Хадис

Кешке және таңертең жасалатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 238-тарау · 3 хадис · № 1817–1819

Хадистер

1817
Кутуб ситтә, № 1817 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ إِذَا أَمْسَى:أَمْسَيْنَا وَأَمْسَى الْمُلْكُ لِلَّهِ وَالْحَمْدُ للّهِ. لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ. لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. رَبِّ أَسْأَلُكَ خَيْرَ مَا فِي هَذِهِ اللَّيْلَةِ، وَخَيْرَ مَا بَعْدَهَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ هَذِهِ اللَّيْلَة. وَشَرِّ مَا بَعْدَهَا. رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ وَسُوءِ الْكِبَرِ. رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابٍ فِي النَّارِ، وَعَذَابٍ فِي الْقَبْرِ، وَإِذَا أَصْبَحَ قَالَ ذَلِكَ: أَصْبَحْنَا وَأَصْبَحَ الْمُلْكُ لِلَّهِ وَالْحَمْدُ للّهِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) кеш батқанда мынаны дұғаны оқитын: “Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болып кеш батырдық. Бар мақтау мен сансыз шүкір Аллаға тән. Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ). Бүкіл билік пен барша мадақ Аллаға ғана тән. Сондай-ақ Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Уа, Раббым, бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің (тек қана) жақсылығын тілеймін. Сондай-ақ бір Өзіңнен осы түннің әрі осыдан кейінгі түндердің жамандығынан сақтай гөр деп, пана тілеймін! Уа, Раббым, жалқаулық пен кәріліктің ауыртпалығынан бір Өзің сақтай гөр! Уа, Раббым, тозақтағы әрі қабірдегі азаптан бір Өзің сақтай гөр!”»

Ибн Мәсғуд (р.а.) сөзін жалғастырып, Алла елшісінің (с.а.с.) таң атқанда: «Аллаға мадақ болсын! Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Аллаға тән күйде таң атырдық!»1

  1. 1Мүслим, Зикр 75, (2723); Тирмизи, Дағуат 13, (3387); Әбу Дәуіт, Әдәб 110, (5071).
1818
Кутуб ситтә, № 1818 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ أَبِي سَلَامٍ عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: مَنْ قَالَ إِذَا أَصْبَحَ وَإِذَا أَمْسَى: رَضِينَا بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وبِمُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَسُولًا، كَانَ حَقًّا عَلَى اللَّهِ أَنْ يُرْضِيَهُ». وَزَادَ رَزِينٌ: «يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләм, әзірет Әнәстан (р.а.) риуаят етеді: «(Мен) Расулалланың (с.а.с.) былай айтқанын естідім: “Кімде-кім кешке және таңға жеткенде: ‘Раб ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға, елші ретінде Мұхаммедке (с.а.с.) разы болдық’ деп айтса, оны разы ету де Аллаға хақ болады”». «Рәзин бұл дұғаға: “Қиямет күні” деген сөзді қосады».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 110 (№ 5072), Ибн Мәжа, Дұға 14 (№ 3870).
1819
Кутуб ситтә, № 1819 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ غَنَّامٍ الْبَيَاضِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ قَالَ حِينَ يُصْبِحُ: اللَّهُمَّ مَا أَصْبَحَ بِي مِنْ نِعْمَةٍ أَوْ بِأَحَدٍ مِنْ خَلْقِكَ فَمِنْكَ وَحْدَكَ لَا شَرِيكَ لَكَ، لَكَ الْحَمْدُ، وَلَكَ الشُّكْرُ. فَقَدْ أَدَّى شُكْرَ يَوْمِهِ، وَمَنْ قَالَ مِثْلَ ذَلِكَ حِينَ يُمْسِي فَقَدْ أَدَّى شُكْرَ لَيْلَتِهِ». أَخْرَجَهُما أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Ғаннам әл-Баязи (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім таңертең “Уа, Алла! Маған немесе жаратқандарыңның біріне осы таңдағы қандай нығмет жетсе де, ол бір Өзіңнен. Серігің жоқ. Мадақ та, шүкір де Саған тән” десе, сол күнінің шүкірін өтегені. Кім кешке де осылай десе, сол түнінің шүкірін өтегені».1

Түсіндірме

Хадис таңнан кешке, кештен таңға жеткен кісінің Аллаға шүкіру ету борышы бар екендігін білдіреді. Бұл борыштың өтелуі үшін Алла елшісінің (с.а.с.) оқуға кеңес берген дұғасы бізге берілген нығметтердің Алла тарапынан келгендігін білуден, оны тілмен білдіруден тұрады.

Мадақ мен шүкір мағына тұрғысынан бір-біріне жақын. «Ниһая» кітабында айтылғанға қарасақ, мадақ – шүкірге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Адамның көркем сипаттары мен жасаған жақсылықтарының себебінен оған мадақ айтуы мүмкін. Бірақ шүкір тек жасалған жақсылық үшін айтылады. Көркем сипаттар үшін айтылмайды. Демек, шүкір тілімізде – жасалған бір жақсылыққа, берілген бір нығметке сөзбен, іспен және ниетпен жауап беру. Жақсылыққа кенелген адам өзіне жақсылық жасаушыға тілімен алғысын айтып, нығметтің негізгі иесінің Жаратушысы екендігін біледі. Міне, шынайы шүкір осылай жасалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 110, (5073).