. Оянғанда: “Дәл қазір түсімде Расулалланы (с.а.с.) көрдім. Маған: ‘Кешке ауыз ашарды бізбен бірге жасайсың’, – деді”.

Сол күні оны өлтірді. Сосын әзірет Али (р.а.) құтба оқуға орнынан түрегелді. Мақтау, мадақ айтқаннан кейін: “Уа, халайық, маған жақындаңдар, көздерің мен құлақтарыңды жақсы ашып тыңдаңдар. Өз басым мен және сіздер бүлікке ұрынамыз ба деп қорқамын. Бүлік кезінде бәріміз де әрекетсіз қалмауымыз керек. Алла осы үмбетті екі нәрсемен тәрбиеледі: Кітап және Сүннет. Бұларды (орындалуы барысында) патша деңгейінде босаңдық танытуға болмайды. Ендеше, Алладан қорқыңдар, араларыңдағы мәселелерді шешіңдер”, – деді.

Әзірет Али (р.а.) осыны айтып мінберден түсті. Қазынадан артылған байлыққа барып, оларды мұсылмандар арасында бөліп берді».1

  1. 1Рәзиннің қосқаны, дереккөзі табылмаған.
1746
Кутуб ситтә, № 1746 · тараудағы реті: 12

وَعَنِ الْحَسَنِ الْبَصْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ:«اسْتَقْبَلَ وَاللَّهِ الْحَسَنُ بْنُ عَلِيٍّ مُعَاوِيَةَ بِكَتَائِبَ أَمْثَالِ الْجِبَالِ، فَقَالَ عَمْرٌو بْنُ الْعَاصِ لِمُعَاوِيَةَ: إِنِّي وَاللَّهِ لَأَرَى كَتَائِبَ لَا تُوَلِّي حَتَّى تَقْتُلَ أَقْرَانَهَا، فَقَالَ لَهُ مُعَاوِيَةُ: وَكَانَ وَاللّهِ خَيْرَ الرَّجُلَيْنِ: أَيْ عَمْرٌو أَرَأَيْتَ أَنْ قَتَلَ هَؤُلَاءِ هَؤُلَاءِ، وَهَؤُلَاءِ هَؤُلَاءِ، مَنْ لِي بِأُمُورِ الْمُسْلِمِينَ، مَنْ لِي بِنِسَائِهِمْ، مَنْ لِي بِضَيْعَتِهِمْ؟ فَبَعَثَ إِلَيْهِ رَجُلَيْنِ مِنْ قُرَيْشٍ مِنْ بَنِي عَبْدِ شَمْسٍ: عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ سَمُرَةَ، وَعَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَامِرٍ فَقَالَ: اذْهَبَا إِلَى هَذَا الرَّجُلِ وَاعْرِضَا عَلَيْهِ، وَقُوَلَا لَهُ وَاطْلُبَا إِلَيْهِ، فَأَتَيَاهُ فَدَخَلَا عَلَيْهِ فَتَكَلَّمَا، وَقَالَا لَهُ وَطَلَبَا إِلَيْهِ فَقَالَ لَهُمْ الْحَسَنُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِنَّا بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ قَدْ أَصَبْنَا مِنْ هَذَا الْمَالِ، وَأَنَّ هَذِهِ الْأُمَّةَ قَدْ عَاثَتْ فِي دِمَائِهَا. قَالَ: فَإِنَّهُ يَعْرِضُ عَلَيْكَ كَذَا وَكَذَا، ويَطْلُبُ إِلَيْكَ وَيَسْأَلُكَ. قَالَ فَمَنْ لِى بِهَذَا: قَالَ نَحْنُ لَكَ بِهِ، فَمَا سَأَلَهُمَا شَيْئًا إِلَّا قَالَ نَحْنُ لَكَ بهِ فَصَالَحَهُ. قَالَ الْحَسَنُ الْبَصَرِيُّ: سَمِعْتُ أَبَا بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى الْمِنْبَرِ وَالْحَسَنُ بْنُ عَلِيٍّ إِلَى جَانِبِه وَهُوَ يُقْبِلُ عَلَى النَّاسِ مَرَّةً، وَعَلَيْهِ أُخْرَى وَيَقُولُ: إِنَّ ابْنِي هَذَا سَيِّدٌ وَلَعَلَّ اللَّهَ تَعَالَى أَنْ يُصْلِحَ بِهِ بَيْنَ فِئَتَيْنِ عَظِيمَتَيْنِ مِنَ الْمُسْلِمِينَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. »الْكَتَائِبُ»: جَمْعُ كَتِيبَةٌ، وَهِيَ قِطْعَةٌ مِنَ الْجَيْشِ مُجْتَمِعَة،ً وَقَوْلُهُ: «عَاثَتْ»: أَيْ أَفْسَدَتْ. «وَالْعَيْثُ»: الْفَسَادُ.

