Хадис

Кутуб ситтә, № 1819

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
238. Кешке және таңертең жасалатын дұғалар
Нөмірі
№ 1819 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
1819
Кутуб ситтә, № 1819 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ غَنَّامٍ الْبَيَاضِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ قَالَ حِينَ يُصْبِحُ: اللَّهُمَّ مَا أَصْبَحَ بِي مِنْ نِعْمَةٍ أَوْ بِأَحَدٍ مِنْ خَلْقِكَ فَمِنْكَ وَحْدَكَ لَا شَرِيكَ لَكَ، لَكَ الْحَمْدُ، وَلَكَ الشُّكْرُ. فَقَدْ أَدَّى شُكْرَ يَوْمِهِ، وَمَنْ قَالَ مِثْلَ ذَلِكَ حِينَ يُمْسِي فَقَدْ أَدَّى شُكْرَ لَيْلَتِهِ». أَخْرَجَهُما أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Ғаннам әл-Баязи (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім таңертең “Уа, Алла! Маған немесе жаратқандарыңның біріне осы таңдағы қандай нығмет жетсе де, ол бір Өзіңнен. Серігің жоқ. Мадақ та, шүкір де Саған тән” десе, сол күнінің шүкірін өтегені. Кім кешке де осылай десе, сол түнінің шүкірін өтегені».1

Түсіндірме

Хадис таңнан кешке, кештен таңға жеткен кісінің Аллаға шүкіру ету борышы бар екендігін білдіреді. Бұл борыштың өтелуі үшін Алла елшісінің (с.а.с.) оқуға кеңес берген дұғасы бізге берілген нығметтердің Алла тарапынан келгендігін білуден, оны тілмен білдіруден тұрады.

Мадақ мен шүкір мағына тұрғысынан бір-біріне жақын. «Ниһая» кітабында айтылғанға қарасақ, мадақ – шүкірге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Адамның көркем сипаттары мен жасаған жақсылықтарының себебінен оған мадақ айтуы мүмкін. Бірақ шүкір тек жасалған жақсылық үшін айтылады. Көркем сипаттар үшін айтылмайды. Демек, шүкір тілімізде – жасалған бір жақсылыққа, берілген бір нығметке сөзбен, іспен және ниетпен жауап беру. Жақсылыққа кенелген адам өзіне жақсылық жасаушыға тілімен алғысын айтып, нығметтің негізгі иесінің Жаратушысы екендігін біледі. Міне, шынайы шүкір осылай жасалады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Әдәб 110, (5073).