Хадис

Кутуб ситтә, № 1812

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
236. Сәлемнен кейін оқылатын дұға
Нөмірі
№ 1812 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1812
Кутуб ситтә, № 1812 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Сәубан (р.а.)

وَعَنْ ثَوْبَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا سَلَّمَ يَسْتَغْفِرُ ثَلَاثًا وَيَقُولُ: اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ، وَمِنْكَ السَّلَامُ، تَبَارَكْتَ وَتَعَالَيْتَ يَا ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сәлем беріп, намазын аяқтаған соң үш рет кешірім тілейтін де, “Аллаһумма антас-саламу уә минкас-салам, табаракта уә тағалайта, йа зал-жалали уәл-икрам” дейтін. Мағынасы: “Уа, Алла! Сен – Сәләмсің. Есендік Сенен келеді. Сен аса берекелі әрі асқақсың, уа, айбын мен жомарттық Иесі!”»1

Түсіндірме

1. Мүслим риуаятының жалғасында мынадай қосымша сөздер бар: Уәлид былай дейді: «Әузағидан «хадисте айтылған истиғфарды қалай жасаймыз?» – деп сұрадым. Маған «Астағфируллаһ, астағфируллаһ» деп айтасың» деп жауап берді».

2. Сәлем – Алланың есімдерінен. Хадисте «Я, Алла! Сен күллі кемшілік атаулыдан пәксің» деген. «Сәлемет те сенен» сөзі де «Адамдарға сәлеметті сен бересің, қаласаң сен аласың, сәлеметтің болуы да, болмауы да сенен» деген мағынаны білдіреді.

«Тәбәракта» мүбәрак болдың, таза болдың деген мағыналарға саяды. Бұл сөздің түбірі берекет. Ал берекет – көбею, арту деген мағыналарды білдіреді. «Жәләл және кәміл сипаттарыңның көптігінің себебінен кемшін сипаттардан аулақсың, ұлысың» деп түсіндірме жасауға да болады.

Қорыта айтқанда, сәлем берген соң оқылатын бұл дұға – Алланы мадақтау мен пәктеу үшін айтылады.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид 135 (№ 591), Тирмизи, Салат 224 (№ 300), Әбу Дәуіт, Салат 360 (№ 1513), Нәсәи, Саһу 80 (3, 68). Мүслим мен Нәсәидің риуаяттарында «وَتَعَالَيْتَ» (“әрі асқақсың”) сөзі келмейді. Ибраһим Жанан келтірген нұсқада бар.