Хадис

Қиындық пен қайғыда оқылатын дұғалар

Кутуб ситтә, 5-том, 243-тарау · 7 хадис · № 1839–1845

Хадистер

1839
Кутуб ситтә, № 1839 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Сағд (р.а.)

عَنْ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: دَعْوَةُ ذِي النُّونِ إِذْ دَعَاهُ فِي بَطْنِ الْحُوتِ: لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ. مَا دَعَا بِهَا أَحَدٌ قَطُّ إِلَّا اسْتُجِيبَ لَهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Сағд (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Зун-Нун балықтың қарнында жатып: Лә иләһә иллә әнтә, субханака, инни кунту миназ-залимин ﴿لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ﴾ “Сенен басқа тәңір жоқ! Сен мінсізсің! Мен расында өз-өзіне қиянат жасаған залымдардың бірі болыппын!”1 деп дұға еткен. Осы дұғаны айтқан адамның тілегі жауапсыз қалмайды».2

Түсіндірме

Зун-Нун – Юнус пайғамбардың (а.с.) лақап аты. Оны «Сахибул-хут» деп те атайды. Екі атау да «балық иесі» деген мағына береді. Юнусты бір балық жұтып қойғандықтан, ол осылай аталған.

Юнус пайғамбарды (а.с.) Ибн Мәтта, яғни Мәттаның ұлы деп те атайды. Ол Нинова қаласынан шыққан. Пайғамбарлық оған отыз жас шамасында берілген. Мол байлық пен сән-салтанатқа бөленген қауымы тура жолдан тайып, пұтқа табынды. Юнустың ақиқатқа шақырған үндеуіне құлақ аспады. Ол табандылықпен отыз үш жылдай еңбектенсе де, соңынан екі-ақ адам ерді. Елінің осы халіне күйінген Юнус (а.с.) қаладан кетуге бел буып, Алланың рұқсатын күтпей жолға шықты. Пайғамбарлар мұндай маңызды шешімді Алла тағаланың рұқсатымен қабылдауы керек еді.

Қаладан шыққан Юнус теңіз жағасына барып, жүзгелі тұрған кемеге мінді. Біраз жүргенде кеме бұзылып, ілгері де, кейін де жылжи алмай қалды. Кемедегілер оны қанша жөндесе де, әрекеттерінен түк шықпады. Үстіне алапат дауыл көтерілді. Суға бату қаупі төнгенде жолаушылар абдырап, не істерін білмей қалды. Олар бұл жайтты сәтсіздікке жорып: «Арамызда ауыр күнә істеген біреу бар», – деді. Қатерден құтылу үшін сол адамды жеребемен анықтамақ болды. Жеребе Юнусқа (а.с.) түсті. «Бұл – ізгі адам. Жеребеден қате кетті», – деп оны үш мәрте тартқаны риуаят етіледі. Әр жолы жеребе Юнусқа түсті.

Ақыры Юнус пайғамбарды асау толқын билеген қараңғы теңізге тастады. Артынша оны бір балық жұтып қойды («Саффат» сүресі, 142-аят).

Балықтың қарнында тірі қалған Юнус (а.с.) өз жаңылығын аңғарып, жоғарыдағы дұғаны шын ықыласымен айтты. Алла тағала оның тілегін қабыл алып, балыққа Юнусты жағаға шығаруды бұйырды. Қараңғы түнде асау толқынға тасталып, балық жұтып қойған Юнус осылайша аман құтылды.

Құранда бұл жайында ﴿فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ ۝ لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ﴾ «Егер ол Раббысын үнемі ұлықтап, дәріптейтін жан болмағанда, өлілер қайта тірілтілетін күнге дейін сол балықтың қарнында қалар еді.» делінген («Саффат» сүресі, 143–144-аяттар).

  1. 1«Әнбия» сүресі, 87-аят.
  2. 2Тирмизи, «Дағауат», № 3505 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3500).
1840
Кутуб ситтә, № 1840 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ عِنْدَ الْكَرْبِ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ. لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ. لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَاوَاتِ، وَرَبُّ الْأَرْضِ، وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ، وَاللَّفْظُ لَهُمَا وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) қысылғанда мына дұғаны оқитын: “Ұлы әрі ұстамды Алладан басқа тәңір жоқ. Ұлы Арштың Раббысы Алладан басқа тәңір жоқ. Көктердің, жердің және ардақты Арштың Раббысы Алладан басқа тәңір жоқ”»1.

