Хадис

Кутуб ситтә, № 1820

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
239. Ұйықтар алдында және оянғанда айтылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1820 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1820
Кутуб ситтә, № 1820 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَوَى إِلَى فِرَاشِهِ قَالَ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا، وَكَفَانَا وآوَانَا فَكَمْ مَنْ لَا كَافِيَ لَهُ، وَ لَا مُؤْوِيَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) ұйықтар кезде мына дұғаны оқитын: “Бізді тамақтандырып, шөлімізді қандырған, қажеттіліктерімізді орындап, бізді панасына алған Аллаға мадақ болсын! Қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, паналайтын ешкімі жоқ қанша адам бар!”»1

  1. 1Мүслим, Зикр 64, (2715); Тирмизи, Дағуат 16, (3393); Әбу Дәуіт, Әдәб 107, (5053).