Қазақша аудармасы

Хасан Басри былай дейді: «Аллаға ант етемін, Хасан ибн Әли Муғауияны таудай төңкерілген әскермен қарсы алды. Амр ибн әл-Ас Муғауияға: “Уаллаһи, мына жасақтар қарсыластарын жоймайынша, кері шегінбейтін сияқты”, – деді. Аллаға ант етемін, екеуінің қайырлысы Муғауия еді. Ол Амрға: “Уа, Амр, мына жақ ана жақты, ана жақ мына жақты қырып салса, мұсылмандардың ісін кім жүргізеді? Олардың әйелдеріне, қорғансыз бала-шағасына кім қарайды?” – деді.

Муғауия Құрайыштың Бәну Абдушамс руынан Абдуррахман ибн Сәмура мен Абдулла ибн Амирді Хасанға жіберді. Оларға: “Осы кісіге барыңдар. Бітім ұсыныңдар, айтар сөзімізді жеткізіңдер, талабымызды қойыңдар”, – деді. Екеуі Хасанға барып, ұсыныс пен талапты жеткізді. Хасан: “Біз Абдулмутталибтің ұрпағымыз, қазынадан үлес алып келдік. Ал мына үмбет бір-бірінің қанын төкті”, – деді. Елшілер: “Муғауия сізге мынандай ұсыныстар жасап, мынадай талап қойып отыр”, – деді. Хасан: “Бұған кім кепіл?” – деп сұрады. Олар: “Біз кепілміз”, – деді. Хасан қандай шарт айтса да, екеуі оған кепіл болды. Сөйтіп, Хасан Муғауиямен бітімге келді». Хасан Басри сөзін былай жалғады: «Әбу Бәкраның (р.а.) мына сөзін естідім: “Алла елшісін (с.а.с.) мінберде көрдім. Жанында Хасан ибн Әли тұрды. Ол бірде жұртқа, бірде Хасанға қарап: ‘Мына балам – ел ағасы. Алла ол арқылы мұсылмандардың екі үлкен тобын татуластырар’, – деді”».1

Түсіндірме

1. Әзірет Хасан (р.а.) – Расулалланың (с.а.с.) немересі. Әкесі – әзірет Али, шешесі – әзірет Фатима. Расулалланың (с.а.с.) қарамағында өскен бақытты жандар. Ғибадат, тақуа, мұсылман үмбетін жақсы көру секілді қасиеттерде өзгелерден жоғары тұрған. Әкесі әзірет Али (р.а.) шейіт болғанда (һижри 40 жылы рамазанда) жұрт соған серт берген. Ант беру келісімі әкесі өлген уақыттарда тамамдалған. Серт берушілердің саны 40 мыңнан көп болғандығы айтылады. Ирак, Хорасан, Хижаз, Йемен секілді аймақтар халифалығын мойындаған. 7 ай халифалық міндетін атқарды. Шамдағы әзірет Муғауия оның билігін мойындамай, әскерін бастап жорыққа шықты. Ол да Мұғауияны күтіп алуға әскерімен қарсы бет алды. Жоғарыдағы риуаяттан да байқалғандай, әзірет Муғауия әзірет Хасанның әскерін жеңе алмайтынын түсінгенде, халифалықты кейбір шегіністермен бітім жолымен өзіне қалдыруды ұсынды. «Усдул-ғабаның» бір риуаяты бойынша, бітімге келуді әзірет Хасан ұсынған. Қысқасы, әзірет Хасан әскерлерімен мәселені кеңеседі, мұсылмандар арасында орын алған Сыффин мен Нахрауан соғыстарын, олардың ащы салдарын еске салады, бейбіт бітімге келу дұрыс болатыны жайлы сөз сөйлеп, шешім қабылдауды әскерге қалдырады. Әскерлер бітімге келуді жақтайды, осы себепті Ислам тарихында Әһл-бәйттің абыройын асырған, үмбеттің оларға деген сүйіспеншілігінің молаюына себеп болған бейбіт бітім жасалады, бұл Расулалланың (с.а.с.) алдын-ала хабар беру арқылы көрсеткен мұғжизасын тағы бір дәлелдейді. Себебі пайғамбар көзі тірісінде әзірет Хасанның (р.а.) екі ірі мұсылман әскерін соғысқа жібермей, бітімге келтіретінін қуана айтқан болатын. Кейбір риуаяттарда үмітті білдіретін لَعَلَّ сөзі қолданылса, кейбір риуаяттарда нақтылықты білдіретін сөз қолданылған.