  1. 1Бұхари, «Дағауат», № 6345. Мүслим, «Зікір», № 2730. Тирмизи, № 3435. Ибн Мәжа, № 3883.
1841
Кутуб ситтә, № 1841 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.)

وَعَنِ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ يَوْمِ الْمَسْجِدَ، فَإذَا هُوَ بِرَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ يُقَالَ لَهُ أَبُو أُمَامَةَ، فَقَالَ: يَا أَبَا أُمَامَةَ مَا لِي أَرَاكَ جَالِسًا فِي الْمَسْجِدِ فِي غَيْرِ وَقْتِ صَلَاةٍ؟ قَالَ: هُمُومٌ لَزِمَتْنِي، وَدُيُونٌ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَ أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ إِذَا قُلْتَهُنَّ أَذْهَبَ اللَّهُ عَنْكَ هَمَّكَ، وَقَضَى دَيْنَكَ؟ قَالَ: قُلْتُ بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: قُلْ إِذَا أَصْبَحْتَ وَإِذَا أمْسَيْتَ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالكَسَلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الجُبْنِ وَالبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلبَةِ الدَّيْنِ، وَقَهْرِ الرِّجَالِ، فَقُلْتُ ذَلِكَ فَأذْهَبَ اللَّهُ عَنِّي غَمِّي، وَقَضَى دَيْنِي». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір күні мешітке кіргенде, Әбу Умама есімді ансарлық кісіні көріп, одан:

– Уа, Әбу Умама! Намаз уақыты болмаса да мешітте отырсың. Мұның себебі не? – деп сұрады.

– Уа, Алла елшісі! Уайым мен қарыздан арыла алмай жүрмін, – деді ол. Алла елшісі (с.а.с.):

– Саған бірнеше сөз үйретейін бе? Соларды айтсаң, Алла уайымыңды сейілтіп, қарызыңның өтелуін нәсіп етеді, – деді.

– Иә, уа, Алла елшісі, үйретіңіз, – деді Әбу Умама.

– Ендеше, таң атқанда және кеш батқанда: “Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан Өзіңе сиынамын. Дәрменсіздік пен жалқаулықтан Өзіңе сиынамын. Қорқақтық пен сараңдықтан Өзіңе сиынамын. Қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын”, – де, – деді».

Әбу Умама: «Осы дұғаны оқыдым. Алла уайымымды сейілтіп, қарызымды өтетті», – дейді1.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 367, (1555).
1842
Кутуб ситтә, № 1842 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «جَاءَتْ فَاطِمَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ تَسْأَلُهُ خَادِمًا، فَقَالَ لَهَا قُولِي: اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ، ورَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، مُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْفُرْقَانِ، فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى. أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شَيْءٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ. أَنْتَ الْأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ: اقْضِ عَنِّي الدّيْنَ، وَأَغْنِنِي مِنَ الْفَقْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Фатима (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, өзіне қызметші сұрады. Алла елшісі оған мына дұғаны айтуды үйретті: “Уа, Алла! Жеті қат көктің және Ұлы Арштың Раббысы! Біздің Раббымыз әрі барша нәрсенің Раббысы! Тауратты, Інжілді және Фурқанды түсірген, дән мен сүйекті жарып өсірген Алла! Тізгіні Өзіңнің қолыңдағы барша нәрсенің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Сен – Әуелгісің, Сенен бұрын ештеңе жоқ. Сен – Ақырғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ. Сен – Заһирсың, Сенен жоғары ештеңе жоқ. Сен – Батынсың, Сенен жақын ештеңе жоқ. Қарызымды өтеп, кедейліктен құтқара гөр”»1.

  1. 1Тирмизи, «Дағауат», № 3481 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 3477). Ибн Мәжа, «Дұға», № 3831.
1843
Кутуб ситтә, № 1843 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَرَبَهُ أَمْرٌ يَقُولُ: يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ، وَقَالَ: ألِظُّوا بِيَاذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَمَعْنَى «أَلِظُّوا» الْزَمُوا ذَلِكَ، وَثَابِرُوا عَلَيْهِ، وَأَكْثِرُوا مِنَ التَّلَفُّظِ بِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір іс көңілін қинағанда: “Я Хаййу, я Қаййум, бирахматика әстағису”, яғни “Уа, Мәңгі тірі, бүкіл болмысты ұстап тұрған Раббым! Рақымыңмен жәрдем беруіңді сұраймын”, – деп дұға ететін». Сондай-ақ ол: «“Я Зәл-жәләли уәл-икрам”, яғни “Уа, ұлылық пен жомарттықтың Иесі!” деген сөзді үзбей айтыңдар», – деген.1

Түсіндірме

Екінші сөз – Алла елшісінің (с.а.с.) дұға әдебі жөніндегі кеңесі. Ол дұға еткенде «Я Зәл-жәләли уәл-икрам» деген жалбарынуды жиі қайталауға үндеген. Тирмизиде бұл сөздер Әнәстен жеткен екі іргелес риуаятта берілген.

