Хадис

Кутуб ситтә, № 1792

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
232. Дұғаның түрлері. Исм-ағзам және әсма-хусна арқылы жасалатын дұғалар
Нөмірі
№ 1792 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1792
Кутуб ситтә, № 1792 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَعَا رَجُلٌ فَقَالَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّ لَكَ الْحَمْدَ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ الْمَنَّانُ، بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ، يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ، فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَتَدْرُونَ بِمَ دَعَا؟ قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَقَدْ دَعَا اللَّهَ بِاسْمِهِ الْأَعْظَمِ الَّذِي إِذَا دُعِيَ بِهِ أَجَابَ، وَإِذَا سُئِلَ بِهِ أَعْطَى». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бір адам “Уа, Алла! Бар мадақ Саған тән екенін айтып, Сенен сұраймын. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен – мол нығмет берушісің, көктер мен жерді теңдессіз жаратушысың. Уа, айбын мен жомарттық иесі, Мәңгі тірі әрі бүкіл болмысты ұстап тұрушы Алла!” – деп дұға етті. Алла елшісі (с.а.с.) “Бұл кісі нені арқау етіп сұрап тұрғанын білесіңдер ме?” – деді. Біз “Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі”, – дедік. Сонда ол: “Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Ол Аллаға Оның ең ұлық есімімен дұға етті. Сол есіммен дұға етсе, Алла жауап береді, сол есіммен сұраса, сұрағанын береді”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Дағуат 109 (Дарүссәләм басылымында № 3544), Әбу Дәуіт, Салат 358 (№ 1495), Нәсәи, Саһу 57 (3, 52).