Хадис

Кутуб ситтә, № 1806

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
234. Рүкүғ пен сәждеде оқылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1806 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
1806
Кутуб ситтә, № 1806 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا رَفعَ ظَهْرَهُ مِنَ الرُّكُوعِ قَالَ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، اللَّهُمَّ رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ مِلْءَ السَّمَاوَاتِ، وَمِلْءَ الْأَرْضِ، وَمِلْءَ مَا شِئْتَ منْ شَيْءٍ بَعْدُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Әуфа (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) рүкүғтен бойын тіктегенде “Самиғаллаһу лиман хамидаһ. Аллаһумма Раббана лакал-хамду милъас-самауати уә милъал-арди уә милъа ма шиʼта мин шайʼин бағду” дейтін. Мағынасы: “Алла Өзіне мадақ айтқанды естиді. Уа, Алла, Раббымыз! Көктер мен жер толарлық, одан әрі Өзің қалаған нәрсені толтырарлық мадақ Саған тән!”»1

  1. 1Мүслим, Салат 204, (476); Әбу Дәуіт, Салат 144, (846).