Хадис

Кутуб ситтә, № 1760

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
228. Дұғаның әдебі. Дұғаның артықшылығы мен уақыты
Нөмірі
№ 1760 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
1760
Кутуб ситтә, № 1760 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يُرَدُّ الدُّعَاءُ بَيْنَ الْأَذَانِ وَالْإِقَامَةِ. قِيلَ: مَاذَا نَقُولُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: سَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Азан мен қаматтың арасында жасалған дұға кері қайтарылмайды», – дейді.

«Уа, Алла елшісі, не деп дұға етейік?» – деп сұрағанда, ол: «Алладан дүние мен ақыреттің амандығын сұраңдар!» – деп жауап берді.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 35 (521); Тирмизи, Салат 46 (216), Дағуат 138 (3588, 3589).