عَنْ مَالِكٍ: «أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا وَضَعَ رِجْلَهُ فِي الْغَرْزِ وَهُوَ يُرِيدُ السَّفَرَ يَقُولُ: بِسْمِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِي السَّفَرِ وَالْخَلِيفَةُ فِي الْأَهْلِ، اللَّهُمَّ ازْوِ لَنَا الْأَرْضَ، وَهَوِّنْ عَلَيْنَا السَّفَرَ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمُنْقَلَبِ، وَمِنْ سُوءِ الْمَنْظَرِ فِي الْمَالِ وَالْأَهْلِ».الْغَرْزُ«: رِكَابُ الرَّحْلِ مِنْ جِلْدٍ، »وَالزّيُّ«: الطَّيُّ وَالْجَمْعُ، »وَوَعْثَاءُ السَّفَرِ«: تَعَبُهُ وَمَشَقَّتُهُ، »وَكَآبَة الْمُنْقَلَبِ«: الْحُزْنُ، وَالْمُنْقَلَبُ: الْمَرْجِعُ.
Имам Мәликке жеткен хабарда Алла елшісі (с.а.с.) сапарға аттанарда аяғын үзеңгіге салғанда мына дұғаны оқыған: «Алланың атымен! Уа, Алла! Сапарда серігім де, отбасымның қамқоршысы да Сенсің. Уа, Алла! Жолымызды қысқарт, сапарымызды жеңілдет. Уа, Алла! Сапардың машақатынан, қайғымен оралудан және мал-мүлкім мен отбасыма келер жамандықтан Өзіңе сиынамын».1
Түсіндірме
1. Алланың сапарда жолдас, үйде өкіл ретінде айтылуы – ешбір жер оның әмірі мен үкімінен тыс қалмайтынын, барлық жерде мүмінге жәрдем беретіндігін білдіреді. Сондықтан Алла Тағала жолаушыға сапар кезінде амандық, саулық, ризық, көмек сынды әртүрлі нығметтермен көмек беру арқылы бірге болады. Мүмін өміріндегі әр жақсылықты Алладан деп біліп, әрдайым оның жәрдемін сезеді. Тіпті сапарда да. Жолаушы өзі тастап бара жатқан отбасы да Алланың бақылауы мен жәрдемінде екендігін білгендіктен, сапарын еш уайымсыз жалғастырады.
2. «Бізге жерді бүкте» сөйлемі сапардың жылдам аяқталуы үшін жасалған дұға, «Жер» деген сөзбен жол айтылған. Сапардың еш кедергісіз, жеңіл өтуі жылдам аяқталуына сеп болады. Ал жеңілдетудегі мақсат – қиындыққа душар болмау.
3. Қайғымен оралу дегенде – сапар кезінде қайғы беретін жағдайларға кезікпеу көзделген. Бұл ауыр жағдайлардан туған қиындық емес, адамның жүрегіне мұң беріп, қайғыға батыратын жайттар. Алла елшісі (с.а.с.) осындай жайттардан өзі тастап бара жатқан мал-мүлкі мен отбасының басына түсуі мүмкін қиындықтардан сиынғаны секілді жалбарынған.
- 1Муатта, Истизан 34, (2, 977).