2. Әзірет Хасанның әзірет Муғауияға серт берген уақыты талас тудырған. Һижреттің 40 жылы, рабиғул-әууалда ма, рабиғул-ахирда ма, қай күндерінде екені нақты білінбегендіктен, халифалық мерзімі 6 айдан біраз көп, 8 айға жақын делінген.

3. Хадис білдіретін пайдалар:

• Алла елшісінің (с.а.с.) мұғжизасы орын алған.

• Әзірет Хасан үмбеттің амандығы үшін биліктен бас тартып, үлкен парасат иесі екенін білдірген. Сан аздығы, дүниелік пайда үшін емес, тек Алла разылығы үшін осыған барған, бұны риуаяттар анық көрсетуде.

• Хадис әзірет Муғауия жақтың да, әзірет Хасан жақтың да мұсылман екенін қуаттап, Харижиттердің екі жақты да кәпір дегені Расулалла (с.а.с.) тарапынан жалған екені әшкереленген. Суфиян ибн Уәйна екі жақтың да мұсылман екенін қуаттайтын مِنَ الْمُسْلِمِينَ сөзіне таңданып: «Бұл бізді расында қуантты...» деген.

• Адамдар арасын жарастыру, әсіресе қан төгіске жол бермей, бейбіт бітімнің артықшылығын аңдатуда.

• Әзірет Муғауияның үмбеттің алдындағы жанашырлығы байқалып, данышпандығы мен сақтығы байқалуда.

• Өзінен артық тұрған адам болса да одан бір саты төмен тұрған адамның билікке келуіне рұқсат бар. Өйткені Сағд ибн Әбу Уаққас, Сағд ибн Зәйд секілді жұмақпен сүйіншіленген әрі Бәдірге қатысқан екі кісінің көзі тірі кезінде, артықшылық жағынан олардан төмен тұратын әзірет Муғауия мен әзірет Хасан халифа болған.

• Мұсылмандардың игілігі үшін адамның биліктен бас тартуы, сол үшін берілген малды алуына болады.

• Сыффин соғысында әзірет Алидің пікірі анағұрлым дұрыс, шындыққа жақын болса да, әзірет Али немесе әзірет Муғауияға да жақтасқысы келмей басын алып қашқандардың да пікірінің дұрыс екені мәлім. Бұдан бұрын да айтқанымыздай, Сағд ибн Әбу Уаққас, ибн Омар, Мұхаммед ибн Мәсләма, Әбу Бәкра, Усама (р.а.) т.б. осындай көзқарасты ұстанған.

• Ғалымдардың басым көпшілігі әзірет Әлиді жақтап соғысқандар да дұрыс әрекет етті деп есептеген. Олар мына аятқа сүйенген: ﴿وَإِن طَآئِفَتَانِ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ ٱقْتَتَلُوا۟ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَهُمَا فَإِنۢ بَغَتْ إِحْدَىٰهُمَا عَلَى ٱلْأُخْرَىٰ فَقَٰتِلُوا۟ ٱلَّتِى تَبْغِى حَتَّىٰ تَفِىٓءَ إِلَىٰٓ أَمْرِ ٱللَّهِ﴾ «Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, бірден араларын жарастырыңдар. Ал егер олардың бірі екіншісіне қастандықпен шабуыл жасаса, онда Алланың үкіміне мойынсұнғанға дейін сол қастандық қылған топқа қарсы бірігіп соғысыңдар»2.

Аятта шабуылдауды тоқтатпай қарсы келетін қауыммен соғысу бұйырылған. Әзірет Алимен соғысқандар қарсы келушілер деп саналған. Бұған қоса, ғалымдардың басым көпшілігі осы екі қауымнан кез келген біреуіне тіл тигізуге болмайтындығына пәтуа берген. «Ижтиһад жасады. Ижтиһадта бір жақ қателесті, бір жақ дұрыс істеді. Мұжтаһид қателігі себепті жазғырылмайды», – деген.

Ажырасу (хулғ) бөлімі

«Хулғ» немесе «халғ» сөзінің бастапқы мағынасы – «киімді шешу». Діни термин ретінде ол ерлі-зайыптылардың ажырасуының бір түрін білдіреді. Құранда ерлі-зайыптылардың бір-біріне жақындығы ﴿هُنَّ لِبَاسٌ لَّكُمْ وَأَنتُمْ لِبَاسٌ لَّهُنَّ﴾ «Олар сендер үшін киім, сендер де олар үшін дәл сондай киімсіңдер»3 деп сипатталған. Ажырасуды сол киімді шешуге ұқсатып, «хулғ» деп атаған. Көбіне әйел ажырасуды қалайды, күйеуі оған келіседі. Ажырасу шешімі әдетте ер кісінің қолында болғандықтан, әйел өтем беріп немесе алғанын қайтарып, күйеуін келісімге көндірсе, бұл «хулғ» деп аталады. Мәселен, әйел мәһірін қайтарғысы келеді, ал күйеуі мәһірдің орнына белгілі бір сома алуға келіседі. Күйеуі: «Осы соманы алу шартымен сенімен хулғ жасастым», – деп, әйелі: «Қабыл алдым», – десе, ажырасу жүзеге асады.

