Хадис

Кутуб ситтә, № 1785

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
231. Әртүрлі хадистер
Нөмірі
№ 1785 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
1785
Кутуб ситтә, № 1785 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَنْ لَمْ يَسْأَلِ اللّهَ يَغْضَبْ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Алла Өзінен сұрамағанға ашуланады», – дейді.1

Түсіндірме

Ғалымдар бұл хадисті былай түсіндіреді: «Алланың дұға етпеген адамға ашулануы – оның тәкаппарлық танытып, өзін ештеңеге мұқтаж емес санауынан. Алланың алдында мұндай қылық құлға жараспайды, оған рұқсат та жоқ». Тиби: «Алла Өзінен сұрағанды жақсы көреді. Сондықтан Өзінен сұрамаған адамға ашуланады. Мұндай жанның Құрандағы “қаһарға ұшырағандар” қатарына жататынына күмән жоқ», – дейді («Фатиха» сүресі, 7-аят).

  1. 1Тирмизи, Дағуат 3 (3370); Ибн Мәжа, «Дұға» 1 (3827).