  1. 1Тирмизи, «Дағауат», № 3524–3525 (Ибраһим Жанан № 3522 деп көрсеткен).
1844
Кутуб ситтә, № 1844 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әсма бинт Умайс (р.а.)

وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ عُمَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَلَا أُعَلِّمُكِ كَلِمَاتٍ تَقُولِينَهُنَّ عِنْدَ الْكَرْبِ؟ اللَّهُ اللَّهُ رَبِّي لَا أُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Умайс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) менен: “Қиналғанда айтатын бірнеше сөз үйретейін бе?” – деп сұрады да: “Аллаһу, Аллаһу рабби, лә ушрику биһи шәйән”, яғни “Алла, Алла – менің Раббым. Оған ештеңені серік қоспаймын”, – деді»1.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 361, (1525), ибн Мәжа, дұға 17, (3882).
1845
Кутуб ситтә, № 1845 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَنْ كَثُرَ هَمُّهُ فَلْيَقُلِ: اللَّهُمَّ إِنِّي عَبْدُكَ، وَابْنُ عَبْدِكَ، وَابْنُ أُمَّتِكَ، وَفِي قَبْضَتِكَ، نَاصِيَتِي بِيَدِكَ، مَاضٍ فِيَّ حُكْمُكَ عَدْلٌ فِيَّ قَضَاؤُكَ. أَسْأَلُكَ بِكُلِّ اسْمٍ هُوَ لَكَ سَمَّيْتَ بِهِ نَفْسَكَ، أَوْ أَنْزَلْتَهُ فِي كِتَابِكَ، أَوْ اسْتَأْثَرْتَ بِهِ فِي مَكْنُونِ الْغَيْبِ عِنْدَكَ أَنْ تَجْعَلَ الْقُرآنَ رَبِيعَ قَلْبِي وَ جَلَاءَ هَمِّي وَغَمِّي، مَا قَالَهَا عَبْدٌ قَطُّ إِلَّا أَذْهَبَ اللَّهُ غَمَّهُ وَأَبْدَلَهُ فَرَحًا».«اسْتِئْثَارٌ» بِالشَّيْءِ التَّخَصُّصُ بِهِ وَالِانْفِرَادُ، وَقَوْلُهُ«أَنْ تَجْعَلَ الْقُرآنَ رَبِيعَ قَلْبِي» شُبِّهَ بِالرَّبِيعِ مِنَ الزَّمَانِ لِارْتِيَاحِ الْإِنْسَانِ فِيهِ وَمَيْلِهِ إِلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Уайымы көбейген адам мына дұғаны айтсын: “Уа, Алла! Мен Сенің құлыңмын, құлың мен күңіңнің ұлымын. Сенің құзырыңдамын, тізгінім Өз қолыңда. Маған шығарған үкімің күшінде, маған жазған тағдырың әділ. Өзіңе қойған, Кітабыңда түсірген немесе Өзің ғана білетін ғайыпта сақтаған әрбір есіміңмен Сенен Құранды жүрегімнің көктемі етіп, уайымым мен қайғымды сейілтуін сұраймын”».

Ол: «Осы дұғаны айтқан әрбір құлдың қайғысын Алла сейілтіп, орнына қуаныш сыйлайды», – деген1.

Түсіндірме

1. «Тәйсирде» бұл риуаят мауқуф түрде, яғни Ибн Мәсғудтың (р.а.) өз сөзі ретінде берілген. Ал Хаким «Мүстадракта» оны Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі ретінде жеткізген. Бұл – риуаяттың марфуғ нұсқасы.

2. Құранды «жүректің көктемі» етуді тілеу – жанның Құраннан жай тауып, оны ықыласпен оқуын сұрау. Жүрек көктемде жадырап, сол бір мезгілді қимайтыны секілді, Құраннан медет тапқан жан да одан айырылғысы келмейді.

  1. 1Рәзиннің қосымшасы. «Мәжмағ әз-зауаид», 10/136. Хаким, «Мүстадрак», 1/509.