«Хулғ» ісі бұйрық раймен де жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, әйеліне күйеуі: «Өзіңді мұнша сомаға хулғ ет», – дейді, сонда әйелі «хулғ еттім» десе, ажырасу жүзеге асады. Ажырасу осылай (яғни, әйелдің күйеуін белгілі бір мөлшерге көндіруі жағдайымен) болу шартымен басқа сөздер де айтуға болады.

Тақырыпқа қатысты ауқымды мәлімет фиқыһ кітаптарында талақ жайлы бөлімдерде айтылады. Бұл жерде мынаны айта кеткіміз келеді: «Хулғ» арқылы ажырасуға болатынына ғұламалардың ижмағы бар. Себебі Құран кәрімде бұған рұқсат ететін аят бар».

﴿ٱلطَّلَٰقُ مَرَّتَانِ فَإِمْسَاكٌۢ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌۢ بِإِحْسَٰنٍ وَلَا يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَأْخُذُوا۟ مِمَّآ ءَاتَيْتُمُوهُنَّ شَيْـًٔا إِلَّآ أَن يَخَافَآ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَا فِيمَا ٱفْتَدَتْ بِهِۦ﴾ «Талақ кезегі екіге дейін. Сосын оны не жақсылықпен өзіне жар етіп алып қалады, не болмаса көңілін тауып, жақсылықпен қоя береді. Ажырасқан жағдайда әйелдеріңе бұрынырақта тарту еткен мәһір немесе басқа да дүние-мүліктен не нәрсе болса да қайтарып алсаңдар, ол сендерге адал болмайды. Алайда ерлі-зайыптылар Алла белгілеген шектен асып кетуден қорықса, онда үкім басқаша болады. Егер ерлі-зайыптылардың Алла белгілеген шектен асуынан қорықсаңдар, ондай жағдайда әйел күйеуінен құтылу үшін өтем төлесе, онда ерлі-зайыптылардың екеуі де күнә арқаламайды…»4

Аят әуелі қалыпты ажырасуларда әйелге берілген дүниені қайтарып алуға тыйым салады. Дегенмен әйел мен ері бір-бірінің алдындағы отбасылық борыштарды орындай алмаудан қорыққан жағдайда, әйел підия деп аталатын ажырасу төлемі секілді дүниені төлеп, ажырасуына рұқсат етілуде, «хулғ» түрінде ажырасуға мүмкіндік беріп, басты шартын білдіруде.

Ғалымдар бұл қорқу жағдайының әйелдің ер кісіден мейлі мінез не жаратылыс тұрғысынан жек көруі арқылы орын алатынын айтады. Мысалы, әйелдің: «Сен үшін жүніптіктен жуынбаймын» деген сөзін келтіреді. Бұндай сөз ажырасуды қалап, жек көруді білдіреді. Ендеше, дініміз әйел осындай қажеттілікпен ажырасуды сұрағанда, ер кісі әйеліне разы болса да, белгілі бір төлемді төлету шартымен ажырасуына болатынын білдіруде. Кейбір ғалымдар «қажетті» деген. Аталған төлемнің мөлшері анықталмаған. Мәһірден бас тарту арқылы да жүзеге асады, сондай-ақ ер кісі бергенінен де артық (қаражат, дүние) сұрауы мүмкін.

Бұхари келтірген бір риуаят бойынша, әзірет Осман: «Шашқа тағатынына дейін барлық нәрсені қайтарып ала алады» деген. Ғалымдар: «Берілген барлық нәрсені қайтарып алу дін тұрғысынан рұқсат етілгенмен, адамгершілікке жатпайды» деген. Әбу Килаба Мұхаммед ибн Сирин секілді кейбірі: «Әйелін бөтен еркекпен көрмейінше онда төлем алуы дұрыс емес» деген көзқараста. Дегенмен жумхур аят пен сүннеттегі тәжірибені негізге алған.

  1. 1Бұхари, «Сулх», 9 (№ 2704), «Манақиб», 25, «Фәдәилул-асхаб», 22, «Фитән», 20.
  2. 2«Хужурат» сүресі, 9-аят.
  3. 3«Бақара» сүресі, 187-аят.
  4. 4«Бақара» сүресі, 229-аят.