Хадис

Кутуб ситтә, № 1838

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
242. Сапарда оқылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1838 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
1838
Кутуб ситтә, № 1838 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Хаула бинт Хаким (р.а.)

وَعَنْ خَوْلَةَ بِنْتِ حَكِيمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ نَزَلَ مَنْزِلًا فَقَالَ: أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ لَمْ يَضُرُّهُ شَيْءٌ حَتَّى يَرْتَحِلَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хаула бинт Хаким (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кім бір жерге аялдағанда “Ағузу бикалиматиллаһит-таммати мин шарри ма халақ”, яғни “Алланың кәміл сөздерімен Оның жаратқандарының жамандығынан пана тілеймін” десе, сол жерден аттанғанша оған еш нәрсе зиян тигізбейді».1

Түсіндірме

«Кәміл сөздер» тіркесімен Құран Кәрім де меңзелуі мүмкін екені жоғарыда, №1825 хадистің түсіндірмесінде, айтылды.

  1. 1Мүслим, Зикр 54 (№ 2708), Муатта, Истиғзан 34 (2, 978), Тирмизи, Дағуат 41 (№ 3433).